Дарии патшадағы Македонский


План Александрии Египетской, столицы птолемеевского Египта



бет2/3
Дата18.11.2022
өлшемі44,45 Kb.
#158858
1   2   3
Байланысты:
Эллинизм Эллада мәдениеті
Ежелгі Грек мәдениеті. Гомер кезеңі
План Александрии Египетской, столицы птолемеевского Египта
Сонымен Шығыстың ежелгі мәдениетімен жанасу жағдайында грек мәдениеті жаңа сатыға көтерілді. Жаңа мемлекеттер өзінің күш-қуатын орнықтыру мақсатында бұрын-соңды болып көрмеген көлемде қалалар салу ісін қолға алды. Ел билеушілері өз сарайларының сән-салтанатына ерекше мән берді және өз үстемдіктері мен даңқын арттыру үшін өз маңына өнер мен ғылым өкілдерін топтастырып, өз сарайларын мәдени орталыққа айналдыруға барынша күш салды. Жер-жерден жиналған ірі ғалымдар мемлекет есебінен ғылыми жұмысстар жүргізді. Сондай ғалымдардың, өнер адамдарының ең көп шоғырланған жерлерінің бірі — Алексаңдриядағы патша сарайындағы ғылыми орталық болып саналатын Мусейон болды. Бүгінгі «музей» сөзінің шығу тегі осы муза ордасымен сабақтас. Мұнда Архимед, Эвклид сияқты талай ғұлама адамдар ғылыми жұмысстармен айналысты. Муздар храмы тез арада халықаралық академияға, ірі ғылыми мәдени орталыққа айналды. Бұл дәуірдегі ғылыми жаңалықтардың басым көпшілігін Александрия ғалымдары ашты. Мысалы, Эвклид геометрияның бастауы туралы еңбек жазды, Гиппарх іргелі жұлдыз каталогын құрастырды, географ Эратосфен жер шеңберін біршама дәл анықтады, астроном Аристрих Самоский тұңғыш рет жер мен планеталар күнді айналады деген данышпандық болжам айтты. Ең бастысы — Александрияда дүние жүзіндегі кітаптардың басым көпшілігі шығарылды, дәлірек айтқанда, ғылымның барлық саласынан шығармалар жинақталған 700 мың папирус орамы бар өйгілі кітапхана орналасты.

Біздің ойымызша, эллинизм өнерін бірыңғай тұтас өнер деп қарастыруға болмас. Өйткені, бұл дәуірде Александрияда, Пергамда, Грекияда, Родос аралында, Сирия қалаларында дербес өнер дөстүрлері болды. Бірақ оған қарамастан сәулет, мүсін және сурет өнерлері бүкіл орасан зор эллиндік дүниеде гүлдене берді. Біздің заманымызға дейінгі II ғасыр өмір сүрген атақты мүсінші Александр (Агесандр)дың қолынан шыққан Париждегі Лувр музейінің мақтанышы «Милос Венерасы» деген атпен тарихқа енген Афродитаның мүсіні қазір бүкіл дүние жүзіне белгілі болып отыр. Бұл мүсіннің өн бойында грек өнерінің ғасырлар бойғы үздік жетістіктері ғажайып үндестік тапқан. Махаббат құдайының бұл сырлы бейнесі өзінің маңғаздылығымен де, нөзіктігімен де көрген адамды бірден баурап алады. Әлемнің жеті ғажайыптарының қатарындағы «Александрия шырағы» эллинистік дүниенің сауда жолдарының орталығымен қатар, эллинизм мәдениетінің ордасы болғандықтан «Жаңа Афины» деген атаққа ие болған Александрияда тұрғызылды. Бұл жағдай эллинизм дәуіріне біртұтас жобамен салынған алғашқы қалалардың бірі болып саналатын Александрияның даңқын одан әрі арттыра түсті. Шырақ биіктігі 120 метрлік, үш қабатты мұнара сияқтанып салынды, ұшар басында теңіз әміршісі Пассейдонның қола мүсіні орналастырылды. Шырақтың айналып тұратын жүйесі күмбезде жанған оттың жарығын одан әрі күшейте түскен, соның арқасында от 60 шақырым жерден көрінетін болған. Пырақ Александрияның әрі бекінісі, әрі қарауыл мұнарасы болған, мұнараға астрономиялық жабдықтар, желбағар (флюгер), сағат орнатылған. Рим империясы құлағаннан кейін шырақ төңірегіне жарық шашуын тоқтатты, ең соңыңда жер сілкінісінен күйреді. Көне шырақтың қалдықтарын кейіннен түріктер бекіністер салуға пайдаланған, ол бекіністі қазіргі уақытта да көруге болады.

Грек өнерінің соңғы айтулы мәдени ескерткішінің бірі — Троялық абыз Лаокоон мен оның балаларының апат болуын бейнелейтін мүсіндер тобы. Бұл таңғажайып өнер туындысын жасаушылар родостық шеберлер — Агесандр, Полидор және Афанодор болды. Мүсін сюжеті Трояның күйреуі жөніндегі аңызхикаядан алынған.

Эллинизм дәуірінде дін саласында жаңа құбылыстар байқалды. Солардың бірі кейбір ежелгі шығыс елдеріне төн, патшаны құдай дөрежесінде мадақтауға негізделген — монархтарға табынушылық болды. Патшалық етуші монархтар мен олардьщ әйелдері құдайлар деп таныльш, оларға құдайлардай сый-құрмет көрсетіліп, храмдар салынды. Эллинистік діннің екінші бір белгісі — «Тағдырға табынушылық» адамдарға үстемдік етуші табиғат пен қоғамның сұрапыл күштері жайындағы гректердің ескілікті ұғымдарымен байланысты өмірге келді. Бірақ эллинистік дінге ерекше тән қасиет — синкретизм еді (гректік және шығыстың діни ұғымдарының түрлі элементтерінің өзара араласып кетуі).



Қорыта келгенде, ежелгі грек мәдениетінің шұғыласы антика өркениетінен анағұрлым кеш пайда болып, ғасырлар бойы өз сәулесін түсіріп келеді. Біздің заманымызға дейінгі ГУ ғасырда пайда болған эллинистік мемлекеттер көп уақыт өмір сүрген жоқ, өйткені біздің заманымызға дейінгі II—I ғасыр өзінде-ақ олардың көпшілігін құлиеленушілік Римнің қалың қолы жаулап алды. Дәл осы тұстан бастап қазіргі Италия мемлекетінің жері көне мәдениеттің орталығына айналды. Сөйтіп антика өнерінің жаңа тарауы болып есептелетін Ежелгі Рим мәдениеті басталды.[1]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет