Құрал-жабдықтар мен әдістемелік материалдар: оқулық, бастауыш сынып математика стандарты мен бағдарламасы.
Әдістер: топтық жұмыс, кластер әдісі
Жұмысты орындау тәртібі
Тапсырма 1. Мына сөздерге глоссарий құру, дәптерге жазбаша орындап, ауызша қорғайды (4 топ құрылады).
1) Математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы.
2) Оқытудың әдіс-тәсілдері.
3) Оқытудың құрал-жабдықтары.
Тапсырма 2. Студенттер 4 топқа бөлініп, А4 форматқа маркермен бақылау сұрақтарына кластер құрастырады.
Бақылау сұрақтары
Математиканы оқыту теориясы мен технологиясының математика және логикамен байланысы.
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі ғылым ретінде.
Математиканы оқыту әдістемесінің обьектісі.
МОӘ-нің міндеттері мен әдістері.
БММОТТ-нің пәні.
МОӘ-нің басқа ғылымдармен байланысы.
Бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың міндеті, мақсаты және мазмұны.
Достарыңызбен бөлісу: |