Сабақтың тақырыбы : ms excel бағдарламасын қорытындылау Сабақтың мақсаты: а бiлiмдiлік



Дата29.01.2018
өлшемі423,07 Kb.
#35814
түріСабақ
Асамбаева А.Ж.,

Ақши орта мектебінің математика және информатика пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: MS Excel бағдарламасын қорытындылау

Сабақтың мақсаты:

а) бiлiмдiлік: EXCEL бағдарламасындағы негізгі ұғымдармен, терезе интерфейсінің элементтерімен таныстыру. Жұмыстық беттерімен әрекет жүргізуге үйрету;

ә) дамытушылық: Өз жұмысында компьютердің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы қызығушылықтарын арттыру, оқушының өзіне деген сенімділігін ұялату.

б) тәрбиелiк: компьютерлік сауаттылығын , ақпараттық мәдениетін арттыру, оқушының өз ойын жүйелі түрде ашық айта алуы..
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары,топпен жұмыс-коллаборатив әдісі,кластер,блум әдісі,БББ әдіс.

Пәнаралық байланыс: математика, ағылшын;

Сабақтың көрнекiлiгi: МS Exсel терезесі, электрондық оқулық, интерактивті тақта, карточкалар.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен сәлемдесу;

  • Оқушыларды түгендеу;

  • Олардың құрал-жабдықтарын және сабаққа дайындықтарын тексеру;

  • Шаттық шеңбері (тілек тілеу)

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын, өту ерекшеліктерін хабарлап, сабаққа кірісу.


ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі

Электрондық кесте – бұл сандық мәліметтерді өңдеуге оларды кестелерде түрлендіріп сақтауға негізделген диалогтық режимде жұмыс жасайтын бағдарлама


Электрондық кесте жол мен бағаннан тұрады. Бағандар тақырыбы әріптерден (А, В,С,...) белгіленсе, ал жолдар тақырыбы (1, 2, 16,...) сандармен белгіленеді.

Бағандар мен жолдардың қиылысы ұяшық деп аталады. Жұмыс парағы – бұл Excel-де деректерді өңдеу мен сақтауда қолданылатын құжаттың негізгі типі. Әр бір жұмыс парағы 256 бағаннан және 65536 жолдан тұрады.



Кестенің әрбір ұяшығының өзіндік адресі болады. Ұяшықтың адресі бағандар мен жолдардың тақырыптарынан құралады, мысалы, (А1, В5, С9)

ІІ. Бекіту кезеңі Компьютермен жұмыс (кесте құру)

  1. Авто толтыруды орындау

  2. Тобының


Ой шақыру «Құпия сөздің сырын ашу»

Адасқан әріптерден сөз құрап, олардың қазақша атын айтып орысшаға, ағылшынға аудару керек.




К

Ұ

Я

Ш

Д

И

І

Т

А

Ы

Қ

А

Ф

О

П

Л

А

Г

Б

Р

М

У

А

Р

Е

Т

Т

Е

М

А

К

Е

С

А

М

Т



  • Кітап-книга-Book; Excel іске қосылғаннан кейін, экранда кестенің жұмыс істеу беттері жұмыс кітабына біріктірілген.

  • Бет- страница- list; Жұмыс кітабы жұмыс бетінен тұрады

  • Ұяшық- ячейка- cell; Жұмыс беттері ұяшықтан тұрады;

  • Диаграмма-диаграмма-diagram ; мәліметтерді графиктік түрде көрсету

  • Кесте-таблица- table; Кесте бірнеше ұяшықтан тұрады;

  • Формула-формула- formula; Excel де формулалар жазу арқылы есептеуге болады;


ІІІ. Мағынаны ашу «Сұрақ- жауап»


  1. Excel-де кез келген формуланы енгізу қандай белгіден басталады? Жауабы: =,+ белгісінен кейін

  2. Автоқосынды белгісінің батырмасы қандай? жауабы:

  3. Функция шебері белгісінің батырмасы қандай? жауабы: fx

  4. Бағандар саны қанша? Жауабы: 256

  5. Қанша жолдан тұрады? Жауабы: 65536

  6. Excel бағдарламасы дегеніміз не? Жауабы: Сандық кестемен жұмыс істеуге арналған бағдарлама

  7. Диаграммалардың қандай түрлерін білесің? Жауабы: Дөңгелек, бағандық, сызықтық, нүктелік, көпіршіктік, т.б

  8. Диаграмманы жасаудың неше қадамы бар? Жауабы: 4

  9. Диаграмманы жасау қадамдарын тізбектеп айтып бер? Жауабы: Типі; Мәліметтер аралығы; Параметрлері; Бөліктері.

  10. Өріс және жазулар деп нені айтамыз? Жауабы: A, B, C, D, E, F жазулары өріс, ал 1,2,3 жолдары жазулар деп аталады

  11. Диаграмма дегеніміз не ? Жауабы: Бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі.

  12. Автоформат не үшін қажет? Жауабы: Мәліметтерді немесе ұяшықтарды форматтау үшін

  13. Мәліметтер базасы дегеніміз не? Жауабы: Белгілі бір қасиеттерге ие мәліметтер жиыны жөнінде жүйелі түрде мәлімет сақтауға мүмкіндік беретін ақпараттық модель

  14. Электронды кесте дегеніміз не? Жауабы: Кәдімгі кестенің компьютерлік бейнесін электрондық кесте деп атаймыз

  15. Кез келген электронды кестенің ұяшығына нені енгізуге болады? Жауабы: -сан; -формула; -мәтіндік ақпараттарды енгізуге болады



IV. Домино ойыны.
V. «Кубизм әдісі» сәйкестендіру


Формула қандай символмен басталады




Автоформат

Ұяшық аумағын автоматты түрде форматтау командасы

Жалпы қосындыны анықтау

Диаграмма шебері батырмасы

Диаграмма элементтрі

Ұяшықтар деп ....

=, + белгілерінен кейін

Диаграмма түрлері

Диаграмма бейнесі

Автомсумма деген не?

Қою -

Аңыз, тақырып, тор

Гистограмма,сызықтық

Функцияларды енгізу жолы

Кестенің ең аз құраушысы



VI. Көзге арналған жаттығу жасалады.
VII. Тест жұмысы Excel бағдарламалары көмегімен
1.Microsoft Excel дегеніміз не?

  1. Операциялық жүйе

  2. Текстік редактор

  3. Антивирустық программа

  4. Электрондық кесте


2.Microsoft Excel жолдар саны

  1. 65536

  2. 256

  3. 125

  4. 1256


3.Microsoft Excel бағандар саны


  1. 65636

  2. 256

  3. 125

  4. 1256


4.Диаграмма дегеніміз не ?

  1. Бірнеше ұяшықтар тобы

  2. Жұмыс кітабының бір парағына енгізілген графиктік объект

  3. Мәтіндік редакторда қолданылытын жазу түрі

  4. Жол мен бағанның қиылысуы


5.Диаграмманың неше түрі бар ?

  1. 20

  2. 16

  3. 14

  4. 12



6.Аңыз, тақырып, тор дегеніміз не?

  1. Диаграмма тақырыбы

  2. Диаграмма түрі

  3. Диаграмма дизайны

  4. Диаграмма элементтері


7.Диаграмманы құру қанша қадамнан тұрады?

  1. 4

  2. 5

  3. 6

  4. 7

8.Электрондық кестеде төмендегі мәліметтерді автоматты түрде толтыруға болады

  1. Айлар, апта күндері, диаграмма аттары

  2. Апта күндері , сандар , диаграмма аттары

  3. Айлар , апта күндері, сандар

  4. Формулалар диаграммалар


9.Электрондық кестеде мәлімет енгізетін кестенің ең кіші бөлшегі

  1. Жол

  2. Ұяшық

  3. Баған

  4. Кесте


10.Диаграммаға өзгертулерді қалай енгіземіз?

  1. Дайын диаграмма өзгермейді

  2. Түзету ­­ диаграмма - диаграмма парамертлері

  3. Диаграмманы бір рет шерту - Диаграмма - Диаграмма параметрлері

  4. Формат - Диаграмма - диаграмма парамертлері


VIII. “Санаға сапар” ой түйіндеу практикалық жұмыс
1-тапсырма: ЖББ №3 орта мектебінің әр жылдардағы оқушылар саны «Барлық оқушы саны» деген жолды Автосумма арқылы қосып шығарыңыз.





2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

7 сынып

95

102

89

83

8 сынып

84

95

106

83

9 сынып

96

86

93

104

Барлық оқушылар саны














2-тапсырма: Төмендегі y=x 2 функцияға график типін таңдап диаграмма тұрғыз.

х

у

2

4

4

16

6

36

8

64

10

100

12

144


3- тапсырма: Төмендегі функцияға гистограмма типін таңдап диаграмма тұрғыз.

Қазақстан халқының ұлттық құрамы (%)





1926

1939

1959

1970

1979

1989

1999


2009

Қазақтар

57,1

38

30

32,6

36

39,4

50,7

63,3

Орыстар, украиндар, белорустар

33,1

51,5

52,1

51,1

48,1

44,3

37,7


23,3

Басқа ұлттар

9,9

10,5

17,9

16,3

15,9

16,3

11,6

13,1


VІ. Сабақты қорыту және оқушылард бағалау.

Нені білеміз?: MS Excel электрондық кестесінің қызметтерін, атап айтқанда кестеге мәліметтер жазуды, формулалар мен түрлі есетеулер жүргізуді, функциялармен жұмыс істеуді.
Диаграмманың мәліметтерді көрнекі кескіндеу тәсілі екенін және оны Диаграмма шеберінің көмегімен қалай құрастыруға болатынын.
Келесіде нені білуіміз қажет?: Диаграммаларға түрлі өзгерістер енгізіп, әрлеу жұмыстарын жүргізу
Алматы облысы,

Еңбекшіқазақ ауданы,

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет