Информатика пәнінен 9 сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
Мұғалімі: Шығыс Қазақстан облысы
Аягөз ауданы
Мәдениет ауылы
«Е.Рахмадиев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп»КММ информатика
пәнінің мұғалімі Ғайсина Ләзат Санаққызы
Сабақтың тақырыбы:
|
Тармақталу алгоритмдерін программалау
|
Сілтеме
|
Информатика пәнінің бағдарламасы, информатика 9 сынып, слайдтар, қосымша ресурстар.
|
Жалпы мақсаты
|
а) білімділік: оқушыларға тармақталу операторларын программада әр түрлі есептерді шешуге қолдана білуге үйрету;
б) тәрбиелік:- ақпараттық мәдениетке, уақытты тиімді пайдалана білуге, топта жұмыс жасау арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу, өзін-өзі және өзара бағалау арқылы әділдікке үйретіп, оқушының өзіндік «Менін» қалыптастыру; білімді оқушының өз бетімен меңгеруіне мүмкіндік туғызу.
в) дамытушылығы: танымдық және шығармашылық қабілеттерін – жан-жақты дамыту;
|
Оқыту формасы
|
СТО. Диалогтік оқыту, Рефлексия, АКТ, INSERT, ДЖИГСО-2
|
Оқушы нені білу керек?
|
Программа құрылымын, оның орындалу ретін;
Паскаль тілінің операторларын;
Белгілерді, айнымалыларды, тұрақтыларды сипаттауды;
Операторлардың орналасу ретін;
Операторлардың түрлерін, міндеттерін.
|
Оқушы нені үйренуі тиіс?
|
Тармақталу, таңдау командаларының қызметін;
Тармақталу, таңдау командаларының жазылуын;
Программа құруда операторларды дұрыс пайдалануды;
Командаларды пайдалана отырып қарапайым есептердің программасын құра білуді;
|
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары
Сабақтың кезеңдері
|
Ресурстар
|
Оқыту моделі
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі
2 минут
|
Сурет бөлікте
рі
|
Сурет бөліктерін құрау арқылы топтарға бөліну
|
Амандасу, оқушы назарын сабаққа аудару.
Қиылған сурет бөліктерін ұсынады
|
Оқу құралдарын дайындап, таңдап алған суреттерін құрау арқылы
3 топқа бөлінеді. Топ жетекшілеріне бағалау парақтары беріледі.
|
Үй тапсырмасына дайындығы
3 минут
|
«Раунд-робин» тәсілі арқылы үй тапсырмасын тексеру.
|
Топтастыру, тұжырымдау
|
Сөйлем құрастыруға нұсқау береді
|
Топтағы әр оқушы үй тапсырмасын бірін-бірі қайталамай бір сөйлеммен айтып шығады.
|
Қызығушы
лықты ояту
3- минут
|
«Дана үкілер» әдісі
Интерактивті тақтада көрсетілім
|
АКТ
INSERT картамен жұмыс
|
Оқушыларға мәнмәтіннен жаңа терминдерді теріп жазуға тапсырма береді.
Соңынан интерактивті тақтада
термин сөздермен жұмыс.
|
Жаңа терминдермен танысады, ақпараттары молаяды, дәптермен жұмыс жасайды
|
Мағынаны
тану
12 минут
|
Оқулықтағы мәнмәтін, үлестірме материалдар, бағыттаушы сандар
|
СТО
Диалогтік оқу
|
Оқушыларға тапсырмалар ұсынып, жаңа сабақтың мазмұнын меңгеруге бағыттау.
Топтарға тапсырма:
1. GOTO шартсыз көшу операторы
2. IF-THEN-ELSE
шартты операторлар 3. CASE таңдау операторы
|
Оқушылар оқулықтағы және үлестірілген мәнмәтінмен жұмыс жасайды.
Мәтінді оқып меңгереді, жұпта, топта талқылайды.
|
ДЖИГСО-2
|
|
Бағыттаушы сандар арқылы басқа топтарға барып, бір-біріне түсіндіреді.
Өз топтарына қайтып келіп баяндайды.
|
Сергіту сәті
1 минут
|
Үйлер мен тұрғындар ойыны
|
ойын
|
Нұсқау береді
|
Нұсқау бойынша әрекет етеді,сергиді, демалады.
|
Ойтолғаныс
15 минут
|
«Домино» ойыны
|
СТО. Топтық жұмыс
|
|
Әр топ бір біріне есеп шартын ұсынады. Плакатқа жазып, сағат тілі бағытымен келесі топқа жылжытады, келесі топ Блок- схемасын құрады, үшінші топ программасын жазады, жұмыс иесіне қайтып келеді, есеп шартын жазған топ тексереді. Топ жетекшілері бағалайды.
|
флипчарт
|
Топтық жұмыс
|
«Тармақталу операторлары» тақырыбында постер құруға нұсқау береді.
|
Түсінгендері бойынша флипчартта сызбасын салу.
|
Қорытынды
8 минут
|
постер
|
Жұмыс нәтижелерінің таныстырылымы
|
Мұқият тыңдалым
|
Постер қорғау.
Өзін-өзі және өзара бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек»
|
Бағалау
1 минут
|
Мұғалімнің бағалауы;
Топ жетекшілерінің бағалауы
|
Рефлексия
|
Смайликтер арқылы сабақтан алған әсерлерін білдіреді.
- барлығын түсіндім!
-түк түсінсем бұйырмасын!
- білімімді әлі де толықтыруым керек!
|
Үйге тапсырма:
|
Есептер шығару
|
Дайындаған: Ғайсина Л
Информатика пәнінен 9 сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
Мұғалімі: Шығыс Қазақстан облысы
Аягөз ауданы
Мәдениет ауылы
«Е.Рахмадиев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп»КММ информатика
пәнінің мұғалімі Ғайсина Ләзат Санаққызы
Сабақтың тақырыбы:
|
Циклдік алгоритмдерді программалау
|
Мақсаты:
|
Оқушыларды циклдің түрімен таныстырып, оларды ұйымдастыруға қолданылатын операторлардың жазылу ережесін түсіндіріп, циклдік алгоритмдерді программалауды үйрету;
|
Оқыту нәтижесі
|
Оқушылар берілген есептің шартына қарай цикл ұйымдастырудың қандай операторын қолданған тиімді екенін анықтап, оны программалай алуы керек; мәліметтерді сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланады.
|
Түйінді идеясы
|
Программалай білу – қажеттілік.
|
Әдіс-тәсілдер
|
Диалогтік оқыту, топтағы жұмыс, «Шыңға шығу» ойыны, Рефлексия. «Өрмекшінің торы», INSERT карта, «Жүгіртпе диктант»
|
Уақыты
|
Ресурстар
|
Сабақтың мазмұны
|
|
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
3 минут
|
ойын
|
Түсті жолақтар арқылы топтарға бөліну.
(Топтағы роль туралы түсінік)
|
Оқушылар 3 топқа топтастырылады.
|
5 минут
|
«Шыңға шығу» ойыны
5 минут
|
Әр топ үйге берілген есептер мен сұрақтарға жауап беру арқылы ойынға қатысады. Жауап берген топтар сатылы шыңға шығады.
|
Өз дайындықтарын көрсетеді.
Жеңімпаз топ марапатталады.
смайликтер
|
3 минут
|
АКТ
|
Миға шабуыл. «Циклдік алгоритмдерді программалау» слайд-таныстырылымына шолу
|
Танысады, ақпараттары молаяды
|
1 минут
|
АКТ википедия
|
Сөздікпен жұмыс
INSERT карта.
|
Дәптермен жұмыс жүргізеді
|
10 минут
|
Диалогтік оқыту
|
Топтық жұмыс. «Жүгіртпе диктант». Сынып қабырғаларында ілінген мәнмәтінді оқып келуге нұсқау береді.
Оқып келіп топта талдау арқылы мағынасын түсініп, әр оқушы үлестірілген органайзерде өзі үшін 3 жаңалық, 2 сұрақ, 1қадам жазады.
|
Мәтінді топпен барып іштей оқиды. Орнына қайтып келіп
жұппен, топпен талқылайды.
Бір-біріне түсіндіреді.
|
7 минут
|
|
Топтарға тапсырма: есеп беріледі.
1 топқа-арифметикалық цикл FOR-ды пайдаланып;
2 топқа–WHILE-ды пайдалынып;
3 топқа–REPEAT-ті пайдаланып берілген есепті үш түрлі әдіспен шығарады.
|
Әр топ өз білімдерін көрсетеді, топта жұмыс істеу дағдыларын жетілдіреді.
|
1 минут
|
Сергіту сәті
|
Дене мүшелерімен 1-5 дейінгі сандарды жазу.
|
Сергиді, демалады.
|
10 минут
|
|
Жеке тапсырма. Циклдік операторларды пайдаланып компьютерде программа құру.
|
Жеке жұмыс жасап, өз білімін көрсетеді.
|
2 минут
|
|
Оқушылардың жеке жұмыстарын нұсқаулықтағы критерийлер арқылы топ жетекшілері тексереді.
|
Топ жетекшісінің бағалауы
|
1 минут
|
|
Рефлексия. «Өрмекшінің торы»
|
Бағалау
|
Мұғалімнің , топ жетекшілерінің бағалауы.
|
Үйге тапсырма
|
₰ 3.7 7- есеп.
«Бір жылдық шығыс» әмияныңды есептеу программасын құр.
|
Дайындаған: Ғайсина Л
Достарыңызбен бөлісу: |