Басты өкілдері неміс экономистері Карл Маркс



Дата07.02.2022
өлшемі15,5 Kb.
#89878
Байланысты:
Документ (1)


МАРКСИЗМ.
Басты өкілдері неміс экономистері Карл Маркс
(1818-1883) пен Фридрих Энгельс (1820-1895) еңбек құнының теориясы
негізінде классиктердің тұжырымдамаларын жалғастырып
нарықтық шаруашылықты тереңірек зерттеді. Маркс «капитализм»
ұғымын қалыптастырды. Бұлардың ойынша, тек жалдамалы
жұмысшылардың еңбегі ғана қоғамның байлығын жасайды. Ал
капиталистердің пайдасы жұмысшылар табының төленбеген еңбегін
білдереді. К. Маркс экономикалық теорияға қоғамдық-экономикалық
формация, ұдайы өндіріс, экономиканың циклдік дамуы, жалдамалы
жұмысшылардың еңбегі, рента теориясы, социализм, тауарға сіңген
еңбектің екі жақтылығы, т.б. жаңалықтарды алып келді Кейіннен,
марксизм теориясын В. Ленин мен Г. Плеханов дамытты.

МАРЖИНАЛИЗМ.


Маржинализм теориясы арқылы экономикалық
теорияның микроэкономикалық негіздері әрі қарай дами түсті. Бұл
бағыттың негізін қалаушылар: Карл Менгер (1840-1921), Евгений
Бем-Баверк (1851-1914), Фридрих Визер (1851-1926), Леон Вальрас
(1834-1910), Вильфредо Парето (1848-1923), Август Фридрих фон
Хайек (1899-1992), Людвиг фон Мизес (1891-1973) болды. Осы
ғалымдардың еңбектерінде «шекті пайдалылық» теориясының негізгі
қағидалары қалыптасты. Бұлар құндылық, баға, айырбас, шығын,
сұраныс және ұсыныс туралы көзқарастары арқылы экономикалық
ғылымға төңкеріс алып келді. Маржиналистер экономикалық
талдаудың негізіне экономикалық субъектілердің шаруашылық
қатынастарын зерттеуде субъективтік бағалаулардың теориясын
енгізді.
Неоклассиктер мен маржиналистер әрдайым нарықтық экономи-
каның өзін-өзі реттеушілік сипатына мән бере отырып, еркін
бәсекелестіктің бұзылған тепе-теңдігін автоматты түрде қалпына
келтіре алу мүмкіндігіне ие екендігін және осы арқылы теңгерімді
қарқынды, дағдарыссыз дамуды қамтамасыз ете алатындығын
қолдады. Ғалымдар мемлекеттің экономикаға араласуына қарсы
болды, шаруашылықты шектен тыс реттеудің қауіп-қатері бар
екендігін ескертті.

МОНЕТАРИЗМ.


Экономикалық ой-пікірдің бұл ағымы жаңа
көзқараспен екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өмірге келді.
Монетаризмнің негізін американ экономисі, Нобель сыйлығының
лауреаты Милтон Фридмен (1912-2006) қалаған. Бұл бағытта
макроэкономикалық саясаттың ортасында ақша мәселесі орын алады.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің басты бағыты ретінде ақша-
несие саясатын жүргізудің негізі қарастырылады. Мемлекеттің бұл
жердегі міндеті болып инфляциямен және басқа да мәселелермен
күресу үшін банктік несие пайызын және ақша массасын бақылап
отыруы табылады. Фридменнің монетаризм саласындағы жеткен
жетістіктері Кейнстік талдауды сынға алумен байланысты, оның
ойынша, шаруашылық өмірдегі күрделі өзгерістер ең алдымен, ақша
массасымен және ақша импульстерімен тығыз байланысты болып
табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет