Бата – шын жүректен шыққан ыстық ықылас. Бата «Жақсы сөз, жарым ырыс» деген бабалар мұрасы. «Аталар сөзі ақылдың көзі», деп өскен өскелең ұрпақ батадан бақ даритынын бұрыннан білген. Олай болса бата – тәрбиенің қайнар бастауы болмақ



бет2/2
Дата14.04.2023
өлшемі20,76 Kb.
#174466
1   2
Байланысты:
БАТА

Ғибратты сөздер байқауы
Армысыздар ағайын!

Бүгін ұрпақ тәрбиесі үшін ата – бабаның салып кеткен сара жолға түсіп, ғибраты мен өнегесін ортаға алып келіп, ақ түйенің қарны жарылып, алтынмен апталып, күміспен күптелгендей бақытқа кенеліп отырмыз.


Аталы сөз арғымақтың жалындай деген емес пе?! Осындай ұлы құрметке ие болып, сөз тұлпарын ерттеп мінген өнегелі жандарға ақ жол, сәттілік дегім келеді!
Осындай ғибратты мол өнегелі бас қосуымыздың ұрпақ тәрбиесі үшін маңызы зор. Әр ұрпақ қазақ елін мақтан тұтатын, бабалар жолын бағдаршамындай қастерлейтіндей рухта тәрбиеленуі тиіс.
Қаз дауысты Қазыбек бабамыз қалмақ халқына елшілікке барғанда:
Біз Қазақ деген мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт-береке қашпасын деп
Жеріміздің шетін жау баспасын деп
Найзаға үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
Басынан сөз асырмаған елміз.
Дәм-тұзымызды ақтай білген елміз, - деп қазақ елінің бірлігін, тұтастығын, рухы мықты ел екендігін танытқан екен. Сондықтан өсер ұрпақ өз елінің ата – бабасының сара жолын сақтай білсе екен.
Қазақ елі қанша нәубет келсе де бірлік, татулық арқылы жеңіске жеткен. Ертеде Төле би жас кезінде талай дарын абыз билердің батасын алады екен. Бірде жасы 100-ге жеткен Әнет бабаға сәлем бере барыпты. Әнет баба ынтымақ, бірлік жайлы біраз әңгіме айтады. Сонда Төле бала қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ деп сұрапты. Сонда Әнет баба жауап бермес бұрын бір бау жас шыбық алдырып, Төлеге осыны сындыр депті. Төле бала бір бау шыбықты олай да, бұлай да майыстырып сындыра алмапты. Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы дейді. Төле бау шыбықты шешіп, біртіндеп оп – оңай сындыра бастапты.
Әнет баба: бұдан не түсіндің балам? – дейді.
Сонда Төле бала: түсіндім бабам. Ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. Саяқ жүрген таяқ жейді демекші, бірлігі, ынтымақ жоқты жау да, дау да оп – оңай алады дегенді меңзедіңіз ғой деген екен.
Дұрыс бала. Ел билеу үшін алдымен елді бірлікке, ынтымаққа шақыру керек. Бақыт қайда барасың десе қай жерде береке-бірлік бар сонда барамын деген екен. Сондықтан жастарымыздың бірлігі мықты болса екен.
Бірде Әйтеке шешен Қаз дауысты Қазыбекке келіп сәлем берді. Бұл Әйтекенің жастау кезі екен.

  • Уа бала! Атадан жақсы ұл туса елдің туы болады.

Атадан жаман ұл туса елдің соры болады - деген екен. Соның қайсысы боласың депті.
Әйтеке:

  • Ораздының кәрісі қартайғанда қазына болады, шиырлының кәрісі қартайғанда қазба болады деуші еді. Сіз соның қайсысы боласыз депті. Сонда Қазыбек – Иншалла қазына боламыз депті. Әйтеке олай болса біз Елдің Туымыз деген екен. Әрбір жастарымыз елдің туы болса екен деп тілеймін.

  • Бірде Бөлтірік шешен қасындағы жас өнерпаздармен сапарлап келе жатқанда жастар Бөлтірік шешенге:

  • Ақ ата сіз үнемі бата бергенде «Тәнің мен жаның бірдей сау болсын» деп бата бересіз. Осы сөздің мағынасы неде?! – деп сұрапты. Сонда Бөлтірік шешен:

  • Тән мен жанның саулығы кісі бойында бірдей болуы сирек кездеседі. Кісінің жанын ауыртатын дерттер өте көп:

  • Күншілдік деген бар, содан сақтан;

  • Кекшілдік деген бар, содан сақтан;

  • Астамшылық деген бар, одан алыс жүр;

  • Сараңдық деген бар, одан қалыс жүр;

  • Қараулық деген бар, одан таза бол;

  • Бәлеқорлық деген бар, одан ада бол;

  • Ынсапсыздық деген бар, содан аман бол. Дене мүшең сау болса, жаның осы жеті жаманнан аман болса, «Жан мен тәннің саулығы» деген осы деген екен. Сондықтан әрбір өсер ұрпағымыздың жаны мен тәні сау болсын деп тілейік.

Бірде Ақтайлақ би мен Қанай шешен кездесіп Ақтайлақ би Қанай шешенге:

  • Ер басында бақыт нешеу? Кемдік нешеу? Құлазу нешеу? – деп сұрақ қойыпты.

Сонда Қанай шешен:

  • Ер басында бақыт – бесеу.

  • Кемдік үшеу.

  • Құлазу төртеу дейді.

Астыңдағы атың жүрдек болса, жалғанның пырағы.
Алған жарың жақсы болса, үй мен қонақтың тұрағы.
Балаң жақсы болса, екі көздің шамшырағы.
Әкең – асқар тауың
Шешең – қайнар бұлақ,
Міне – бес бақыт осы.

  • Атың шабан болса, жалғанның азабы,

  • Алған жарың жаман болса, дүниенің тозағы.

  • Балаң жаман болса, көрінгеннің мазағы.

Міне – үш кемдік осы.

  • Қалың ел көшсе көл құлазиды,

  • Қаптаған мал көшсе бел құлазиды,

  • Нарқын танымаған сөз құлазиды,

  • Қатарынан айрылған шал құлазиды.

Міне – төрт құлазу деген осы деген екен.
Сондықтан ұялтпайтын ұрпақ өссін деп тілейік.
Абай атамыз 18-ші қара сөзінде: «Адам баласына жыртықсыз, кірсіз сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей таза кимек дұрыс. Ләки өз дәулетінен артық киінбек, не киімі артық болмаса да көңіліне қуат тұтып тым айналдырмақ – кербездің ісі. Кербездің – 2 түрлі қылығы болады:
Бірі: бет пішінін, мұртын, мүшесін, жүрісін, қас – қабағын қолдан түзетіп, шынтағын көтеріп, қолын тарақтап әуре болмақ.
Екіншісі: атын, киімін – айран ішерім деп, солардың арқасында сыпайы, елеулі болып, өзі қатардағының ішін күйдіріп, өзінен кейінгілерге «Әттең дүние-ай осылардың атындай ат мініп, киіміндей киім кигеннің не арманы бар екен?» - дейтұғын болмаққа ойланбақ. Мұның бәрі масқаралық, ақымақтық. Мұны адам бір ойламасын. Бір ойласа қайта адам болмағы қиын. Кербез дегенді осындай кер, кері кеткен, кердең немеден безіңдер дегенге ұқсатамын. Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Одан басқа нәрседен оздым деу бәрі ақымақтық дейді.
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. (Абай)
«Педагогика» М.Жұмабаевтың ғылыми еңбегі «Тәрбие дегеніміз – кең мағынасымен алғанда қандай да болсын бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз.
Тәрбие – 4 түрлі болады:

  1. Дене тәрбиесі;

  2. Ақыл тәрбиесі;

  3. Сұлулық тәрбиесі;

  4. Һәм құлық тәрбиесі.

Егерде адам баласына осы 4 тәрбие түгел берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. (М.Жұмабаев).
Тәрбиеден мақсұт – адамды һәм сол адамның ұлтын, асса барлық адамзат дүниесін бақытты қылу. Ұлт мүшесі – әрбір адам бақытты болса, онда ұлт бақытты. Адамзат дүниесінің мүшесі әрбір ұлт бақытты болса, онда адамзат дүниесі бақытты.
Қысқасын айтқанда тәрбиеден мақсұт – адам деген атты құр жала қылып жапсырмай – шын мағынасымен адам қылып шығару деген екен. (М.Жұмабаев)
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін.
Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар
Жаннан қымбат оларға ар
Мен жастарға сенемін. (М.Жұмабаев)

Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы ешуақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады. (А.Байтұрсынов).


Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағандай тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлауымыз керек. (А.Байтұрсынов).
Тұрмағамбет Ізтілеуов «Ұлдарыма», «Мінез» өлеңдері арқылы жастарды білімді, ақылды болуға үндейді.

Білімдіден не пайда


Білгенін көпке айтпаса.
Үйреткеннен не пайда,
Қайырымы қайтпаса.
Дегендер «Мен жақсымын» толып жатыр
Жақсылығы өзінен артылмаған.
Бәрінен тыныш ұйықтап жатқандар көп,
Ұмтылып талап ойлап талпынбаған. (А.Байтұрсынов)

Білім – бір құрал,


Білімі көп адам
Құралы сай ұста сықылды,
Не істесе де келістіріп істейді. (А.Байтұрсынов)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет