Бата – шын жүректен шыққан ыстық ықылас. Бата «Жақсы сөз, жарым ырыс» деген бабалар мұрасы. «Аталар сөзі ақылдың көзі», деп өскен өскелең ұрпақ батадан бақ даритынын бұрыннан білген. Олай болса бата – тәрбиенің қайнар бастауы болмақ



бет1/2
Дата14.04.2023
өлшемі20,76 Kb.
#174466
  1   2
Байланысты:
БАТА
келген кеткен сырты

БАТА – шын жүректен шыққан ыстық ықылас. Бата «Жақсы сөз, жарым ырыс» деген бабалар мұрасы. «Аталар сөзі ақылдың көзі», - деп өскен өскелең ұрпақ батадан бақ даритынын бұрыннан білген. Олай болса бата – тәрбиенің қайнар бастауы болмақ.


Бата беру

Сұрасаң бата берейін,


Үстем болсын мерейің.
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін.

Әуелі құдай оңдасын,


Еш жамандық болмасын.
Бақыт шамың жарқырап,
Бағыңды ұрпақ жалғасын.

Жаманнан тәңір қорғасын,


Адал болсын жолдасың.
Ұрпағыңмен көркейіп,
Қатар өссін мал басың.

Оттан түспей қазаның,


Жақсылыққа қайнасын.
Қанша дәурен өтсе де,
Басыңнан бақ таймасын.

Ұлың болсын ұлықты,


Қызың болсын қылықты.
Келінің иба әдеппен,
Жан – дүниеңді жылытсын.

Ошағың маздап сөнбесін,


Бақытың биік өрлесін.
Бейбіт күнге бақытты
Тәңірдің бұлты төнбесін.

Желпініп желіп аптықпа,


Жалындап тұрған жастықта.
Жақсылық үшін күрес те,
Жаман іске бас сұқпа.

Жаныңда дұшпан жасысын,


Талантың судай тасысын.
Сөздің бер сөйлер жүйесін,
Қабыл қып бата киесін.

Жастарға ұзақ ғұмыр берсін,


Адалдан ақтан көңіл берсін.
Батпас күндей шат көңіл,
Абыройы асқақ өмір берсін.

Үбірлі болсын, шүбірлі болсын,


Жусандай берік түбірлі болсын.
Кетпес бақ, қайтпас дәулет берсін,
Жарасты тірлік дүбірлі болсын.

Қадамы сара жолдан болсын,


Бір – біріне қорған болсын.
Ұрпақ өсіп көркіменен
Жайқалған қалың орман болсын.

Пейілдерің тарылмасын,


Есіктерің жабылмасын.
Шаршап шалдыққандар
Төрлеріңде дамылдасын.

Көлденең кеселден сақтасын,


Ақылсыз есерден сақтасын.
Дау-жанжалдан сақтасын,
Күңкіл өсектен сақтасын.

Шайтанның азғыруынан сақтасын,


Елдің жазғыруынан сақтасын.
Асып-тасқаннан сақтасын,
Алшаң басқаннан сақтасын.

Ағымды болсын шабысың,


Алымды болсын табысың.
Найзағайдай болсын намысың
Ер жігітке бәрі сын.

Қиындық көрсең мұқалма,


Ауырлық көрсең жұқарма.
Қамқоршы бол кішіге
Үлкенді үлгі тұт алға.

Әйгілі боп әлемге,


Күндей болып жарқыра.
Адамдық жолмен жүр-дағы,
Жағымды бол халқыңа.

Жастардың қазасын көрсетпесін,


Зұлымдардың жаласын көрсетпесін.
Елімізде бірлік болсын
Жарасымды тірлік болсын
ӘМИН!




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет