Сертификат тапсырыс үшін, анкета



бет1/2
Дата19.12.2016
өлшемі446,18 Kb.
#4095
  1   2


Сертификат тапсырыс үшін, анкета

Облыс, аудан, ауыл____Қарағанды _қаласы__________________
№ Мектеп______№ 6 ЖББОМ___________________________
Пән мұғалімі___бастауыш сынып___________________________
Аты-жөні__Ахметова Гульмира Махметовна_______________________________


Cайтқа шыққан сабақтар тізімі:
1.Ұқыпты бала - әдепті бала

Мекен Жайы:

Облыс, аудан, ауыл__Қарағанды қаласы_______________________
Көше аты__Крылов к., 8___


Үй номері, пәтер номері_____________________
Индексі(Міндетті түрде)__100000____________________

Байланыс телефондар___87022669924, 437770___________________

Қарағанды қаласы

№ 6 ЖББОМ бастауыш сынып мұғалімі

Ахметова Гульмира Махметовна



Тақырыбы: Ұқыпты бала - әдепті бала.

Мақсаты: 1.Балаларға әдептілік, ұқыптылық, сыпайылық адами қасиеттер

туралы түсініктерін кеңейту.



Міндеттері: - оқушылардың көпшілік орында, ұжымда өздерінің ұқыптылық,

әдептілік қасиеттерін сақтап, өмірде дұрыс пайдалана білуге



үйрету.

ұқыптылық, әдептілік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.

  • сыпайылық қарым-қатынасты дамыту;



Көрнекілігі:Үнтаспа, слайд, сызбалар, ассоциация

Шаттық шеңбері:

Мұғалім: Балалар бүгінгі күніміз қайырлы, сәтті болсын. Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Шаттық шеңберінде тұрып, бір бірімізбен қуанышты көңіл-күйде жылы жүректен, жақсы тілекпен, игі әдеппен сәлемдесейік. Бәрі кезекпен сәлемдесіп шығады (сен өте мейірімдісің, сені көргеніме қуаныштымын, сен өте әдепті қызсың, сен адал доссың, сен еңбекқорсың, сенің он саусағыңнан өнерің тамған т.б.)



  • Балалар, біз Ертай Ашықбаевтың «Мен өсемін» атты өлеңін қосылып айтайық,

Мен өсемін

Мен өсемін, өсемін,

Жасыма жас қосылып.

Інімнің де төсегін,

Жинап берем.

Осыны ұқ.

Бұзауды да бағамын-

Айран керек, сүт керек.

Дейді әжем: «Қарағым,

Сенен соны күткен ек».

Баламын ғой мен деген,

Керек ойын, сауық та.

Бірақ... қазір жем берем,

Қаз, үйрек пен тауыққа.

Қызықсам да жиі мен,

Шуылына көшенің,

Көмектесем үйіме,

Мен осылай өсемін.



Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбымен таныстырады:

Слайд көрсетіледі (Сабақтың тақырыбын ашу)

-Балалар, енді өз орнымызға отырайық. Өткен сабақта жылы жүрек, жақсы тілектің адамды бақытты ететіні туралы айтқан болатынбыз. Бүгінгі сабақта ұқыптылық, әдептілік жайлы әңгімелесеміз.
Әңгімелесу

  • «Ұқыптылық» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Адамға ұқыпты болу аса қажет деп ойлайсыңдар ма?

  • Ұқыптылыққа нені жатқызуға болады?

  • Ұқыпты болу үшін не қажет?

(еңбекқорлық, табандылық)

-Ұқыпсыздыққа апаратын адам бойындағы жағымсыз қасиеттерді атайықшы.

(еріншектік, жалқаулық, немқұрайлылық)

-Әдептілік дегенді қалай түсінесіңдер? деген сұрақтар қою арқылы әңгімелесеміз.



Мәтінмен жұмыс

  1. Оқулықтан Е. Өтетілеуовтың « Ұқыптылық»әңгімесін мәнерлеп оқу.

Мазмұнын аша отырып,ұқыптылықты салыстырмалы түрде түсіндіру Мәтіндегі балаларға мінездеме бере отырып,ұқыптылықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

Мұғалім балалардың ұқыптылыққа көзқарастарын білу үшін әңгіме мазмұны бойынша сұрақтар қояды.

-Қорық дегеніміз не? Бекеттің атасы қорықта кім болып жұмыс жасайды?

  • Бекеттің атасы қорыққа бару үшін балаларға қандай тапсырма берді?

- Асыланның ұқыптылығын неден байқауға болады?

-Жомарт неліктен қорыққа бармай қалды?

-«Ұқыптының уақыты мол» дегенді қалай түсінесіңдер?

-Сендер өз уақыттарыңды қалай үнемдейсідер?



  • Дәйексөз

М. Әлімбаевтың «Ұқыптының уақыты мол» деген сөзін жазып қояды және оның мәнін төмендегідей сөздермен түсіндіреді.

- Ұқыпты бала әрқашан да өз жұмыстарын уақтылы орындайды. Ал мұндай қасиетке ие бала жұмысқа да, оқуға да, ойнауға да, серуендеуге де, қонаққа баруға да, дос, жақын, туыс адамдардың көңілін көтеруге де үлгереді.

Оқушылар дәйексөзді дәптерлеріне жазып алады.



Сергіту сәті:

1,2 басымыз тік

3,4 қол созамыз

5 – дегенді қолды сермеп

6 – деп партаға отырамыз

Әдептілік сақтап ойлаймыз

Әдептілік сақтап өрлейміз
Тапсырма

Оқушылар ұқыпты, ұқыпсыз сөздерін қойып, мақалдар мен жаңылтпаштарды оқиды.

Мақалдар


  1. ............-ның тоны тозбас,

.............-дың ісі оңбас.

  1. ............-тылық істің көркі

Жаңылтпаш

................. бала-

Кітапты түптеп тастады.

................. бала

Кітапты бүктеп тастады,

Жұмысын басқаға жүктеп тастады.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет