Батыс Алашорда Тарихы орал 2011 Пікір жазғандар: М.Қ.Қойгелдиев



бет3/11
Дата04.11.2016
өлшемі2,79 Mb.
#317
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

2.3 Жаһанша Досмұхамедов Император атындағы Мәскеу университетінің студенті
Оралда Жаһанша училище қабырғасында білім алумен қатар, әлеуметтік өмірден көптеген мағлұмат алды. 1906 жылы реалды училищені алтын медальмен тамамдап шығып, ендігі шешім қайда барып оқуды жалғастыру еді. Осы кезде Аңқаты бойында белгілі Қаратайдың тұқымдары тұратын. Шідерті болысының Қаратай ауылына Петербургтен белгілі заңгер Б.Қаратаев келіп жатқанын естіп, Жаһаншаны әкесі алып шығады. Олар келе жатып, аздап жолдан бұрылып, Ерсары бойындағы «Сырым обасына» келіп тағзым етеді. (мен осы деректердің бәрі қазір бар болғасын жазып отырмын, жер-су атаулары осылайша сақталған. авт. Д.С.)

Осылайша ел сыйлайтын азаматтан бағыт-бағдар алып, 1905 жылдың күзінен бастап, жоғары оқу орнына түсетін даярлық курсында оқуын жалғастырады.

ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының ең басты өзекжарды мәселесі – жер мәселесі болды. Қазақ елінде мал шаруашылығына шұрайлы жайылымдары мен құнарлы жерлері, сулы алқаптардың дені қоныстанушы мұжықтарға тартып алынып берілуі жергілікті халықтың әлеуметтік-тұрмыс тіршілігін төмендетіп, кедейленуіне әкеліп соқты. Өмірдің барлық саласына енген қысымшылық қалың бұқараны қажытып, титығына жеткізді. Жер туралы айтқанда, қазақ халқын екі түрлі мәселенің алаңдатқанына назар аудармасқа болмайды. Патша өкіметі отарлау саясатын қазақ жеріне мұжықтарды қоныстандыру арқылы жүргізуінің нәтижесінде көшпелі елдің шаруасы күйзеле бастады. Жердің мемлекет меншігіне айналып, шаруашылықтың қамына қарай жан басына тиісті жердің үлес мөлшерінің белгіленуі елді қатты абыржытты. Қай қалып бұрыс, көшпелі тұрмыс па, әлде отырықшы тұрмыс па, осыдан келіп пікір де екі айырылды. Бұл пікірталасқа белгілі, оқыған азаматтардың қатыспағаны кемде-кем. Қазақ жерін түбегейлі иемдену үшін Ресей империясы алдын ала жан-жақты зерттеулер жүргізді. Мұжықтарды отырықшылыққа қолайлы жерлерге орналастыру жұмысы мен тікелей айналысатын жоғарыда айтқан «Қоныстандыру басқармалары» құрылды. Бұл мекеменің қызметімен жақынырақ танысуға «Вопросы колонизации» журналының 1911 жылғы №11 санында жарияланған есебінен мағлұмат беретін бірер дерекке назар аударалық: «1905 жылдан 1910 жылға дейін мұжық көшіру ісіне бір жүз миллион теңге шамасында қаржы жұмсалған.

1912 жылдың бірінші ғинуарына (қаңтар) – (дәлуге) дейін қазақтан он екі миллион десятина жер алынған. Жер алынғанда қыстаулар да көшірілген, жонышқа һәм ағаш егілген жерлер де алынған, ләкин, барлығына да қазынадан ақша төленген, гірші алыну ықтиярсыз (принудительно) болса да... 1905-1910 жылдың ішінде алынған жерлерге екі миллион жан мұжық орналастырылған, яғни екі жүз қырық мың семья, һәр семьяға төрт жүз теңге жұмсалған болады» [64].

Министрлер Кеңесінің төрағасы Столыпиннің Ресейдегі шиеленіскен аграрлық мәселені шаруаларды Дала өлкесіне қоныстандыру арқылы шешуді ұсынған жобасынан соң, бұл қозғалыс қарқыны бұрынғыға қарағанда үдей түсті. Патша өкіметі қазақ жерін отарлау саясатын мұжықтарды қоныстандыру арқылы жүргізуі көшпелі елдің тұрмысын күйзелтіп, шаруасына зор зиян келтірді.

Кеңестік дәуір тарихшылары Қазақстандағы демократиялық өрлеу, саяси сананың көтерілуі қазақ даласына революционер-демократтардың жер ауып келуімен басталды деп жаңсақ пікір айтады. Бұл – әділетсіз пікір, қазақ сахарасында қоғамдық ой-сананың дамып, ұлт ұранының саяси өміріне шығуы – өз ұлтымыздың еуропалық білім алған зиялыларының саяси белсенділігінің арқасында болған іс-шара екенін айтып кеткен жөн.

Зиялылардың саяси көзқарастарының қалыптасып, қоғамдық-саяси қызметке араласуына Бірінші орыс революциясы (1905-1907 ж.ж.) белгілі дәрежеде ықпал жасады.

Осы жылдары қазақ интеллигенциясының алғашқы легінің белгілі өкілдерінің көпшілігі (Ә.Бөкейханов, Х.Досмұхамедов, Б.Қаратаев, М.Дулатов, М.Тынышбаев, Ж.Ақбаев, Жаһанша Досмұхамедов т.б.) бірінші орыс революциясы ықпалымен елде орын алған саяси хал-ахуалға сергектікпен әрі сын көзімен қарады, ал содан кейін барып, сол кезде империяның орталықтарында пайда болған саяси ұйымдардың қайсысынан үлгі алу мәселесін шешуге тырысты. Осылардың алғашқыларының бірі жоғарыда айтылған 1905 жылы «Бес облыстық делегаттар съезі» Орал қаласында «Қазақ конституциялық» саяси партиясын құру жөнінде әрекет етті.

Демек, бірінші орыс революциясы жылдарында Ә.Бөкейхановтың төңірегіне топтасқан қазақ зиялылары өздерінің саясатқа араласқан алғашқы қадамдарында-ақ халқының болашағын, оның бодандықтан шығу жолын ойлаған.

1905-1907 жылдар Қазақстанның саяси өмірі мен ұлттық интеллигенциясының тарихында І және ІІ Мемлекеттік Думаға (Бүкілресейлік парламент сайлауға) дайындық пен оны өткізуге байланысты оқиғалармен ерекшеленеді. Бұл науқандарға ұлттық интеллигенцияның белгілі өкілдері белсенді түрде қатынасты. Бірінші Мемлекеттік Думаға қазақ өлкесінен сайланғандар қатарында Әлихан Бөкейханов (Семей облысынан), Ахмет Бірімжанов (Ақмола облысынан) және Алпысбай Қалменов (Бөкей ордасынан) болды.

Қалменов Алпысбай 1869 жылы дүниеге келген. Ол Орал облысы, Темір уезінен. Орынбор гимназиясын, кейіннен университет бітірген. 1906 жылғы 27 сәуірде ашылған І Мемлекеттік Думасына Бөкей ордасынан депутат болып сайланады, сол кезде жасы 42-де болатын. Ол «Еңбек» тобы фракциясына қосылған. Туған халқының жаппай сауатты болуын, жер өңдеп, егін шаруасымен айналысуын, мал шаруашылығын жетілдіруді насихаттап, еліне көп еңбек сіңірген қайраткер.

1907 жылы 2-інші мәрте шақырылған Мемлекеттік Думаға Орал облысы қазақтарынның атынан депутат болып Бақытжан Бисәліұлы Қаратаев сайланады. Петербургке жүру қарсаңында Бақытжан Бисәліұлы Орынбор қаласында татар социал-демократтары шығарып тұрған «Орал» газетінің бетінде 1907 жылғы 7 ақпанда «Орыс халқына ашық хат» деген тақырыппен өзінің болашақ депутаттық және қоғамдық-саяси қызметіне бағдарлама іспетті болған мақаласын жариялады. Мұнда ол орыс шаруаларының қазақ жерлеріне көшірілуі орайында кеңінен жол беріліп келе жатқан заңсыздықтарды ашып көрсетеді. Ол «Біз бұларды орыс халқына жаулық қарым-қатынаста болғандықтан емес, достық көңілден айтып отырмыз», – деп жазды орыс парламентіне мүше ретінде аттанғалы отырған осынау қазақ уәкілі. «Орыс халқы бізге дұшпан емес, біздің онымен ортақ дұшпанымыз бар, ол – патшалық самодержавие-дүр... біз бұлай ойлаймыз: ең алдымен Ресейдің өз ішінде жеке адамдарға, кабинетке, монастырьларға бөлінген және де басқа да жерлер жерсіз шарулар қолына берілуі керек, ал күллі ел бойынша жер біткен халық меншігі ретінде танылуға тиіс. Бұл үшін елдің барша жоғарғы өкіметі халықтың өз қолына өтсін. Самодержавие құламайынша, жер мәселесі оң шешілмейді, сондықтан да біз жер үшін күресті Ресейдің барлық халқымен бірлесіп жүргізу – ниетіміз» [65].

Осы сөздерімен Бақытжан Бисәліұлының төңкеріске дейінгі де, одан кейінгі де іс-әрекеттерін, қойған мақсатын айқын аңғаруға болатындай. Көпшілікке мәлім, ол II Мемлекеттік Думаның пленарлық мәжілістерінде де, өзі мүше болған аграрлық және басқа комиссияларда, одан тысқары, үкімет мекемелерінде зор қажыр-қайратпен қазақ халқының мұң-мұқтажын жоқтады.

Ол өзінің 1907 жылғы 16 мамырда Мемлекеттік Дума мінбесінде сөйлеген сөзінде қазақ депутаттарының орыс шаруалары жағдайын түсінетіндіктерін, жандары ашитынын, өздерінің шаруалар ахуалын, олардың тұрған жерлеріндегі иеліктерін, жерді пайдалану мүмкіндіктерін кеңейту арқылы шешуге ықылас білдірмейтін Думадағы оңшылдарға ұқсағылары келмейтіндіктерін айта келіп: «Мемлекеттік Дума мынаны есте ұстасын, Ресейдің өз ішіндегі... 130000 помещик мүддесін қорғау үшін шаруаларды киргиз- қайсақтардың жеріне көшіріп, оларды ренжітуде... – деді. Мемлекетік Думаның есінде болсын, киргиз-қайсақтар шаруалардың жер мұқтажын қанағаттандыру мақсатында жеке иеліктеріндегі жерлерді күшпен бөліп алуды қалайтын барлық оппозициялы реакцияларға әрдайым бүйрегі бұра қарайды. Бірақ мынаны ойласаңыздар, қазіргі таңда осынау помещиктерді құтқару үшін киргиздарды жерінен емес, үйінен, баспанасынан шығарып жіберуде», – деген өзекжарды жан айқайын ашық мәлімдеді [66].

Ол Екінші Думаның жұмысына қатысуға келген бетте мұсылмандар фракциясына тіркелген. Кейін ІІІ және ІҮ Мемлекеттік Думаларға депутаттыққа сайланбаса да, оларға мұсылмандар фракциясы арқылы қазақ істерін заң жолымен шешуге тырысқан белсенді әрекеттер жасап тұрды.

Оқыған, зиялы азамат Бақытжан Бисәліұлы халқының жағдайын зерттей келе, патша үкіметінің жоспарлы түрде жүзеге асырып жатқан отарлау жұмыстарының қазақ халқы үшін қайғылы салдарын екінші Мемлекеттік Думада ашық айтады.

Бақытжан Қаратаевтың Мемлекеттік Думада сөйлеген сөзі Санк-Петербургтегі «Ведомости» және қазақ тілінде басылатын «Серке» газетінде түгел басылды.

Бақытжан Қаратаевтың Думада сөйлеген сөзін оқыған Петербургтегі қазақ жастары ол кісімен кездесуді ойластырды, Халел Досмұхамедов, Жаһанша Досмұхамедов, Нұрғали Ипмағамбетов – үшеуі Мемлекеттік Думаның алдын күзетті.

Депутатты көп күтуге тура келеді. Парламенттегі айтыс көпке созылуына байланысты әдеттегіден кешірек шыққан Бақытжан Қаратаев есік алдында күтіп тұрған ауыл жігіттерін танып, сәлемдерін туғанымен жүздескендей ыстық қабыл алды.

Студенттерді қонақүйіне ілестіріп келіп, жайлы жүзбен қабылдап, шай үстінде отырып, өтініштерін тыңдады.

Басқа студенттермен салыстырғанда, жасы кіші болғанмен ауылдас әрі әуелден осы кісіден оқуға бата алған Жаһанша Досмұхамедов тұрып: «Бақытжан аға, біз Сізге сәлем беріп, алыстағы жұртыңыздың өкілдері ретінде Думада қара қазақтың қамын жеп, түбірлі жер, су, тіршілік туралы мәселе көтергеніңізді естіп, ризашылығымызды білдіргелі келдік және сонымен қатар осы Петербургте оқып жатқан Шығыс-Орта Азия халықтарының өкілдері Сізбен жүздесуді, депутаттық істеріңіз туралы айтып беруіңізді өтінеді», – деп келген жұмысын баяндап берді.

«Бұл жер мәселесін көтермес бұрын, мен дала облыстарының қазақ ауылдарында болып, жағдаймен танысып, қазақтарға жасалып жатқан зорлық-зомбылықты көзіммен көрдім, айтар әңгіме бар, кездесуге болады», – деп жауап бере отырып, студенттермен кездесуді келесі демалыс күні ертемен Нева жағасында, кісілердің келім-кетімінің аз жерінде, көз тасалау тұста өткізуге сұлтан Бақытжан Қаратаев уәде берді.

Айтылған мерзімде кездесу болды. Депутат Қаратаев терең білімді, өткір сезімді тұлға ретінде әр ұлттың Петербургтегі өкілдеріне үлкен әсер қалдырарлық пікірлер айтты:

– Ресейді басқаруды демокраияландыру;

– Империяның қол астындағы халықтардың материалдық, әлеуметтік, саяси праволарын қорғау үшін дайындалу, күресу;

– Ұлт аймақтарында, әсіресе Қазақстанда көшіп-қонудан отырықшылыққа көшу, сөйтіп, жерді тұрақты иемдену, басқа қоныстанушылардың жолын бөгеу;

– Жастарды халқының жоғын жоқтап, сойылын соғатын күрескерлік іске дайындалуға шақырды.

Ипмағамбетов, Досмұхамедовтер Қаратаевқа:

«Осы аграрлық реформа арқылы патшаның негізгі мақсаты – басқа халықтар мекендеген аймақтарды түгел орыстандыру, яғни мәңгі отарлау емес пе?» деген сұрақ қойғанда, оған: «Иә, тап солай», – деп депутат өзінің жауабын тікелей айтты [67].

Осындай деректерден-ақ ХХ ғасырдың бас кезінде елін, жерін, халқын патшалық Ресейдің отарлық шеңгелінен шығаруға әрекет жасаған зиялы қауым мүшелерінің іс-қимылдарын көруге болады.

ІІ Мемлекеттік Дума үш ай ғана өмір сүріп, 1907 жылғы 2 маусымда ІІ Николай патшаның жарлығымен таратылды.

Ресейдегі саяси жағдай, бірінші орыс революциясы және Орал қаласындағы саяси толқулар мен Оралда өткен бес облыстың қазақ интеллигенттері өкілдерінің басқосулары Жаһанша Досмұхамедовтің саяси көзқарасының тұрақты қалыптасуына, дүниетанымдық түсінігінің бағыт-бағдарын сараптауға ерекше әсер етті.

Орал қаласындағы әзірлік курсын аяқтаған соң, 1906 жылдың 22-інші тамызында Жаһанша Досмұхамедов өз қолымен Император атындағы Мәскеу университетінің ректорына өтініш жазады.

Бұл өтінішінде өзінің Орал қаласындағы Орал әскери-реалды училищесін бітіргенін және Орал облыстық басқармасының стипендияты екенін хабарлап, Император атындағыМәскеу университетінің заңгерлік факультетіне оқуға түскісі келетіні жазылған. Осы жылдың тамыз айында бұл өтініші қанағаттандырылып, Жаһанша Досмұхамедов 1906 жылы Мәскеу қаласына оқуға түседі. Бұл дерек Мәскеу қаласының тарихи орталық мұражайының № 418 қоры, 320- тізбе, 529-ісінде тіркелген. (қазір бұл қор Батыс Қазақстан облысының мұражайында №23377-В қорында тіркеулі (авт.Д.С.) [68].

Жаһанша Досмұхамедов 1906-1910 жылдар аралығында Император атындағыМәскеу университетінің заңгерлер дайындайтын факультетінде оқыған. Ол 1906-1907 жылдары Ресейді дүр сілкіндірген революцияның әсерінен оқу орындарында қатаң тәртіптің орнығуына қарамастан, дискуссиялар, диспуттар жиі-жиі өткізіліп, қоғамның саяси дамуы туралы түрлі пікірлер ашық, батыл айтылып жатқан кезең болатын. Университет, басқа да оқу орындары сияқты халық ағарту министрі А.А.Кассоның жеке бақылауында болатын, әсіресе шығыс тілдер факультетінің студенттері қатаң бақылауға алынды [69].

Университет студенттерінің арасында ұлт аймақтарынан келген студенттер сирек кездеседі, дегенмен олар оқуда, қоғамдық кездесулерде, пікірталастарда белсенділігімен көзге түсетін. Сол кездегі көңіл аударарлық жағдай – бұл Столыпин реформасы ресми әңгімелерде бұл жөнінде тек қана жарасымды пікірлер уағыздалды; Ресейде буржуазиялық-демократияға жол ашылды делінді. Жаһанша оның Орта Азия т.б. Шығыс аймақтарынан келген әріптестері Столыпиннің жер реформасын патша өкіметінің отарлау саясатының басты құралы деп түсінді.

Осы кезде Петербургте Императорлық әскери-медициналық академиясында оқып жүрген Халел Досмұхамедов, Нұрғали Ипмағамбетов, Ғұбайдолла Бердиев Мәскеуде оқып жүрген Жаһаншамен байланыста болып, қамқорлық жасап, оның Ресей астанасымен жете танысуына, үлкен шаһардың салттарымен, тұрмыс-тәртібімен байланысты өмір сүріп дағдылануына жәрдемдеседі.

Мәскеу университеті Жаһанша Досмұхамедовке тек құқықтық көзқарасын шыңдауға әсер етіп қоймайды, оның адами қалыптасуына, ержетіп, қанатының қатаюына зор ықпал етеді.

Досмұхамедов Жаһанша университет қабырғасынан заңгерлік білім алуда басқалардан озыңқы, ыждағаттылық көрсетіп, өзінің біліммен қарулануда алдына қойған мақсатын орындап бақты.

Жаһаншаның түсінгені: заңгерлікке үйрену Россияда басқа еуропалық елдерден орасан көп кеш басталғандығы. Егер де Римде заңгерлік мектепті біздің заманымыздың І ғасырында Собин ұйымдастырған болса, Россияда заңгерлік лекциялар ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысында кейбір оқу орындарында алғаш оқыла бастағаны.

Сол ерте замандағы римляндар юстинианның кодексін тұрмыста, мемлекеттік өмірде қолданса, Россияда ХІХ ғасырда ғана заңдылық, құқықтық бастамалар туралы алғашқы ұсыныстар жасалынды.

Орыс профессорлары: заңгер С.Е.Десницкий және И.А.Третьяков «Адам басқарудан заңмен басқаруға», яғни кереге биліктен заң ережелеріне сүйеніп, ел басқаруды ұсынды.

Жаһанша А.Менгердің «Құқық социализмі» іліміне ерекше мән бере оқыды. Бұл ілімде капитализм дүниежүзілік заңдылықтардың нәтижесінде, оны қабылдаудың әсерінде социализм деңгейіне жететіні жөнінде айтылады.

Университетте заңгер-профессорлардың лекцияларынан басқа Жаһаншаның оқығаны Батыс Еуропа елдері заңгерлерінің еңбектері, оған қоса Россияда шығатын «Вестник права» /1899-1906/, «Тюремный вестник» /1893-1917/ журналдары, «Право» заңгерлік газеті болды. Жаһанша заңгерліктің басты шарттарының бірі ораторлық /шешендік/ өнерге барынша тырысып бақты. Осы мақсатта мына қағидаларды басшылыққа алды:



  • халық алдында сөйлеген сөзің сұлу болып, оны жұрт ықыласпен тыңдасын;

  • сөз өнерін меңгеріп, биік дәрежеге көтерілгеніңізді жұрт сөйлеген сөзіңізден білсін;

  • халық адамның қандай дәрежеде екенін сөйлеген сөзі арқылы біледі, керісінше сөз дәрежесі арқылы білмейді, өйткені әр адамның шама-шарқы сөйлеген сөзінің астарында, мәнінде жасырын жатады;

  • сөздің оңы мен терісіне, өңі мен астарына айрықша мән беріп, мағыналы етіп сөйлеу;

  • сөйлеген сөзіңнің мағынасына мән бермесең, сен тотықұсқа теңсің;

  • сөз жай нәрсе емес, сөздің құнын бағалай біл;

  • сөз үйренуден жиренбе, көп біліп аз сөйле, аз біліп көп сөйлеме;

  • сөйлегенде әрбір сөзің нысанаға дәл тисін т.б.

Жаһанша шешендікке бала кезінен құмар болды. Ол Сырым Датұлының барша қазаққа әйгілі болған нақыл сөздерін жатқа білетін-ді. Ол табиғат берген қабілетіне қоса, университет қабырғасында орыс тілінде ораторлыққа жаттығумен нағыз шешен атанды. Тіпті сөз шеберлігімен орыстарды таңғалдыратын. Бірінші орыс революциясы жеңілгеннен кейін, прогрессивтік көзқарастағы профессорлар мен студенттер қуғынға ұшырады. 1884 жылғы университет туралы устав қайтадан енгізіліп, академиялық еріктілік жойылды.

Халық ағарту министрі А.А.Кассо университетті түгел өзінің бақылауына алды, оның бұйрығымен Санкт-Петербург, Мәскеу университеттерінен 1000-ға жуық студент, көптеген профессор революциялық көзқарастары үшін оқу орнынан қуылды. Тарихшылар, заңгерлер дайындайтын және шығыс тілдер факультеттерінің оқу бағдарламасы, жеке Н.И.Кареев, В.И.Сергеевич сияқты профессорлардың лекциялары әдейі тексеріске, қатаң қадағалауға алынды.

Жаһанша шығыс тілдері факультетінде өтетін лекцияларға өз бетімен барып тыңдап, бұрын-соңды естімеген деректерге көңіл аударып, Қазақстан, Орта Азия халықтарының Россия империясының қол астына бағыну тарихымен және ол аймақтардағы ұлт-азаттық қозғалыстар жөніндегі ғылыми-зерттеу жинақтарын іздестіріп тауып оқыды.

Университет курсын аяқтап шығу үшін бой тасалауды да ұмытқан жоқ. Оның басқалардан гөрі бақылаудан тысқары қалуына себепші болған жағдай – бұрын қазақ жеріндегі Черняев (Шымкент қаласының) оязы болған генерал Колоссовскийдің семьясымен жақындасуы, К.Колоссовскийдің осында, Мәскеуде медициналық курстарда оқып жүрген апалы-сіңлілі қыздары Ольга мен Надежданың Жаһаншамен танысып, уақыттарын көбінде бірге өткізіп жүруі. Осы жағдайға байланысты Жаһанша мәртебелі адамдармен жиі кездесіп, елде болып жатқан жағдайларға байланысты, әсіресе, үкімет төңірегіндегілердің әңгімелерінен өзіне қажетті мәліметтерді естуіне, білуіне мүмкіндік алды. Аталмыш қыздармен жақын қарым-қатынаста болған большевиктер тобының жетекшісі В.Ульяновтың болашақ жұбайы Надежда Крупскаямен де танысуға қолы жетті. (кейінірек бұл байланыс Жаһанша тағдырына әсер еткені айтылады [70].

Жаһанша Досмұхамедовтің Император атындағыМәскеу университетінің құқық факультетін бітіргені жөнінде Мәскеу орталық тарихи мұрағаты 418-қор, 320-тізбе, 529- ісінің 8-ші парағында берілген. Осы жоспар талабы бойынша мынадай пәндерден оқыған сағат сандары көрсетілген:

Жалпы топтың пәндері бойынша:

1.Құқық энциклопедиясы – 207

2.Рим құқығының тарихы – 208

3. Халықаралық құқық (жалпы курс) – 209

4.Қаржы құқығы (жалпы курс) – 209

5. Орыс құқығының тарихы – 208

6. Құқық философиясының тарихы – 208

7.Саяси экономика теориясы – 207
Оқу жоспарының Азаматтық құқық мамандарының пәндері бойынша:

1. Рим құқығының жүйесі – 209

2.Жергілікті азаматтық құқық – 209

3.Азаматтық істер – 209

4. Сауда құқығы – 208

5.Сауда және конкурстық істер – 208

6. Жеке халықаралық құқық – 208

7. Қылмыстық құқық – 209

8. Қылмыстық істер – 209

9. Шіркеулік құқық – 209

Бұл құжатта Жаһанша Досмұхамедовтің университет қабырғасында оқыған пәндерінің сағаттары, тапсырған емтихан, сынақтары, қосымша оқыған семинар сабақтары толық жазылған. Сонымен қатар Жаһанша Досмұхамедовтің азаматтық құқықтан, Рим құқығы тарихынан, қылмыстық заңдар процестерінен мамандырылған заңгер екені жөнінде жазылған және осы Император атындағыМәскеу университетінің жалпы жарғысы (уставы) 1884 жылдың 23 тамызында 77 статья негізінде ашылған оқу орны дегені жазылған. Жаһанша Досмұхамедовке №175 санды диплом берілген және 1910 жылдың 4 наурызы делініп, мөрі басылған [71].

ІІІ Т А Р А У
ЖАҺАНША ДОСМҰХАМЕДОВ ЖӘНЕ АЛАШОРДА
1. Жаһанша Досмұхамедовтің саяси көзқарастарының шыңдалу кезеңдері (1911-1917) жылдар
1910 жылы 4 наурызда Мәскеу университетінің заңгерлік факультетін тамамдаған дипломын алып, Жаһанша Досмұхамедов елге оралады. Бұл Орал қаласында саяси жағдайлардың шиеленіскен кезеңдерінің бірі болатын. Алғашқы қазақ газеттерінің бірі «Қазақстан» 1911 жылдың наурызынан бастап 1913 жылдың шілдесіне дейін Ордада, кейін Оралда жарық көрген болатын. Газеттің көлемі 5 бет, редакторы Е.Бұйрин болды. Газет сол кездегі ұлттың қоғамдық өміріндегі көкейтесті мәселерін көрсете отырып, танымды, ағартушылық мақсатты көздеді. Газет беттерінде агротехникалық, малдәрігерлік, публицистикалық т.б. алуан түрлі материалдарды жариялап тұрды. Газет ел ішіне озат қоғамдық демократиялық ой-пікірлердің таралуына, отырықшы тұрмыста қалыптасуына, мәдениеттің дамуына аса зор назар аударып отырды. «Қазақстан» газетінің кейбір нөмірлері қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді. Газет жұмысына С.Меңдешев, Б.Қаратаев, Ғ.Қараш т.б. белсене қатысты.

1911 жылы Жаһанша Досмұхамедов Орал қаласында құрылған «Көші-қон басқармасының» қарамағында статистикалық комиссиясының құрамына мүше болып кіреді. Бұл басқарма Ақмола, Торғай, Орал, қырғыз (қазақ) шаруашылықтарының есеп жинақтарын алу жұмыстарымен айналысты. Осы жұмыста істеп жүріп 1911 жылы Оралда шығатын «Уральская листок» газетінің қаңтар айында жарық көрген үш нөмірінде (№ 9, 14, 20) «Несколько слов о Киргизском обычном праве и народном суде» деген мақаласы жарық көрді. Бұл мақалада жергілікті жағдайда сот істерін жүргізуде заңгерлердің, сот қызметкерлерінің қазақ халқының байырғы қылмыстық, азаматтық істерді атқарудағы халықтық дәстүрлер мен тағылымдарды қажетті жағдайда қолданудың тиімділігіне көңіл бөлуіне байланысты ізденіске түскендігін ескертіп, заң ғылымын игерумен айналысып жүрген Жаһанша Досмұхамедов өзінің көрген, естіген, сұрастырған материалдарын осы еңбегінде баяндайды: «Бұл кезде қазақ даласында ел басқару туралы заң болмаған, себебі қазақ мемлекеттік құрылысы жөнінде мәліметтер жоқ, оған дәлел қазақ жерлерінің иесіз жатуы» деген сол кездегі отаршыл саясаттың пікіріне өз түсінігінше қарсылық білдіреді және ХҮІІІ ғасырдағы Савиннің тарихи мектебіндегі қалыпты құқық жөнінде, Коркуновтың дәрісінен «жалпы құқықты» теориясынан, Якушкиннің халықтық құқық жөніндегі зерттеулерін мысалға келтіре отырып, қазақ жерінде Ресей отаршылдығына дейін қазақ халқының қалыптық құқығы қалыптасты деп өз пікірін білдіреді. Бұған дәлел қазақ жерінде жүргізілген бірнеше зерттеу экспедицияларының жазбаларын көрсетеді. Мысалға: Левшиннің жазбаларын, генерал Крыжановскийдің салыстармалы киргиз (қазақтар) туралы берген жазбалары туралы айтып өтеді. Қазақ жері бұл жазбаларда Алтайдан Еділге дейінгі аралықты алып жатқан ұлан-ғайыр территория екендігі туралы жазады. Және бұл далада түркі тайпаларының өмір сүргенін, монғол мемлекетінің астанасы болғандығын айтады. Орал облысы қазақ жеріне енетін батыс қақпасы деген тұжырымға келеді. Жоңғар шапқыншылығы кезінде Орал жері жоңғарларға қарсылық көрсеткен екінші қақпа болған жер деген пікірін жазған. Сонымен қатар қалыптық құқық қазақ жерінде Левшиннің зерттеуі бойынша, Тәуке ханның «Жеті жарғысында» анық, айқын көрсетілгендігін жазды. «Уральская листоктің» № 20 санында Тәуке ханның «Жеті жарғысына» толықтай тоқталып, Левшиннің зерттеулерін алға тарта отырып, құн төлеу заңы туралы толық түсінік берген және ер адам мен әйел құқтарының арасындағы айырмашылықтарын көрсеткен. Сондықтан орыс мемлекетінің араласуына дейін қазақ жерінде қазақ халқының өзіндік «қалыптық құқығы» туралы заңы болғандығын дәлелдейді. Олай болса, қазақ жерінде өзіндік мемлекеттік құрылыстың да өмір сүргендігі айқындалады. Бірақ Жаһанша Досмұхамедовтің бұл еңбегі аяқталмай қалған. Осы еңбегінде Жаһанша өзінің іс-тәжірибесінің аздығын, құқықтық заңдар туралы болашақта көптеген зерттеу жұмыстарын жүргізетіндігін, содан кейін осы еңбегін аяқтайтындығын баяндайды [72].

Жаһаншаның осы мақаласының өкімет адамдарына өткір сыны ұнамаса керек. Көп кешікпей, оны елден, халықтан қол үздіру мақсатында Орал облысынан кетуге мәжбүр етеді.

Жаһанша 1912 жылы Орал округтік сотында жұмыс істеп жүргенде, бақылауда болады, кейіннен Барнау уезінің 10-шы учаскесінде судьялық міндетін атқарады. Бұл Омбы судьялық палатасына қарайтын. Ал 1913 жылы Жаһанша Змейногорск уезінің 1-ші учаскесіне жұмысқа ауыстырылады. Осы жылдың күзінде Барнаул қаласына шақырылып, прокурордың көмекшісі қызметіне тағайындалды, ал 1914 жылдың наурызында Томск округтік сотының жолдас-прокурор қызметіне тағайындалып, Каинск уезі бойынша жауапты болып есептеледі. Томск округтік сотында жолдас-прокурор қызметін атқара жүріп, ол саяси тұтқындарды бақылады және Жаһаншаның сол кездегі әскери шені генерал юстиций (әділет) еді. 1917 жылға дейін осы қызметте істеді. Туған топырағына, өз қандастарына борышты екендігін Жаһанша еш уақытта есінен шығармады. Қазақтардың басым көпшілігінің қараңғылықта, әлеуметтік, саяси ағымдардан бейхабар қалғандығы жас заңгер Жаһаншаны барынша мойытты.

Томск қаласында округтік прокурордың жолдас-орынбасары болып және оған қоса адвокаттық жұмыс атқарды. Көп ұзамай, жас адвокаттың істеріне ризалардың қатары көбейді.

Бірінде Жаһанша сотта қаралған орыс әйелін арашалап, жалынды сөз сөйледі. Сотқа қатысқандар, тіпті сотқа жетекшілік етіп отырған адамның өзі де Жаһаншаның түбін тесе сөйлеген сөзінен көздеріне жас алған.

Істің мәні мынандай еді. Бір отбасының қожасы өне бойы ішімдікке салынып, әрдайым үйдегі әйелін, бес баласын зәбірлеп соғып, балағаттап, тұрмыс қасіретіне ұшыратқан. Үйде ішер ас жоқ, балалар, сорлы болған олардың анасы қайыр-садақа сұраумен күнелткен.

Бірде қыс кезінде, сыртта ұлып тұрған боранда, үй иесі ессіз мас болып оралды. Бұндай жағдайдың немен аяқталатынын сезген бейшара әйел есік ашпайды. Ертеңіне, таңда, сыртқа шыға берісте күйеуінің үсіп өлгенін көрген әйел зәресі ұшып, далаға қаңғырып кетеді. Үсіп-шашыраған байғұсты біреу қар астынан тауып, аршып алады.

Істі тергеген адамдар бүкіл пәлені әйелге жауып, оны сотқа тартады. Осы жағдайдың бәрін бүге-шүгесіне дейін анықтап, бес бірдей баланы сотқа жетектеп келіп, Жаһанша ананы қорғап, оның кінәсыздығын дәлелдеп шығады.

Қала жұртшылығының арасында: «Қырғыз адвокатының арғы тегі Федор Плевакоға барып тіреледі екен, оның бойында сол орыстың әйгілі адвокатының барлық қасиеттері бар екен», – деген әңгіме тарайды.

Федор Никифорович Плевако 1842 жылы Орынбор губерниясының территориясында туған /ол кезде Орынбор жерінің негізгі халқы қазақтар болды/. Плевако өз ісіне ешкімді алдына салмаған жетік, бірнеше азаматтық, саяси істерге байланысты өткізілген сот процестеріне адвокат-қорғаушы болып қатысқан.

Оның бастылары: 1905 жылы Севек шаруаларының ісі, С.Морозов фабрикасының жұмысшыларының стачкасына қатынасқандарды ақтау, Кошинск мануфактурасы жұмысшыларының ісі т.б.

«Оның шешендігі ғажап болды, құдіреттілігі тіл мен үнінде, сиқырлы нәзіктігі мен тыңдаушыларын баурап алатын тапқырлығында», – деп бағалады замандастары.

Плевако ІІІ Мемлекеттік Думаның мүшесі болды, октябристер қатарына қосылды.

Плеваконың шыққан тегі: әкесі – орыс, шешесі – қазақ. Әкесі Плевак бір орыс әкімінің қолында малайлықта жүрген қазақ қызымен жасырын көңіл қосады, бірақ некелеспейді, сөйтіп жүргенде, үш бала дүниеге келеді, бірақ бәрі де «заңсыз». Жұрттан ұялған сорлы әйел төртінші баланы көзден таса дүниеге келтіріп, нәрестені суға тастап жібергелі жатқанда, біреулер көріп қалып, құтқарады.

Сол ажалдан аман қалғаны – ақырында есімі әлемге әйгілі адвокат Федор Плевако болып шығады. Кейіннен ержеткен соң өзін дүниеге келтірген анасын алақанына салып асырап, қолын жылы суға малады.

Айтайын дегеніміз, халықтың Жаһаншаны Плеваконың қандасы деуі негізсіз емес, жалпы қазақтан қуғанда, нағашы-жиенділер еді.

Жаһанша Плеваконы сырттай білетін. Белгілі заңгер ретінде Плевако Мәскеу, Петербург университеті студенттерінің алдында лекциялар оқыды, сотта қорғау ісін ұйымдастыру, яғни адвокаттық міндетті қалай атқару керек екендігін үйретті. Плевако 1909 жылы қайтыс болды.

«Қолынан бәрі келеді» атанған заңгер Жаһанша Досмұхамедов Омск, Троицк, Санк-Петербург қалаларында өткізілген талай процестерге қатысып, абырой үстіне абырой, беделге қоса бедел иеленеді. Жан-жақты, қабілетті, терең білімді, орыстың айшықты әдеби тілін еркін меңгерген, сөздері өткір әрі дәл, әсіресе өзін толғандыратын мәселеге келгенде қызып кетіп, шешен сөйлейтін Жаһанша ортақ заңдылықты мойындамаушыларға, сот жүргізушілердің озбыр қылығына қарсы болды. Жаһанша – қазақ жұртынан шыққан тұңғыш прокурор. Бұл жөнінде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ: Д.А.Аманжолова «В.В.Рыскулов председатель Западного отделения Алаш-Орды Д.Д.Дусмухамедов и судьбы казакской интеллигенций в перюд Сталинских репрессий» [73] және Ш.Забих «Возвращение Ж.Досмухамедова» [74], Р.Мажитов «Жаһанша Досмухамедов» [75] еңбектері жарық көрді.

Жаһанша Досмұхамедовтің заңгерлік істі атқаруда ұстанған қағидалары мынадай еді:

– Адам тағдырын аса жоғары бағалап, ақиқатқа жүгініп, үкім-шешім шығарарда кітапта, заңда жазылғанына қарап емес, өз көрегендігіне, тәжірибесіне сүйенеді;

– Айып істеген кісіден кешірім сұрауды талап ете отырып, адам жазаға лайықты іс қылса, оның кінәсының ауыр, жеңілдігіне қарап, жаза беруге тырысты;

– Ақыл-парасат биігінен қарап, жазаланушыға қатал болмай, мейірімділік, биязылық, шапағатты ұстанды.

Том қаласында болған кезде, отставкадағы генерал Черняев (Шымкент) маңында земство бастығы болған Константин Колосовскийдің қызы Ольгамен (Янга) танысып, өзіне өмірлік жар етті.


«Уральский листок» газеті жазылады.
9. Четверг, 13 января 1911 г.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет