Бір жыл ішінде бір сиырға жұмсалған еңбек
(адам-сағат)
|
Механикаландыруға дейін
|
Кешенді механикаландыру кезінде
|
Сумен қамту және суару
|
77
|
25
|
Жем беру және үлестіру
|
237
|
75
|
Сиыр сауу
|
154
|
50
|
Мал қиын шығару
|
76
|
25
|
БАРЛЫҒЫ:
|
544
|
79
|
Фермадағы жұмысшылар саны оның ішінде сауыншылар
|
14
106
|
9
6
|
1 сауыншыға беркітілген сиыр
|
20
|
35
|
Таблицадан көргеніміздей кешенді механикаландырылған мал қорасындағы жұмыстан жылдық жалақы қоры 5000 сомнан асатын 5 адамды жұмыстан босатуға болады. 100-ден астам кешенді механикаландырылған сиыр қорасы бар Орал облысында осы жолмен жылына 500 мың сом үнемдеуге болады екен.
Сол сияқты Орал облысындағы «Бостандық» совхозы қойды механикалық тоғытуды ұйымдастырып, үлкен экономикалық тиімділікке қол жеткізді:
«Бостандық» совхозында қойды тоғыту орнын механикаландыру арқылы экономикалық тиімділікке жету көрсеткіші:
|
Механикаландыруға дейін
|
Механикаландыру кезінде
|
Еңбек өнімділігі (сағат – мал басы)
|
200
|
1148
|
Қызмет көрсетушілердің саны
|
5
|
4
|
Бір қойды тоғытқанда шығатын тура шығын (тиын)
|
0,13
|
0,0024
|
Оныншы бесжылдықта қой қырқу кешендері, қойды қолдан ұрықтандыру пункттері жұмыс істеді. Директор М.Насимуллин, оның мамандары ұйтқы болған Мәншүк Мәметова совхозының тәжірибесі бұған мысал бола алады. Кешен ұйымдастырылғанға дейін қырықтықшылардың күндік көрсеткіші 35-40 қой болса, кешенде 128 машина жұмыс істеп кеткенде қырықтықшылар 10 жұмыс сағаты ішінде 4 мың бас қойды қырқуға жетісті. Озық технологияны пайдаланудың нәтижесінде қой қырқуға жұмсалған еңбек совхозда 9585-тен 2715 адам-күніне дейін кеміді. Бұрын 40-45 күнге созылған қой қырқу науқаны енді 20 күнге дейін қысқарып, қаржы шығыны 4 есеге дейін азайған.
Ауылшаруашылығында еңбекті көп сіңіретін үрдістерді (процестерді) механикаландыру үлгісін Ақтөбе облыстарының шаруашылықтарынан айқын көруге болады. 1971 жылы ауылшаруашылық дақылдарын жаңбырлатқыш қондырғылармен суару арқылы 3,2 мың сомның экономикалық тиімділігіне қол жетті немесе 1700 гектар жер суландырылды, бұл – жоспарда белгіленгеннен 200 гектарға жоғары көрсеткіш. Батыс Қазақстанның ауылшаруашылық өндірісі электр энергиясын көп тұтынатын тұтынушыға айналды. Энергия көзін механикаландырған мал фермалары, астық қырмандары егін, көктемгі егіс кезіндегі дала қостары, жөндеу шеберханалары, астық қабылдау және тазарту кәсіпорындары көптеп пайдаланды, Батыс Қазақстанның совхоздары мен колхоздары 1975 жылы 285 киловат-сағат электр энергиясын тұтынды. Бұл, 1965 жылғымен салыстырғанда 2,4 есе көп көрсеткіш. Электр энергиясы өндірісте ғана емес ауыл тұрғындарының мәдени-тұрмыстық жағдайын жақсартуда да өлшеусіз қызмет атқарды. Елді мекендерді электрлендіру арқылы ғана оның барлық проблемаларын шешуге болады. 1975 жылы ауылдардың 92 пайызы электр қуатын пайдаланып, радио, кино және телевидения қызметімен қамтылды.
Тұтас алғанда ауылшаруашылық өндірісін механикаландыру және электрлендіру экономикада өркениетке жетудің, халықшаруашылығында өнеркәсіпте, транспортта, құрылыста өркениетке қарай қадам басудың бір белгісі болды. Партия мен үкіметтің құжаттарында жердің құнарлылығын сақтап, арттыру үшін минералдық тыңайтқыштарды қолданудың маңызы атап көрсетілді. 60-80 жылдары ауылшаруашылық органдары өзінің практикалық қызметінде мұны басшылыққа алды. Бұл бағытта белгілі бір оң тәжірибе қалыптасты. 1968-1980 жылдары минералдық тыңайтқыштарды шаруашылықтарға жеткізу артты. Егер 1965 жылы егістік алқапқа 4,0 тың тонна нәрлі заттар сіңірілсе, ал 1980 жылы олардың салмағы 21,1 мың тонна болды. 1966 жылы бір ғана Орал облысының шаруашылықтарында жерге 15858 центнер оның ішінде суландырылған жерге 3854 центнер органикалық тыңайтқыш шашылды. Мұның сыртында 1605 гектар танапқа күзгі астық дақылдары тұқымын нәрлендіру үшін органикалық және минералдық тыңайтқыштар сіңірілді.
Жердің құнарлылығын сақтау Ақтөбе облысында да басты назарда болды. Мұнда ауылшаруашылық өсімдіктерін қорғау дереу қолға алынып, 1970 жылы 384 гектар егіс алқабы гербицидпен өңделді. Ал Гурьев облысында 1974 жылы жүздеген гектар жер 2720 тонна минералдық тыңайтқышпен оның ішінде 951 тонна азотпен, 768 тонна фосформен, 42 тонна палилі, 959 тонна нитрофасты тыңайтқышпен нәрлендірілді. Облыста тұңғыш көкөніс дақылдарын әуе транспорты күшімен азықтандыру жүргізілді. Агрохимиялық талдауларға сүйенсек, Орал – Көшім жүйесінде, осы аймақтағы топырақта азоттың, фосфордың, кальцидің жетіспейтіндігі байқалады. Көлтабандарды минералдық тыңайтқыштар арқылы пайдалану олардан мал азығын мол мөлшерде жинауға болатынын дәлелдеді. «Краснояр» совхозы, «Алғабас» және «Родник новый» колхоздарының ұжымдары минералдық, органикалық тыңайтқыштарды сіңіру жолымен көлтабандардың әр гектарынан жоспардан тыс 10 тіпті 30 центнерге дейін үстеме өнім алды. Бұл орайда, «Первомай» совхозының белгілі жүгері өсірушісі М.Самаркин жетекшілік ететін звеноның табысын атап өткен жөн. Звено 1974 жылы 80 гектар учаскені азотты, фосфорлы және қи араласқан тыңайтқыш арқылы нәрлендіріп, әр гектардан (облыстағы орта көрсеткіш 208 центнер) 498 центнер жүгері жинады. Сөйтіп шаруашылықтың мал азығы сүрлемін дайындауға мол үлес қосылды.
Малшаруашылығын өндірістік, өнеркәсіптік негізге көшіруге, оны интенсивтендіру мен шоғырландыруға байланысты тоғызыншы бесжылдықта Батыс Қазақстанда мал азығын дайындауға қажетті механикаландырылған жемшөп цехтарын салып, жабдықтау ісі кең қолға алынды. Батыс Қазақстан облысындағы «Шаған», «Ульянов», «Бостандық», «Ақбұлақ» совхоздарында басқа да шаруашылықтарда «Родник новый» колхозында осындай жемшөп цехтары жұмыс істеді. «Правда» газеті атындағы және «Көшім» совхоздарындағы жемшөп цехтары түрлі минералдық қоспалармен нәрлендірілген егін сабағы мен шөпті өңдеп, малға беруде өзге әріптестеріне айтарлықтай үлгі болды. Тұтас алғанда, Батыс Қазақстан аймағындағы шаруашылықтарда минералдық, органикалық тыңайтқыштарды қолданып астық, көкөніс, бау-бақша өнімдерін өсіріп жинау ауылшаруашылығын дамытудың негізгі факторларының бірі болды. Алайда тәжірибе бұл істе де елеулі кемшіліктердің орын алғанын көрсетті. Тыңайтқыштар көптеген совхоздар мен колхоздарда уақыт талабына жауап бермейтін қарапайым қоймаларда сақталды. Олар егіс алқаптарына дер мезгілінде, жеткілікті мөлшерде шығарылмады, көбіне күшін жойған, сапасы кеміген химиялық заттар сіңірілді. Егістікке шығарылмастан бұрын минералдық тыңайытқыштар ұнталмады. Осындай кемшіліктер еңбек өнімділігін арттыруға, әр гектардың шығымдылығын өсіруге бөгет жасады.
Батыс Қазақстанда ауылшаруашылығын дамуына КОКП Орталық Комитетінің наурыз (1966) съезінің шешімдері біршама ықпал етті. КОКП Орталық Комитеті мен КСРО Министрлер Кеңесінің «Жерді кеңінен суландыру туралы» қаулысына сәйкес Батыс Қазақстанның шаруашылықтары суаруға келетін жер көлемін есепке алды. Нәтижесінде астық өндірісін ұлғайтуға, жемдік дақылдарды егуге болатын пайдаланылмаған жердің резерві бар екені анықталды. Осыған байланысты аймақта жер суландыруға, оны жемдік және астық дақылдарын себуге дайындауға бағыт ұсталды. 1966 жылы суландырылған жер көлемі 1965 жылғымен салыстырғанда 1418 гектарға ұлғайды. Бір ғана Приурал ауданында 1110 гектар алқап суландыру есебінен өнім берді. Осындағы «Жеміс – көкөніс» совхозында мемлекет қаржысына 150 гектар жерді қамтамасыз ететін суландыру жүйесі жұмыс жасады. «Жеміс-жидек» және Мәншүк Мәметова атындағы совхоздар 140 және 300 гектар жерге нәр беретін суландыру жүйесін өз күшімен салып алды. Облыс бойынша суландырылған жердің әр гектарынан 13,8 центнер бидай, 9,4 центнер тары өнімі жиналды. Ал суарылмаған алқаптың әр гектарынан тиісінше 8,4 және 5,4 центнерден өнім алынды.
Ауылшаруашылығына пайдаланатын жерді тұрақты суландыру арқылы (көлтабандар есебінен) ұлғайту негізгі шаралардың біріне айналды. 1966 жылы Орал облысында 13 млн-га жер қорының 5,3 млн гектары суландырылып 7,6 млн гектарына су барған жоқ. Соңғысының 4,7 гектары шөп шабатын және мал жаятын жер болды. Жер көлемін толық суландыру үшін кешенді міндеттерді белгілеп орындау керек болды. Сегізінші бесжылдықтың жоспары бойынша 2727 гектар жерге су жібере алатын 3100 құдық, 1175 гектар жерге су жеткізу үшін 420 тоған құрылысын 1910 гектар жерді суландыратын суландыру жүйесі құрылысын салу жобаланды. Осы жобаға сәйкес 65 мың гектар көлтабанға және 1300 гектар жайылымға су беретін Орал-Көшім суландыру жүйесі салынып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар Сарыөзен мен Қараөзен және Шежін-Дюринг суландыру жүйесі құрылыстары мыңдаған гектар жердің ылғалын сақтауға, олардан алынатын мал азығының өнімділігі мен сапасын арттыруға көмектесті.
1965 жылы Гурьев облысы бойынша ауылшаруашылығына жарамды 30,4 мың гектар жер болды, оның 9416 гектары суландыру жүйесі арқылы өңделді. Партияның май (1966) Пленумының шешіміне сәйкес жемдік дақылдар үшін суландырылатын жерді 1965 жылға қарағанда 1966 жылы 2 есе, 1970 жылы 6 есе арттырып, 35 мың гектарға дақыл егу көзделді. Облыста Шаранов суландыру жүйесі құрылысының 2-ші кезегін аяқтау, Миялы, Аралтөбе және Нарын суландыру – су жүргізу құрылысын іске қосу белгіленді.
Ақтөбе обылысындағы 469,5 мың-га шабындықтың 1966 жылдың 1 қаңтарында 113 мың гектары суландырылған көлтабанға айналып, 24 млн гектар шабындықтың 12,3 млн гектарына су жіберілді, оның ішінде 4,9 млн. гектары табиғи су көздерінен, ал 7,4 мың гектар алқап суландыру жүйесінен нәр алды. Қазақстан Компартиясы Ақтөбе облыстық комитеті мен еңбекшілер депутаттары облыстық кеңесі атқару комитетінің 1966 жылғы 3 июньдегі шешімі бойынша 1966-1970 жылдарға арналған су шаруашылығы құрылысы жоспарының жобасы бекітілді. Онда Қарғалы су қоймасы арқылы 4,2 мың гектар алқап және 18,8 мың гектар көлтабанға және 6 млн гектар жайылымға су жіберілуге тиіс болды. Суландыру арқылы 3,9 млн гектар шабындық алқап өнімі артуға тиіс болды.
Ақтөбе облысындағы дұрыс және көлтабанды суландыру мен жайылымдарға су жіберудің жай-күйін мынадан көруге болады:
Дұрыс
суару (га)
|
Көлтабанды суару (га)
|
Жайылым жер (мың га)
|
Тас қаланған құдықтар
|
Трубамен көмкерілген құдықтар
|
Барлы-ғы
|
Су жібе-ріл-ген
|
Барлы-ғы
|
Сулан-ды-рыл-ған
|
Барлы-
ғы
|
Соның ішінде су барғаны
|
дана
|
Су барған алқап (мың га)
|
дана
|
Су барған алқап (мың га)
|
8744
|
6683
|
11853
|
76450
|
20265,1
|
19581
|
5916
|
4891,9
|
415
|
775,3
|
Тоғызыншы және оныншы бесжылдықта жерді суландыруды одан әрі кең құлашты жүргізу орасан зор қаржыны талап етті. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Қазақ КСР-ның 1971 жылғы 23 шілдедегі «Жерді мелиорациялауды одан әрі дамыту және оны Қазақ КСР-да 1971-1975 жылдарға ауылшаруашылық тұрғыдан игеру жөніндегі шаралар туралы» қаулысы және КСРО Мелиорация және су шаруашылығы Министрлігі алқасының «Орал облысында суландыру жұмыстарының бағдарламасының орындалу барысы туралы» қаулысы негізінде жатқан және сол бойынша жасалған 1971-1975 жылдарға арналған Орал облысының бесжылдық жоспарында облыстағы су шаруашылығы құрылысында 104,4 млн.сом күрделі қаржыны, оның ішінде құрылыс-монтаж жұмыстарында 83,7 млн.сом игеру көзделді. Сөйтіп, бесжылдық жоспар бойынша 2000 гектар жайылымға су жіберу, 101 мың гектар жерді көлтабанды суару, 10,6 мың гектарды дұрыс суару және Орал-Көшім суландыру – су жүргізу жүйесі құрылысын аяқтау, Фрунзе оқу-тәжірибе учаскесі мен Фурманов су құбыры торабын суландыру, бесжылдық ішінде Жәнібек және Айдархан суландыру – су жүйесі құрылысын бастап, аяқтау және бірінші кезекте Тайпақ су құбыры – торабын бітіруді белгіледі. Облыс мелиораторларының жанқиярлық еңбегі бесжылдықтың аяғында бұл міндеттерді абыройлы орындауға мүмкіндік берді. Тоғызыншы бесжылдықта 118 млн. сомның күрделі қаржысы игеріліп, 11 мың гектар алқап тұрақты суландырудан 70,5 мың гектар жер көлтабанды суландырудан нәрлі ылғалды, 2 млн гектар жерге, былайша айтқанда мал жайылымына су жіберілді.
1966-1980 жылдары тұтас алғанда облыс бойынша 155 млн. сом күрделі қаржы игеріліп, ол 14,7 мың гектар жерді тұрақты және 93,4 мың гектар көлтабанды суаруға және 5 млн гектар жайылымға су жіберуге жұмсалды. Барлық тұрақты суарылған алқаптың 2,5 мың гектары көпжылғы дақылдар тұқымына 3 мың гектары бақша өнімдері мен картоп егуге берілді. 5 мың гектар танапқа жемдік, ал қалған жерлерге астық дақылдылар тұқымы себілді. Орал-Көшім суландыру – су жіберу жүйесі Орал облысының оңтүстік батысында құрғақ аймағында орналасқан. Оның құрылысы 1974 жылы облыстың 6 ауданындағы 22 шаруашылыққа қызмет көрсететін ірі гидротехникалық құрылыс ретінде аяқталып, пайдалануға берілді. Ол бәрін қосып есептегенде секундына 325 куб.м.су өткізе алатын. Көшім бас гидроторабынан, 227 миллион кубометр сиымдылығы бар Бітік, Дөңгелек, Киров гидротораптарынан 3,5 мың магистаралдық және су жіберетін ірілі-ұсақты арықтардан және 834 гидротехникалық құрылыстардан тұрды. Сөйтіп тармақталған Орал-Көшім суландыру – су жіберу жүйесі 1,4 млн гектар жерді, оның ішінде 50 мың гектар алқапты көлтабанды суару мен 1530 га алқапты тұрақты суландырумен қамтамасыз етіп, іс жүзінде ақ Жайық өлкесінің шөлді, құрғақ аймақтарындағы елді мекендерді, мал фермаларын сумен қамту сияқты күнтәртібінде тұрған аса өткір де күрделі мәселені шешті.
Әрине, Орал-Көшім суландыру – су жіберу жүйесі құрылысы үшін ондаған миллион сом жұмсалды. Осындай қаржы өзін-өзі ақтауы тиіс болды. Суарылған жерді тиімді пайдалану талабы осы маңда орналасқан шаруашылық басшылары мен мамандардың, суды пайдаланушылардың алдына үлкен міндеттер қойды. Бұл міндеттерді «Родник Новый» колхозының, «Котельников», Куйбышев атындағы, «Красноярский», «Көшім» совхоздарының, Чуйков атындағы колхоздың, тағы басқа да фермалар мен совхоздардың ұжымдары ойдағыдай орындап шықты. Суарылған егістіктен, шабындықтан, көлтабандардан астық және көкөніс өнімдері, мал азығы мол алынып, көптеген шаруашылық өндіріс көрсеткіштерінің барлық түрінен жоғары нәтижеге қол жеткізіп, табыстың тай қазанын тасытты. Мұнда еңбекті шеберлікпен ұйымдастыра білген учаскелер бастықтары Б.Аяпбергенов пен Қ.Өтепқалиевтің, инженерлер Г.Войтишина мен М.Серқалиевтің, техниктер Ф.Колпаков пен Ш.Жәкеновтың, токарь И.Сутягиннің, аудандардағы гидротехниктер Х.Берғалиев пен Т.Нығыметовтың, жүргізушілер И.Пиунов пен И.Мардвинцовтың, электромонтер У.Тұрғановтың және басқалардың есімдері құрметпен естілді. 1975 жылы Жәнібек және Фурманов топтық су құбырлары іске қосылды. Олар Калинин атындағы, «Қайрат», «Жәнібек», «Ұзынкөл» (Жәнібек ауданы), Мәншүк Мәметова атындағы және «Орда» совхоздарының (Орда ауданы) аумағын қамтыды.
Тоғызыншы және оныншы бесжылдықтар тұсында бұл бағытта Гурьев облысында суармалы егіншіліктің дамуы осының негізінде қоғамдық малшаруашылығының жемшөп базасын жасауға кәдімгідей көмектесті. Қазақстан Компартиясы облыстық комитетінің бюросы мен еңбекшілер депутаттары облыстық кеңесі атқару комитетінің 1974 жылғы 6 қазандағы «Облыс совхоздары мен колхоздарының суармалы жерлерінде жемдік дақылдар егісін одан әрі ұлғайту туралы» қаулысында 1970-1975 жылдары облыста негізгі жемдік дақыл-жонышқаның егістігін суармалы жерде 4,7 мың гектардан 11,7 мың гектар алқапқа жеткізу атап көрсетілді. Іс жүзінде солай болды да, 40 мың центнер жоғары сапалы шөп дайындалды. Махамбет, Индер аудандарының көптеген шаруашылықтары осы уақыт ішінде жоңышқаға қатысты егіс көлемін ұлғайтты. Агротехникалық шараларды сақтай отырып, әр гектардан 80-100 центнерден өнім жинады. Тоғызыншы бесжылдықта Примор және Миялы су жүйелері бойынша 26 мың гектар көлтабанды суландыру жүргізіліп, Аменкелді, Алғабас – Шотық жүйелерінің құрылысы аяқталды.
Осы мерзімде Ақтөбе облысында гидромелиоративтік жұмыстарға 34 миллион сом қаржы бөлінді. Мұнда сиымдылығы 280 млн кубометр Қарғалы су қоймасы тұрғызылып пайдалануға берілді. Нәтижесінде 1971-1980 жылдары суарылған жер көлемі – 9,5 мың гектарға жеткізілді. Облыстың совхоздары мен колхоздары суармалы алқаптағы 22 мың гектарды егістікке пайдаланды. Жоғарыда аталған шаралар, оларды белгілеп, жүзеге асыру Батыс Қазақстанда соңғы бесжылдықтарда гидротехникалық құрылыстарды тұрғызу, егіндік пен жайылымдар шығымын суландыру есебінен арттыру, жоғары еңбек өнімділігіне жету, ауылшаруашылығын, егіншілік пен малшаруашылығын дамыту жөнінде қыруар жұмыстар атқарылғанын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |