Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының білім бөлімі Қаршы орта жалпы білім беретін мектебі



Дата26.06.2018
өлшемі47,34 Kb.
#44282


Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық ауданының білім бөлімі

Қаршы орта жалпы білім беретін мектебі 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сарсенбаева Айнажан Шаймарданқызының


қазақ әдебиеті пәнінен 10 сынып

оқу орыс тілінде жүргізілетін

«Ұлы тұлғалар» авторлық  бағдарламасы

Лбішін, 2014

Қаршы орта жалпы білім беретін мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сарсенбаева АйнажанШаймарданқызының


«Ұлы тұлғалар» авторлық  бағдарламасы

Жалпы орта білім беретін мектептің 10 -сыныбына арналған



( оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептер үшін)

Авторлық бағдарламаның презентациясы:  
Сарсенбаева Айнажан «Ұлы тұлғалар»  бағдарламасы ХІХ ғасыр әдеби мұрасын түгел танып, тәлімдік мәні бар шығармаларын терең оқытуға арналған.


 Әдістемелік кеңес отырысында қаралып, пайдалануға ұсынылған

 

Хаттама № 2   «29»    қараша 2014 жыл

 

Сараптау комиссиясының   төрайымы :   М.С.Кусайнова

 Пікір жазған І санатты пән мұғалімі: А.М.Бактыгулова   

Пікір

Сарсенбаева Айнажан «Ұлы тұлғалар» бағдарламасы ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиеттің әдеби мұрасын түгел танып, тәлімдік мәні бар шығармаларын терең оқытуға арналған.

Қазіргі заман талабына сай қазақ тілі мен әдебиетін жете меңгеру үшін өзге ұлт өкілдеріне қазақ ұлты мен тіліне деген оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру үшін бағдарламаның маңызы зор.

Ұлы тұлғалардың ақындығы, сазгерлігі, зерделі тарихшы, аудармашылдығына көңіл бөлініп, зерттеу мақалаларымен сабақтаса берілген.

Оқушыларға Ұлы тұлғалар туралы терең білім беруге, ой-өрісін кеңейтуге негізделген.

Түсінік хат

Қазақ тілді емесмектептерде қазақ тілін мемлекеттік тіл дəрежесінде меңгерту міндеттерінен туындайтын, сондай-ақ еліміздің əрбір оқушысы қазақ халқының тілі, əдебиеті,мəдениеті бойынша неғұрлым мол сусындап, оны тану жəне құрметтеу деңгейіне жетуіне оңтайлы жағдай тудыру қызметін орындаудан өріс алатын қағидаттар осы өзге тілді мектептерге арналған ұлы тұлғалар авторлық бағдарламасының негіздерін құрайды. Ұлы тұлғалар атты авторлық бағдарламаны оқыту мақсаты-тәуелсіз еліміздің азаматы ретінде халықтың мәдениеті мен әдебиетін,өнерін танып білуге,сондай-ақ ұлттық құндылықтарымызды құрметтей білетін тұлға қалыптастыру.

XIX ғасыр қазақ әдебиетінің ұлы тұлғалардың үздік туындыларымен таныстыру және ол туралы өз ойларын қазақ тілінде жеткізуге төселдіреді. Оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиелілігін дамытып, әдебиеттік-эстетикалық көзқарастарын кеңейту.

« Ұлы тұлғалар» атты берілетін әдеби білім мазмұны қазақ тілінде еркін, таза сөйлей алатын мәдениетті дара тұлғаның қалыптасуы мен дамуына қызмет ете отырып, оқушылардың тілді меңгеруіне лайық туындылардан құрылды. Бұл көркем туындылар 10 сыныптағы оқушының жас ерекшелігіне, психологиялық даму қабілетіне сәйкес ықшамдалып, тіл үйренуге бейімделіп алынған шығармалар тізбегін құрайды, сөйтіп өзге тілді мектептердегі оқушылар қазақ халқының әдеби, мәдени, тарихи көркем туындыларымен танысу арқылы тілдік ортаны кеңейтеді.

«Ұлы тұлғалар » авторлық бағдарламаның оқытудың мақсаты: Оқушылардың қазақ әдебиеті шығармаларын өз бетінше оқып, түсініп, әңгімелеу дағдыларының негіздерін меңгеруін қамтамасыз ету, сол арқылы рухани адамгершілікке, қазақстандық патриотизмге, толеранттыққа баули отырып, қазақ халқының рухани әлемімен, мінез-құлқымен, қоғамдық өмірімен таныстыру, көркем шығармалар негізінде кеңейтілген тілдік ортаны қазақ тілінде еркін сөйлеуге оқушыларды жаттықтыру үшін ұтымды пайдалану.

«Ұлы тұлғалар» авторлық бағдарламаның пәнін оқытудың басты міндеттері:

ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиеттің поэзия үлгілерімен таныстыру;

сол дәуірдің көрнекті ақын-жазушылары туралы мағлұмат беру;

Осы бағдарлама арқылы қазақ тілінде күнделікті өзара қарым-қатынасқа құлшындыру;

қазақ тілінде өз ойын ауызша, жазбаша баяндауды меңгеру;

Оқушылардың қазақ халқының тіліне, мәдениетіне, тарихына, салт-дәстүріне деген құрмет сезімін қалыптастыру;

оқушының ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығына деген қызығушылығын дамытып, оқу дағдыларын төселдіру;

оқушының бойында рухани-адамгершілік мәндегі құндылықтықтарды қалыптастыру, қазақстандық патриотизм, толеранттық сезімдерін дамыту;



оқыған шығармаларына өзіндік ой-пікірлерін айта білуге дағдыландыру.

Бұл  бағдарлама аптасына бір рет, барлығы-34 сағатқа жоспарланған. Бағдарлама сабақтары әр түрде өткізіледі: сынақ сабақ, семинар сабақ, конференция сабақ, сайыс сабақ, саяхат сабақ,жоба қорғау т.б. Ұлы тұлғалардың шығармаларын оқыту қарапайымнан күрделіге қарай оқыту негізінде жасалған.Оқыту оқушы түсінігіне жақын және лайықты ұғымдардан басталады. Балаларға үнемі бағыт-бағдар беріп, өз бетімен ізденіп жұмыс жасау үшін қосымша әдебиеттер тізімі ұсынылады

Мақсаты:

Білімділік:  ХІХ ғасырда өмір сүрген ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығын терең меңгерту.

Дамытушылық: Ұлы тұлғалардың өзіндік ерекшелігін ұғындыру, шығармаларымен  терең таныстыру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға, жатқа айтуға баулу, әндерін,күйлерін  тыңдату, талдау,сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

Тәрбиелік: Ұлы тұлғалардың шығармаларын  тереңдігін сезіндіру адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру,

Күтілетін нәтиже:«Ұлы тұлғалар» атты курсы бойынша жеке тұлға төмендегі білімдерді меңгеріп шығулары керек: Ұлы тұлғалардың өмірбаяны, өмір сүрген ортасы, мұрасының рухани көздері,шығармаларына   талдау жасай білу; ойшылдығы мен күйші-сазгерлігі.

  Бағдарламаны оқытудағы қойылған мақсатқа жету әдістері:

1.Тақырып бойынша талдау жасау,бағдарламаның мақсаты мен міндеті,аталу себебіне талдау жасау.

2.Мектеп,ауыл,аудан кітапханаларындағы ғылыми және көркем әдебиеттерді,ғаламторды басшылыққа алу.

3.Ұлы тұлғалардың поэзиялық және прозалық шығармаларымен таныстыра отырып,шығармашылықпен жұмыс жасай білуге, пәнаралық байланыс жасауға ,тапсырмаларды өз бетімен орындай білуге үйрету.

4.Ұлы тұлғалардың шығармалары арқылы игерілген білімнен тәлім-тәрбие алу,адамгершілік қасиеттерін  қалыптастыру.

Оқушы біліміне қойылатын талаптар:

1.Тақырыптың мақсаты мен міндетін толық ұғыну.

2.Кітапханалармен байланннысжасап,ғылымиеңбектерментанысу.

3.Өлеңдерін стильдік,тақырыптықтұрғыдажәнеөлеңқұрлысына. талдаужасайбілу.

4.Прозалық шығармаларын  тілдіктұрғыдажәнеобраздық  талдайбілу.

5.Кейіпкер мен қаламгердіңөзіндікұқсастықтарынұғынабілу.

6.Ұлы тұлғалардың шығармаларынжатқаайтабілужәнешығармаларынантәлім-тәрбие алу.

«Ұлы тұлғалар » бағдарламасының мазмұны.

1-сабақ. Кіріспе. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ елінде орын алған саяси –әлеуметтік жағдайы туралы.

2- сабақ. Дулат Бабатайұлы (1802-1874). Дулаттың өмірі. Толғаулары, жырлары. Дулат поэзиясындағы екіұдай жағдайлар, қайшылықтары. Дулаттың өзіне тән мысқылшыл, сатиралық ерекшеліктері. Жлпы сапасында заманның озғын ойын, ағымдарын жете танымаған тар көлемділігі.

3- сабақ. Махамбет Өтемісұлы (1804—1846). Махамбеттің өмірі. Толғаулары. Махамбет поэзиясындағы отаншылдық, халықшылдық, хандарға қарсылық сарындар. Шаруалардың тілек-мүддесіне байланысты күресшіл озғын ойлары. Шығармаларының көркемдік шеберлігі. Махамбет шығармаларының кейбір қайшылық жақтары. Патшаның отаршылдық озбырлығына қарсы болумен қатар, жалпы орыс халқының мәдениеттік жаңалық әсерлерінен де тартыну. Россияға қараудан кей кезде Хиуаға бағынуды артық көргендей қателік, қайшылықтары.

4-сабақ. Шортанбай Қанайұлы (1818—1881). Шортанбайдың өмірі. Шортанбайдың жазба ақын және айтыс ақын екендігі. Оның шығармаларына берілетін талдау. Ақынның шығармаларында отаршылдық қанаудың кей жақтары дұрыс көрсетілсе де, қазақтың Россияға қосылуының тарихтық прогресшілдік жағының көрсетілмеуі. Шортанбайдың феодалдық, патриархалдық санадан және діншілдік мистикадан, сол арқылы пессимистік ұғым - нанымнан шыға алмағандығы. Орыс халқының ұлы мәдениетін түсінбей, кертартпалық, надандық нанымда қалуы.

5-сабақ. Сүйінбай Аронұлы(1815-1898).Сүйінбайдың өмірі.Алматы облысының Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында дүниеге келген, сонда қайтыс болды. Қазақ халқының ақыны, айтыс өнерінің шебері. Аронұлы Сүйінбай (1815 — 1898) – қазақтың әйгілі ақыны, айтыс өнерінің майталман жүйрігі. Туып өскен жері Алматы маңы, Жамбыл ауданына қарасты Қарақыстақ елді мекені. Осы өңірден топырақ бұйырған. Шыққан тегі Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы. Шежіре дерегі бойынша арғы атасы Күсеп дәулескер қобызшы болған. Күсептен Арон, одан Сүйінбай туған. Сүйінбайдан туған Малыбай, Бағыжан, Жетібай есімді балаларының ұрпағы өсіп өнгендігі туралы.

6-сабақ.Зар заман ақындары.Майлықожа Сұлтанқожаұлы,Қашаған Күржіманұлы,Алмажан Азаматқызы,Мұрат Мөңкеұлының өлеңдерінен халқының қамын ойлағаны,елім,жерім деп толғанғаны туралы.

7-сабақ. Шоқан Уәлиханов (1837-1865). Шоқанның өмірі. Орысдемократтарыныңоғанеткенәсері. Дінгекөзқарасы. Ислам дінініңкертартпалығынәшкерелеуі. Ғылым, өнергеүндеуі. Өзі үстемтаптаншықса дақазақтыңезілушіхалқыныңауырхалінкөребілуі. ШоқанУәлихановқазақтыңбірінші демократ интеллигентіжәнетұңғышғалымекендігі. Өмірдіңәралуансаласы, әрғылымжөніндеқалдырыпкеткенқұндыеңбектерініңмаңызы. Фольклор жинаудағы, зерттеудегіеңбегі. Қазақтыңболашағытуралыкөзқарасы.

8-сабақ. Ыбырай Алтынсарин (1841—1889). Алтынсаринның өмірі. Жазушылық қызметі. Алтынсаринның әрі ақын, әрі жазушы, әрі педагог екендігі. Алтынсаринның орыс ориенталистерімен, орыстың үлкен педагог оқымысты адамдарымен байланысы, олардың Алтынсаринға әсері. Қазақ елін мәдениетті, өнерлі, білімді елдердің қатарына қосу жолында оқу-ағарту мәселелері жөнінде көпшілікке пайдалы, прогресшілдік пікірді қолдануы. Алтынсарин және орыстың классикалық әдебиеті. Бұл әдебиеттің Алтынсаринның кейбір шығармаларына тікелей әсері ("Жазғытұрым"). Алтынсаринның ағартушылық идеясының кейінгі ақындарға әсері. Алтынсаринның фольклорды жинау, байыту жөніндегі еңбегі. Алтынсаринның қазақ әдебиеті тарихында қара сөз (новелла) жазуда бірінші орын алатындығы және балалар әдебиетінің негізін салушы екендігі.

9-сабақ. Абай Құнанбаев (1845—1904). Абайдың өмірі. Ақынның заманы. Әлеуметтік ортасы. Абай өмірінің жастарға үлгі жағы. Абайдың қазақ жазба әдебиет тарихындағы маңызы, орны. Жасырақ кезінде Абайға араб, фарсы, шағатай әдебиетінің еткен әсері. Ол әсерден ақынның бас тарта бастауы және орыс әдебиетіне бой ұру Абайдың алғашқы творчестволық жолындағы зор адам екендігі. Орыс әдебиеті және орыстың сол кездегі алдыңғы қатардағы демократтық интеллегенттермен байланысуы ақын шығармаларының кең арнаға шығуына негізгі себептің бірі болғандығы.

10-сабақ.Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931).Шәкәрімнің өмірі.Шәкәрімнің шыққан тегі, балалық шағы.Шыңғыстау өңірінде 1858 жылы 14 июльде 

атасы Құнанбай, әкесі Құдайберді-Абайдың ағасы, Құнанбайдың Күнке атты бәйбешісінен дүниеге келуі;5 жасында оқуға беріліп, 7 жасқа келгенше оқуы, 7 жасынан бастап, атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болуы туралы

11-сабақ.Мәшһүр Жүсіп Көпеев (1858—1931).Мәшһүр Жүсіптің өмірі.Ұлы ойшыл, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ,қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы.Мәшһүр-Жүсіп араб және парсы тілдерін жетік білгенімен қоймай, Көп тілді білген ғұлама.Ол өлең жазумен қатар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастырумен де айналысты. Шежірелер мен
айтыстарды, көптеген тарихи жырларды хатқа түсіріп, кейінгі ұрпаққа аманаттағаны.


12- сабақ.Жамбыл Жабаев (1846-1945).Жамбылдың өмірі.Айтыскер ақын Жамбылдың өмір жолы, айтыс ақыны ретінде танылуы, айтыстарындағы сол кездегі әлеуметтік мәселенің көтерілуі, Жамбылдың айтыстағы ақындық шеберлігі туралы мағлұмат беру;
Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру, топпен ұмыс істеу арқылы өзіндік пікір айту дағдыларын дамыту.
Оқыту нәтижелері: Жамбыл Жабаевтың өмірі, шығармашылығы, ақындығы туралы жан - жақты біледі; өлеңді құрылысына қарай талдауға машықтанады; өз беттерімен жұмыс жасауға дағдыланады; Жамбылдың айтыстағы ақындық шеберлігін танитындығы.


13-сабақ.Біржан сал Қожағұлұлы(1834-1897).Біржан салдың өмірі.Ақан сері Қорамсаұлы(1843-1913).Ақан серінің өмірі.

Сал-серілер”   революцияға   дейінгі  Қазақстан жағдайында   әндік   және ақындық өнердің көрнекті  өкілдері  болған.  Олар өздерінше мәнермен   киінген. Сал-серілер өнердің үш түрін қатар самғатқан. Әрі суырыпсалма ақын, әрі әнші, әрі сазгер сал-серілерді халық жақсы  көрген, оларға айрықша  құрмет көрсеткен. Олар  қазақ халқының  сүйіктісі,  еркелері болған. Олар үнемі халық назарында  болып,  өнер  үшін қызмет көрсеткен. Халық жадында  сал-серілерден Біржан сал мен Ақан сері ерекше орын алатындығы туралы .



14-сабақ. Жаяу Мұса   Байжанұлы (1835-1929). Жаяу Мұсаның өмірі. Жаяу Мұса әнші, ақын, композитор. Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінің маңында  дүниеге келген.Әкесі Байжан кедей болған. Анасы Нақыш ертеректе дүние салып, Мұса Байжанның ағасы Тайжанның қолында тәрбиеленеді. Жеті жасында хат таниды Жастайынан халық музыкасымен, ауылға келіп-кетіп жүрген әнші-күйшілер өнерімен танысады. Өзі де ән салып, домбыра тартады.

Баймырзаұлы Балуан Шолақ (1864-1916). Балуан Шолақтың өмірі. Қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны. Оның есімін де халық осы соңғы өнеріне сүйсінгендіктен еркелетіп, жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты «Балуан Шолақ» деп атаған, әйтпесе өзінің азан шақырылып қойылған шын аты – Нұрмағанбет. Шыққан тегі – Ұлы жүздің Дулат тайпасының Сәмбет руынан. Бірақ аталары ерте кезде Арқаға қоныс аударғандықтан, оның бар өмірі Көкшетау өңірінде, атығай, қарауыл руларының арасында өскен туралы айтылғандығы туралы.

15-сабақ.Конец формыНачало формыЫбырай Сандыбайұлы (1856-1930). Ыбырайдың өмірі.Қазақтың халық сазгері, белгілі әнші (тенор) әрі ақын-импровизатор, классикалық халық музыкасының ірі өкілдерінің бірі.Кедей шаруа отбасында туған.Үкілі Ыбырай бала кезінде молдадан оқып, арабша сауатты болған. Жасынан әнге, өлеңге құмар Үкілі Ыбырай қазақтың атақты әнші-ақындарынан (Орынбай, Арыстанбай, Шөже, Біржан, Ақан,Балуан Шолақ, Тезекбай) үлгі-өнеге алып, олардың шығармашылық дәстүрін бойына сіңірді. Өз заманында әнші-сазгерлігімен аты шыққан Үкілі Ыбырайдың музыкалық мұрасында 40-қа жуық әндер бар екендігі.



Әсет Найманбайұлы (1867-1923). Әсеттің өмірі. Қарқаралы уезінің Темірші болысына қарасты сегізінші ауылда туған.Бұл қазіргі Қарағанды облысы,Ақтоғай ауданы«Қызыларай » ауылы.
Әсеттің әкесі Найманбай , шешесі Кермеқас кедей адамдар болыпты.Әсеттің әлі жас кезінде әке-шешесі Семейге көшіп келіпті.Әсеттің ескіше , яғни мұсылманша оқығаны және жай ғана оқып қоймай , білімді болғаны байқалады. Ырысжанмен айтысқанда ,ол білімділігінің арқасында ғана қыздың жұмбақтарымен қатар діни жұмбағын да дәлме –дәл шешеді.Оның «Ағаш ат», «Шеризат», «Барат қыз», «Француз», «Шаһи Ғаббас», «Жәмсап» тәрізді қисса-дастандардың сюжетін шығыс әдебиеті үлгілерінен алуы да оның мұсылманша оқуды терең білгендігін көрсетедігі туралы..
Конец формыНачало формы


Начало формы

Конец формы

16-сабақ. Интелектуалдық олимпиада сайысы.Әдебиет - өнер атаулының құдіретшісі. «Өлең – сөздің патшасы» деген Абай. Сөз өнері – адамзаттың тәрбиешісі. Қазақ әдебиеті – қазақ тарихының көркем шежіресі. Сонау ықылым замандардан бері ұлтының үміт-арманы мен рухын бейнелеп, адамгершілік пен ізгілікті, өрлік пен ерлікті арқау еткен асыл мұраларымыздың орны бөлек. Олай болса, интелектуалдық олимпиада сайысымыздың мақсаты да осы болмақ.

17-сабақ. Әнші –сазгер ақындар шығармашылығынан сайыс.Ән дәстүрімен танысу.Сал-серілердің кәсіби ән өнерін дамытудағы үлесі туралы бейнематериал дайындау.

18-сабақ.Конференция сабақ . «Ұлы тұлғалар» бойынша оқушылар жан-жақты ізденіп,презентация жасап, слайдтар көрсетіледі.

19-сабақАуыл кітапханасына саяхат. жасау арқылы Ұлы тұлғалардың шығармаларымен терең танысу.

20-сабақ. Қорытынды.Өтілген тақырыптарды пысықтау мақсатында тест жұмыстарын жүргізу.

Ұлы тұлғалар бағдарламасының мазмұны



Сабақтың мазмұны

лекция

тәжірибе

1

Кіріспе

1




2

Дулат Бабатайұлы өмірі мен шығармашылығы

1

1

3

Махамбет Өтемісұлы

1

1

4

Шортанбай Қанайұлы

1

1

5

Сүйінбай Аронұлы

1

1

6

Зар заман ақындары

1

1

7

Шоқан Уәлиханов

1

1

8

Ыбырай Алтынсарин

1

1

9

Абай Құнанбаев

1

1

10

Шәкәрім Құдайбердіұлы

1

1

11

Мәшһүр Жүсіп Көпеев

1

1

12

Жамбыл Жабаев

1

1

13

Әнші-ақындар Біржан сал,Ақан сері


1

1

14

Жаяу Мұса,Балуан Шолақ

1

1

15

Үкілі Ыбырай,Әсет Найманбаев

1

1

16

Интеллектуалдық олимпиада сайысы




1

17

Әнші ақындар шығармашылығынан




1

18

Конференция сабақ




1

19

Ауыл кітапханасына саяхат




1

20

Қорытындылау




1


Оқушыға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. [Өтемісұлы Махамбет . «Жазушы» шығармаларының төрт томдық академиялық жинағы.Алматы:Ғылым,2003]

2. [Жұмалиев Қ.Х\/ІІ –ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. Алматы 1967]

3.[Дулат Бабатайұлы. Өсиетнама Алматы «Атамұра» 1999]

4. [Омарұлы Б.Зар заман поэзиясы. Алматы.1999ж]

5. [Жолдасбеков М. Асыл сөздің атасы (зерттеулер) Алматы 1996 ж]

6. [Бес ғасыр жырлайды. Алматы,1965ж]

7. [Қазақ әдебиетінің тарихы Алматы,1994ж]

8. [Сүтжан С.Н.Мәшһүр мұрасы.А,1999ж]

9. [Қуандық Көпеев.Көркемсөздің құдіреті.2000ж]

10. [Жұбанов А. Замана бұлбұлдары.Алматы,1975ж]

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. [Шәкәрім Құдайбердиев шығармалары, Алматы, «Жазушы» баспасы,1988ж]

2. [Көпеев М.Ж. Таңдамалы. Алматы,1990]

3. [Қуандық Көпеев. Көркемсөздің құдіреті.2000]

4. [Садырбайұлы С.Фольклор және Жамбыл Алматы,1996.]

5. [Ахметов З.Абайдың ақындық әлемі.Алматы,1994]

6. [Қирабаев С.Әдебиетіміздің ақтаңдық беттері.Алматы,1995]

7. [Мұқанов С.Жарық жұлдыздар.Алматы, 1964]

8. [Аронұлы Сүйінбай.Ақиық:Толғаулар,сын-сықақтар,айтыстар Алматы,1975]

9. [Дулат Бабатайұлы.Өсиетнама.Алматы:Ғылым,2001]

10.[Қоңыратбаев Ә.Қазақ әдебиетінің тарихы.Алматы,1994]

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет