Қалжанова Оңайша Отарғалиқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Махамбет Өтемісов орта мектебі
Атырау қаласы
Десант сабақ
Оқу пәні:Қазақ әдебиеті
Сыныбы:10-сынып
Сабақтың тақырыбы:Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы
Мақсаты:1.Ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығынан алған
білімдерін пысықтау
2.Оқушылардың шығармашылық белсенділігін шыңдау,ізденімпаздық
қасиеттерін қалыптастыру
3.Оқушылардың таным,білім кеңейту,рухани күштерін ояту,өткен тарихты
тарихты білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі:Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру
Сабақтың түрі:Жаңа білім беру
Көрнекілігі:Шәкәрім суреті,интерактивті тақта,слайдтар
Әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру,шығармашылық жұмыс,сто стратегиялары
Пәнаралық байланыс:Тарих,саз пәндері
Сабақ кезеңі:І.Ұйымдастыру.
Оқушылардың сабаққа қатысын,дайындығын тексеру.
ІІ.Өткен тақырыпты бекіту.
Шығармашылық жұмыс.
ІІІ.Жаңа сабақ:Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығы
Ой қозғау. Шәкәрім кім? Оқушылар жауабы тыңдалып,тақтаға топтастырылып
жазылады.
ақын
жазушы
«Топтастыру»стратегиясы
Шәкәрім
философ
тарихшы
ойшыл
сазгер
Абайдың
шәкірті
Білім.Ақын өмірінен мәлімет беру.
1858 жылы 11шілдеде шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде
Дүниеге келген.Әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған.Абаймен әкесі бір,шешесі бөлек.Абайға немере іні болып келеді.Бес жасында оқуға беріліп,екі жылдай оқиды.
Жеті жасынан бастап,өлең сөзге бейімділігін таныта бастайды.Оның ерекше зеректігін байқаған Абай оны өз қамқорлығына алады.Молда сабағынан басқа,орысша үйренеді.Жастықтың қызығымен өз уақытын бос өткізгенін біліп,Абайдың кеңесімен түрлі кітаптарды оқып,ой-өрісі тереңдеп өседі.Былайғы өмірін білім қуумен қатар домбыра тарту,гармоньда ойнау,ән салу,саятшылық құру,сурет салу,т.б.өнерге арнайды.
2 .Ақын шығармашылығы туралы баяндау.
Шәкәрім өлеңдері Шәкәрім - философ,ойшыл,тарихшы
Шәкәрім мысалдары Ағартушылық көзқарастағы өлеңдері
Ақын аудармалары Шәкәрімнің қара сөздері
Ақын поэмалары Шәкәрімнің әңдері
ІV.Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыту.
1. Өлең құрылысына талдату.
2.Көркемдік тәсілдерді табу.
V.Шығармашылық жұмыс.
Ақын өлеңдеріндегі мақал-мәтелдің мағынасын ашу.
Ақынға хат
Шәкәрім туралы деректер
VІ.Бекіту. «БҮҮ»стратегиясы
VІІ .Сергіту жаттығуы Шәкәрім әні «Анамнан алғаш туғанда»
VІІІ.Үйге тапсырма. Ақын өмірі мен шығармашылығы
«Шәкәрім-ұлт мақтанышы»эссежазу.
ІХ.Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |