Батыс қазақстан облысы білім басқармасы білім беруді дамыту орталығы облыстық педагогикалық Қызметкерлердің тамыз кеңесі «Смарт бағдарламалар, инновациялық технологиялар»
Былтыр еліміз интернет пайдаланушыларының көрсеткіші бойынша 137 елдің арасында 36 орынға көтеріліп, жылдың қорытындысы бойынша халықтың 77 пайызы интернетті қолданған екен. Соңғы дерек бойынша, «Қазірдің өзінде интернетке 35 миллиард құрылғы қосылған және деректермен алмасуды жүзеге асырады, бұл цифр әлемдегі тұрғындардың жалпы санынан бес есе артық» ХХІ ғасыр – технология ғасыры болғандықтан, Қазақстан әлем бойынша ең жаңа деген оқу формаларын зерттеп, білім саласында үнемі жаңарту жасап келеді. Сұранысқа орай технология даму үстінде. Соңғы жылдары SMART технологиясы ұғымы яғни ақылды оқыту пайда болды және Smart қала, Smart фон, Smart құрылғы, Smart қондырғы, Smart орта деген тіркестерді жиі естіп жүрміз.Яғни, E-learning орнына SMART-learning келуі, ақпараттық қоғам орнына «smart қоғам» қалыптасуы біздің елімізде де күтілуде. Қазіргі таңда Smart технологиясын өндірушілер –АҚШ, Канада, Оңтүстік Корея елдері. Қазір елордамызда да Smart мектептер қалыптасып келеді.