Майларды тәулігіне 80-100 грамм пайдалану қажет. Оның жартысы өсімдік текті болуы керек.
Көмірсуларды тәулігіне 400-500 грамға дейін пайдалану қажет.
Организмнің калориялық шығыны көптеген факторларға – жасқа, жынысқа, еңбек түріне, дене еңбегінің қарқындылығына байланысты.
Орындалатын жұмыс сипатына байланысты энергиялық шығындар бойынша 4 топқа бөлінеді:
Дене еңбегімен аз айналысатындар үшін 3000-3500 ккал қажет.
Дене еңбегімен орташа айналысатындарға – 3200-3500 ккал.
Жоғары дене еңбегімен айналысатындарға – 3500- 4000 ккал.
Аса қиын дене еңбегімен айналысатындарға 4000 және одан да көп ккал қажет.
Тәулік бойындағы тағамдық рационның жалпы калориясы былайша бөліну қажет: таңертеңгі ас 25%, түскі ас 35%, бесінді ас 15%, кешкі ас 25%-ды құруы қажет.
Тағамдар құндылығының кестесі
(100г өнімдегі калория саны)
1-тапсырма. ТАМАҚТЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Адам организмі энергияны не үшін пайдаланады?
А) ұйықтау , демалу үшін
В) жүрек соғуына, тыныс алуға
С) дене температурасын сақтауға
Д) бұлшық ет пен ми жұмысына
Е) басқа да процестерді қамтамасыз етуге
Ж) барлық жауаптар дұрыс
2-тапсырма. ТАМАҚТЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Жоғары дене еңбегімен айналысатындар үшін еңбек шығыны күніне қанша Ккал құрайды және осы еңбек шығынының мөлшерін толтыру үшін кестеге қарай отырып бір күндік мәзірін құрып көріңіз.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________
3-тапсырма. ТАМАҚТЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Мақала соңындағы мына бір сөйлемге қараңызшы. Ол мұнда екі бөліммен көрсетілген:
Тәулік бойындағы тағамдық рационның жалпы калорияғы былайша бөліну қажет:
|
бірінші бөлім
|
таңертеңгі ас 25%, түскі ас 35%, бесінді ас 15%, кешкі ас 25%-ды құруы қажет.
|
екінші бөлім
|
Сөйлемнің бірінші және екінші бөлігінің арасында арақатынастық қандай?
Екінші бөлім ...
A. бірінші бөлімге қайшы келеді.
B. бірінші бөлімді қайталайды.
C. бірінші бөлімде сипатталған мәселені ашып , нақтылайды.
Д. бірінші бөлімде сипатталған проблеманың себебін түсіндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |