Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Казталов ауданы білім беру бөлімінің «Ақпәтер жалпы орта білім беретін мектебі»


-тарау. ТЫЙЫМ СӨЗДЕРДІҢ ӨМІРДЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ



бет4/7
Дата30.11.2023
өлшемі48,29 Kb.
#194217
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
тыйым сөз
СП Силлабус Акад адалдык. каз. 2 к, Титулка АО
2 -тарау. ТЫЙЫМ СӨЗДЕРДІҢ ӨМІРДЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ
2.1. Тыйым сөздердің әдептілікке, қайырымдылыққа, имандылыққа баулитын, табиғатты қорғауға жетелейтін түрлері
Баланың ақылды болуы - ата-анаға және үйдегі тәрбиеші ағалары мен апаларына (қыз апасына), жеңгелеріне байланысты. Өмірде «Оқыған озады, оқымаған тозады», - деген қазақ халқының өсиеті көпке өнеге. Өмірде тәрбие құралына – сөз жатады. Сөз өнері – баланы дана етеді. Халық санасын оятатын да – сөз. Сөз арқылы бала қиялы артып, балалықтан даналыққа қадам басады - деген халқымыз тыйым сөздерді өмірде үлкен парасаттылықпен ұтымды қолдана білген. Тыйым сөздер арқылы олар теріс мінез, орынсыз қимылдардан сақтандырып отырған.
Халық ұғымында тізені қолды төбеге қою – ел-жұрттан безінудің, асты төгу – ысыраптың белгісі, үйге қарай жүгіру – суыт хабар әкелу, құшақтау – жалғыз қалудың, үлкеннің жолын кесу - әдепсіздіктің, нанды бір қолмен үзіп жеу – киелі асты қорлаумен бірдей, нанның шыңғырған дауысы Меккеге жетеді деп, балаларды имандылыққа, әдептілікке тәрбиелеген, үйдегі жан басын санама деп, көп балалы қазақ халқы жан басын санағанды жек көрген. Көз тиеді, сұқ болады деп қорыққан, малдың басын (төл басын) сатуға болмайды, айырбастамайды - деп таныған және ондай істерге қатаң тыйым салған.
Қазақ халқы өзінің ғасырлар бойғы ел болып қалыптасуы үшін өмірлік тәжірибе елегінен өтіп, шыңдалды. Осы кезеңге дейін өз тәжірибелерінен жинақтаған түсініктері мен білімдері негізінде түрлі дәстүрлерді дамытты, оларды жетілдіру жолында жөн - жосықтар мен ырымдар қалыптастырды. Сол ереже, заңдылықтар, ырымдар арқылы жас буынды сергектікке, байқағыштыққа баулып, қатерлерден сақтандырып, күнделікті өмірде әдептілікке, қайырымдылыққа, имандылыққа баулып, табиғатты қорғауға жетелейді.
Мәселен, халық табиғаттың жойылуына жол бермейтін тыйым ережелерін жоғарғы деңгейге дейін көтерген. Өйткені ереже бұзылса, халықтық дәстүр де бұзылады. «Суға түкірме», «Күлді шашпа», «Шөпті жұлма», «Көкті таптама», «Талды кеспе», т.б. толып жатқан тыйым сөздер мен табиғат пен қарым-қатынасты сақтаудың халықтық ережесі, табиғаттың әдемілігіне кір келтірмес салауаттылық өлшемі болады.
Табиғатқа зәбір жасаған адам қоғамға қиянат қылған жағымсыз адаммен теңестірілді.»Судың да сұрауы бар», «Балық аулай алмаған суды лайлайды», т.б. ырым-тыйымдар ұрпақты үнемділікке, ұқыптылыққа, бақылау-байқампаз сергектілікке, барды бағалап, қадыр тұтуға, аялауға үйретті. Бастауыш сынып оқушыларының қашанда өмір тәжірибесі аз, көңілдері пәк. Сондықтан олардың қамқор сезімін оятып, қатігездікке жібермеу үшін ойда бірден қалатын әсерлі өнеге - өсиет сөздер мен үлгілі істер арқылы тәрбиелеу керек. Мәселен, «Қарлығаштың ұясын бұзба. Қарлығаш үйге құт әкеледі, оның ұясын бұзу обал» деп, осы бір кішкентай құсты қастерлеуге тәрбиеледі. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» деген аңыз ертегі арқылы кішкентай құстарға қамқор болуға үгіттеді, жан-жануарларды, табиғатты ардақтауға, олардың әдемілігіне тәнті болу сезіміне баулыды. «Құстың ұясын бұзба, жұмыртқаларын жарма, бетіңе шұбар түседі» деп сақтандыру ескертпе сөзі арқылы, тіршілік атаулыға қамқор болуға үйретті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет