Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Казталов ауданы білім беру бөлімінің «Ақпәтер жалпы орта білім беретін мектебі»



бет6/7
Дата30.11.2023
өлшемі48,29 Kb.
#194217
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
тыйым сөз
СП Силлабус Акад адалдык. каз. 2 к, Титулка АО
Табиғатқа қатысты тыйымдар

  1. Көкті жұлма!

  2. Түнде суға барма. Түнде судың бетін ашып қойма!

  3. Суды босқа ысырап қылма!

  4. Өсіп тұрған жалғыз ағашты кеспейді.

  5. Су алатын жерге шомылмайды.

  6. Құстың ұясын, құмырсқаның илеуін бұзба!

  7. Бұлақ көрсең, көзің көзін аш!

  8. Аққуды атпа!

  9. Су ішкен құдығыңа түкірме!

Салт-дәстүрге қатысты тыйымдар

  1. Бақанды аттама! Бақан- шаңырақты көтеретін өзіндік қасиетті дүние екендігін білдіреді.

  2. Ошақтан аттама!

  3. Көрікті баспа! Көріктің киесі бар. Сондықтан ұстаның көрік үйіне жай адамдар, әйелдер кірмейді

  4. Төрге қарай сыпырма! Төр әр үйдің қонақ отыратын жоғары әрі қасиетті орны.

  5. Ас пісіретін ыдысыңды біреуге сыйлама!

  6. Тізеңді құшақтама!

  7. Түнде шашыңды жайма!

  8. Тырнағыңды түнде алма!

  9. Бос бесікті тербетпе! Бесікке асылма!

  10. Айт күні, жұма күні кір жума!

Қорытынды. Қазіргі таңда халқымыздың жас ұрпақты тәрбиелеудегі асыл мұралары біршама түгенделіп қалды. Қазақтың аса бай сөз мұрасын жинақтаған 100 томдық «Бабалар сөзі» жарық көруде. Бұл жұмыс алда да жалғасын таба бермек. Себебі ұлт тәрбиесі, ұрпақ тәрбиесі еш уақытта да тоқтап қалмақ емес. Бұл бір жағынан. Ал екінші жағынан тыйым сөздердің тәрбиелік мәні өте тереңде жатыр деуге болады. Өйткені өзіміз өмір сүріп отырған қоғамда тыйым сөздердің сырына терең үңілер болсақ, кез келген заңдылықтар, белгілі бір жүйедегі тәртіптер мен ережелер осы сөздердің төңірегінде жинақталған деуге негіз бар. Ендеше ұлттық болмысымызды сақтаймыз десек, халықтық тәрбиенің қайнар көзі іспеттес тыйым сөздердің мән-мағынасын ашып, зерттеу бүгінгі күннің күн тәртібінде болуы тиіс.
Сонымен, бұл ғылыми жұмыста халқымыздың тыйым сөздеріне саралау жүргізіп, сол жұмыс барысында мынадай тұжырымдарды шығаруға болады деген ұйғарымға келдім:
Тыйым сөздер – ұлттық әдет – ғұрыпқа сәйкестендірілген тәрбие шарты.
Әр түрлі наным мен сенімнен өрбіген салт – сананың бір саласы. Сыртқы орта мен адамдар арасында қалыптасқан қарым- қатынасқа көзқарас, түсінік таным мен ұғым тізбегі.
Сөз арқылы бала қиялы артып, балалықтан даналыққа қадам басады - деген халқымыз тыйым сөздерді өмірде үлкен парасаттылықпен ұтымды қолдана білген.
Қорыта айтқанда, халқымыздың мұрасы ұлттық тәрбиемізді жаңаша тану мен зерттеуге арналып отыр.
Күнделік





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет