Батыс Қазақстан облысы
Казталов ауданы
Казталовка ауылы
А.Оразбаева ат.ОЖББМ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Уразгалиева Фариза Жадгеровна
«Елім менің» сайысы
Мақсаты:Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен алған білімдерін пысықтау.
Өнерлілер арасында шалқыңдар,
Білімді бар арамызда,тапқыр бар.
Бәсекеге түскелі тұр дәл қазір,
Әрбір сөзі саф алтындай тапқырлар.
Армысыздар,құрметті ұстаздар,оқушылар.Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын,өз атамекенін қалай сүюімен,өз ана тілін қалай білуімен өлшенбек.Әркімнің өз тіліне деген құрметін өз анасына,өз ұлтына,өз Отанына деген құрмет деп білу қажет.Сонымен сайысымыз мынадай бөлімнен тұрады:
1.Таныстыру
2.Сұрақ-бізден,жауап-сізден
3.Сурет-жұмбақ
4.Мағынасын тап
5.Сегіз қырлы,бір сырлы
6.Бейне сұрақ
7.Адасқан әріптер
8.Поэзияға саяхат
9.Ойтолғау
Енді әділ баға берер қазылар алқасымен таныстыру.
Сайыскерлеріміз дайын болса,сайысымызды бастаймыз.
Қазақтың өнерлі ғой бар баласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Жүзден бір,мыңнан озық жүйріктерді
Таныстыру-бұл сайыстың бастамасы.
Әр топ өзінің тобының атын,топбасшысы топ мүшелерімен таныстырады.
1-бөлім: Таныстыру
2-бөлім: «Сұрақ-бізден,жауап-сізден».Мен сұрақ қоямын.Жауап нақты болуы керек.Әр дұрыс жауапқа -1 ұпай.
І топқа 10 сұрақ:
1.Тіл дыбыстарын зерттейтін сала /фонетика/
2.Қазақ тілінде неше сөз табы бар? /9/
3.Абайдың неше қара сөзі бар? /45/
4.Тұйық етістіктің жұрнағы /-у/
5.Абай айтқан бес асыл іс /қанағат,рақым,талап,терең ой,еңбек/
6.Батырлар жырының тақырыбы не? /ерлік,батырлық,елін сыртқы жаудан қорғау/
7. «Түйебай» кімнің әңгімесі? /Б.Майлин/
8. «Біржан сал Абай ауылында» қай шығармадан үзінді? / «Абай жолы» роман-эпопеясынан М.Әуезов/
9.Мәтін неден құралады? /сөз,сөйлем,абзац/
10.Түбір деген не? /сөздің бастапқы бөлшегі/
ІІ топқа 10 сұрақ:
1.Қазақ тіліндегі буындарды ата. /ашық,тұйық,бітеу/
2.Абай айтқан бес дұшпан /еріншек,өсек,өтірік,бекер мал шашпақ/
3.Тамаша сөзінің синонимі /керемет/
4.Желтоқсан құрбандары /Ербол,Лаззат,Қайрат/
5.Қосымшаның түрлерін ата /жұрнақ және жалғау/
6.Дара сөздер деген не? /Бір ғана түбірден құралған сөздер/
7.Күрделі сөздердің түрлері /қос сөз,біріккен сөз,қысқарған сөз,тіркесті сөз/
8. «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңінің авторы /А.Құнанбайұлы/
9.Автобиография деген не? /өмірбаян/
10. «Жауынгердің тұлғасы» кімнің шығармасы? /Б.Момышұлы/
ІІІ топқа 10 сұрақ:
1.Екі адамның сөйлесуі? /диалог/
2.Үстеудің мағыналық түрлері нешеу? /7/
3.Зат есім деген не? /заттың атын білдіретін сөз табы/
4.Етістіктің ерекше түрлері /есімше,көсемше,тұйық етістік/
5.Жұрнақтың түрлері /сөз түрлендіруші,сөз тудырушы/
6.А.Құнанбайұлы өмір сүрген жылдары /1845-1904/
7.Б.Соқпақбаевтың повесі / «Менің атым Қожа»/
8.М.Мақатаевтың қандай өлеңімен таныстық? / «Қайырлы түн», «Қара өлең», «Елім барда», «Мынау-аспан, мынау-бақ»/
9. «Қылау» кімнің әңгімесі /С.Мұратбеков/
10.Шыңырау сөзінің мағынасы /терең құдық/
3-бөлім «Сурет-жұмбақ».Әр топ үйден салып әкелген суретін қарама-қарсы топқа көрсетеді.Олар қандай мақал екенін табуы керек.
4-бөлім:Мағынасын тап тұрақты тіркестің мағынасын ашу керек.
1.Қабағынан қар жауды. /ашулану/ 2.Тайға таңба басқандай /анық/ 3.Сағы сынды /беті қайтты/ 4.Ит арқасы қиянда / өте алыс/ 5.Ауыз ашпады /үндемеді/ 6.Жағасын ұстады /таң қалу/ 7. Көз қырын салу /көмектесу,жәрдем беру/ 8.Төбесі көкке жету /қуану,шаттану/ 9.Таяқ тастам жер /жақын/
5-бөлім
Қазақ елі-өнерлі халық нағыз,
Қызы сырлы,ұлдары-нағыз аңыз.
Сайратып қойып өнер жұлдыздарын,
Сабырмен тыңдай берсек тынығамыз.
Білімді сайыскерлеріміздің қандай өнерлері бар екенін көрейік. /Сайыскерлер өнерлерін көрсетеді/
6-бөлім «Бейне сұрақ».Оқушылар таңдаған ұяшығын ашады,ішінде бейне сұрақ болады.
7-бөлім: «Адасқан әріптер».Төрт оқушының алды мен артында екі әріптен болады.Олар өз орнын табу керек.
1.Біржанмен айтысқан қыз /Сара/---------С
2.От басы,....... қасы /ошақ/---------------А
3.Көмірді «қандай алтын» дейді /қара/---------Р
4.Әнші Тамара ...... /Асар/-------------О
5.Жаңа туған бала-қызыл...... /шақа/----------Ш
6.Мал қамайтын орын /қора/--------------Қ
А
1.Істеген ісі ........... кетті /кері/ --------------------К
2.Үйленгенде ........... қиылады /неке/ ------------Е
3........ жігер /ерік/--------------------------------------Р
4.Мектептегі сабақ ....... шынықтыру /дене/ --------------І
5.Қан сорғыш /кене/ ----------------------------------Д
6.Үйдің төбесіне қарама-қарсы /еден/------------Е
Н
8-бөлім «Поэзияға саяхат» бөлімінде төменгі сыныптарда жатталған ақын өлеңдерінен үзінді беріледі.Оның бір шумағын жатқа айтып,авторын табу керек.
І топқа
1.Ау,қызғыш құс,қызғыш құс...
/М.Өтемісұлы/
2.Ақ киімді денелі,ақ сақалды...
/А.Құнанбайұлы/
3.Әсемпаз болма әрнеге...
/А.Құнанбайұлы/
ІІ топқа
1.Құлақтан кіріп бойды алар...
/А.Құнанбайұлы/
2.Шығамын тірі болсам адам болып...
/С.Торайғыров/
3.Адамдық борышың...
/Ш.Құдайбердіұлы/
ІІІ топқа
1.Ғылым таппай мақтанба...
/А.Құнанбайұлы/
2.Не сыйлайды,не береді келер күн...
/М.Мақатаев/
3.Атам кітап,мен дәптер
/М.Әлімбаев/
9-бөлім Ойтолғау бөлімінде сайыскерлеріміздің ішінен бір оқушы шығып,өзінің тілге шешен екенін көрсетеді.Тақырып беріледі,сол тақырыпты қорғайды.
Егер мен Президент болсам...
Егер мен мектеп директоры болсам...
Егер мен әкім болсам...
Осымен сайысымыз аяқталды.Қазылар шешімін шығарып,жеңімпаздарды марапаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |