Физика және астрономия 8-сынып. I-тоқсандық бақылау жұмысы. Жалпы тарауға шолу. І тарау. Жылу құбылыстары. Ішкі энергия. Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі. Молекулалардың ретсіз қозғалысын жылулық қозғалыс деп атаймыз.
Диффузия – бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулаларалық кеңістігіне еніп кетуі.
Диффузия сұйықтарда, газдарда, сұйықтарда және қатты денелерде жүреді.
Броундық қозғалыс – сұйықта немесе газда қалқып жүрген қандай да бір қатты заттың өте ұсақ бөлшектерінің сұйық немесе газ молекулаларының соққыларының әрекетінен бейберекет қозғалуы.
Ішкі энергия деп денені құрайтын барлық бөлшектердің кинетикалық
энергиясы мен осы бөлшектердің өзара әрекеттесуінің потенциалық
энергиясының қосындысын айтамыз. Дененің температурасы жоғары болған
сайын оның ішкі энергиясы артады.