Электромагниттік толқындардың қасиеттері: Электромагниттік толқын әр түрлі заттарда, вакуумда да тарала алады.
Электромагниттік толқындар- тек көлденең толқындар.
Вакуумдағы электромагниттік толқындардың жылдамдығы 3∙108 м/с.
Вакуумға қарағанда заттағы электромагниттік толқынның таралу жылдамдығы аз болады және ол мына өрнекпен анықталады:
Электромагниттік толқындар энергия тасиды.
. λ-вакуумдағы толқын ұзындығы, бірлігі –(м).
Қызған денелердің сәуле шығарып, электромагниттік энергия таратуын
жылулық сәулелену деп атайды.
Жылулық сәулелердің барлық түрлері электромагниттік толқынға жатады.
Өзіне келген әр түрлі жиіліктегі сәулелердің энергиясын толық жұтып алатын денені абсолют қара дене деп атайды. Абсолют қара дене жылулық сәулелерді үздіксіз шығара да, жұта да алмайды; оларды тек үзікті үлес –квант түрінде ғана шығарады немесе жұтады. Сәуле арқылы тарайтын немесе жұтылатын бір үлес энергия квант деп аталады.
Дененің үзікті шығаратын немес жұтатын бір үлес энергиясы: Е0=Һυ Е0 – ең кіші энергия үлесі; ν –сәуленің жиілігі;h –Планк тұрақтысы. Һ=6,62*10-34 Дж*с
Электронның металдан босап, ұшып шығуы үшін жасайтын жұмысын электронның шығу жұмысы деп атайды.Энергияның сақталу заңы бойынша жұтылған жарық фотонының hν энергиясы электронның шығу жұмысына және оның кинетикалық энергиясына жұмсалады: . Эйнштейн формуласы. me-босап шыққан электронның массасы;υ –оның жылдамдығы. h- Планк тұрақтысы. Аш- электронның шығу жұмысы.
Фотоээфект құбылыс мына шарт орындалса ғана байқала бастайды:
hν0≥Aшығу.Электронның шығу жұмысы жарықтың жиілігіне немес толқын ұзындығына ғана тәуелді.Фотоэффект байқалатын жарықтың ең аз дегендегі жиілігін немес оған сәйкес келетін толқын ұзындығын фотоэффектінің қызыл шекарасы деп атайды.Фотоэффект құбылысына негізделіп жасалған құралы фотоэлемент деп аталады.