Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жалпы білім беретін Бұлдырты орта мектебі Физика және астрономия пәнінен



бет28/35
Дата14.05.2022
өлшемі4,97 Mb.
#143332
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35
Байланысты:
0003fb31-f50f0eb6

Импульстің сақталу заңы: жүйе ішінде туындайтын өзара әрекеттесулер нәтижесінде тұйық жүйенің қосынды импульсі өзгермейді. Механикалық энергия деп дененің механикалық жұмыс жасай алу қабілетін айтады. Энергияның өлшем бірлігі джоуль болып табылады.
Қозғалып келе жатқан дененің энергиясын кинетикалық энергия деп атайды.

Потенциалдық энергия дегеніміз –денелердің өзара әрекеттесуіне немесе дене бөлшектерінің өзара орналасуына байланысты болатын энергия.

Энергияның сақталу заңы:
Тұйық жүйе құрайтын және бір-бірімен бүкіл әлемдік тартылыс күші мен серпімділік күші арқылы әрекеттесетін денелердің кинетикалық және потенциалдық энергияларының қосындысы тұрақты болады.
Механикада тербелістер деп дененің бірдей уақыт аралығында дәлме-дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалысын айтады.
F=-kx (Гук заңы)
Ығысуға пропорционал және оған қарама-қарсы бағытталған күштің әрекетінен болатын механикалық тербелістер гармоникалық тербелістер деп атайды.
Дене қозғалысы толығымен қайталанып отыратын ең аз уақыт арадығы тербеліс периоды дер аталады.
Бірлік уақыт ішінде жасалатын тербелістер саны тербеліс жиілігі дер аталады.



Тербелістер амплитудасы деп дененің тепе-теңдік күйінен ең үлкен ығысуының мәнін айтады. Математикалық маятниктің және серіппелі маятниктің тербеліс периодтары:
T=2π  T=2π 
Еркін тербелістер деп дене тепе-теңдік күйінен шығарылғаннан соң сыртқы күштің әрекетінсіз болатын тербелістерді айтады.
Еріксіз тербелістер дегеніміз – сыртқы периодты күштің әрекетінен болатын тербелістер.
Мәжбүр етуші күштің тербеліс жиілігі мен тербелмелі жүйенің меншікті жиілігі дәл келген кездегі еріксіз тербелістер амплитудаларының кенет арту құбылысы резонанс деп аталады.Зарядтың, ток күшінің, кернеудің периодты түрде өзгеруін электромагниттік тербелістер деп атаймыз.Электромагниттік тербелістерді тербелмелі контурда алуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет