Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы «Сәулет» мектеп – лицейі



Дата15.09.2017
өлшемі67,53 Kb.
#33141
Батыс Қазақстан облысы

Тасқала ауданы

«Сәулет» мектеп – лицейі

Күлшариева Бибігүл Сағиндыққызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі
ӘДЕБИ – САЗДЫ КЕШ ЖОСПАРЫ

«Толғауы тоқсан қызыл тіл»

әдеби – сазды кеш сценарийі
Мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету; Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.

Әдіс-тәсілдері: жұптық сайыс, сұрақ – жауап, мәнерлеп жатқа оқу, ой-толғау, рөлдік ойындар, т. б.

Көрнекілігі: қабырға газеттері, қанатты сөздер, ұлы тұлғалар портреттері, кітаптар мен рефераттар, интерактивті тақта.

Кеш барысы: (Кеш қазақ биімен ашылады немесе Құрманғазының күйі)
Мұғалім: Ана тілім – дана тілім, бақ тілім,

Сенсіз бақыт дүниеде тапты кім.

Сенсің менің қуанышым, шаттығым,

Сенсің менің тазалығым, пәктігім.

Қымбатты ұстаздар мен оқушылар, міне, біз бүгін 22 қыркүйек - «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесіне орай өтіп жатқан қазақ тілі мен әдебиеті апталығының «Толғауы тоқсан қызыл тіл» атты қорытынды кешін өткізгелі отырмыз.

Өткен ғасырдың өзінде француз ғалымы Жорри де Манси «Қазақ тілі түркі тілдері ішіндегі ең бір таза тілдердің бірі» деп тамсанған.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» дегеніндей, біз ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран етіп, қазақ тілінің мәртебесін көтеруіміз керек. Бүгінгі өткізгелі отырған іс – шарамыз - осы мақсатқа қосылатын кішкене ғана үлес. Бірақ біз ана тілімізге деген сезімімізді білдіретінімізге қуаныштымыз. Олай болса, бүгінгі «Толғауы тоқсан қызыл тіл» тақырыбындағы әр сыныптан шыққан жұптар сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші: Балалар, құтты болсын тілің бүгін,

Ашатын жан сарайын білімдінің.

Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан,

Тіліне зер салыңдар бұрынғының,
Ассалаумағалейкум, құрметті тіл жанашырлары, бүгінгі мерекемізге қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!
Қонып тұр ордаң міне, жаңа жұртқа ,

Салып тұр ұлың «Қазақ» көзін сыртқа.

Жау болсаң, жақындама, аулақ жүр деп,

Ел болсаң есігім бос, ен деп ұлтқа.


Ортаға тіл мәртебесін асқақтату үшін әр сыныптың жұптарын ортаға шақырайық!
Алдымен осы жұптардың тіл шеберлігін сарапқа салатын әділқазылар алқасымен таныстырып өтсек. Олар мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұлағатты ұстаздары:

  1. Бисекеш Г.Т.

  2. Бекентаева А.Қ.

  3. Шайхиева С.Г.

1-жүргізуші: Бұған дейін жұптық сайыс бағдарламасы хабарланған болатын. Естеріңізге тағы да сала кетейік:

  1. Таныстыру

  2. Мәнерлеп көркемсөз оқу

  3. Көрініс қою

  4. Өз өнерлерін көрсету (қазақша ән, би, вальс, т.б.)

  5. Сахна мәдениетін сақтаулары бағаланады.


2-жүргізуші: Білеміз шаттық хабар қайдан ұшты,

Бәрі енді өзімізге байланысты.

Қаумалап, тік көтеріп әкетейік,

Қанатын жаңа ғана жайған істі!
Әр жұпты сыныптары бойынша өздерін таныстыруға шақырамыз: 8а,8ә,8б,9а,9ә,9б,10а,10б.
МУЗЫКАЛЫҚ СӘЛЕМ: бишілер тобының орындауында «Шашу» биі.
1-жүргізуші: Тілім менің !

Тілім үшін мың өліп, тірілді елім,

Аралыммен, Арыммен қатар қойып,

Тілді қорғау-парызым бүгін менің.
Енді жұптардың мәнерлеп көркемсөз оқуларына кезек берейік!

8а,8ә,8б,9а,9ә,9б,10а,10б.
(Жүргізуші әр жұптың алдында оқитын өлеңдері мен авторларын хабарлап тұру керек).

МУЗЫКАЛЫҚ СӘЛЕМ:

2-жүргізуші: Халықаралық байланыста әлемдік деңгейде қолданылатын 6 тіл бар. Олар: ағылшын, француз, орыс, испан, қытай, араб тілдері. Жарқын болашаққа ұмтылған Қазақстан үшін бүгінгі жағдайда біздің көп тіл білуіміз қажет. Бірақ өзге тілді білсек те, өз ана тілімізді ұмытпауымыз керек. Себебі, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» деген аталы сөз үнемі есімізде.

Енді мектебіміздің мақтаныштары, ағылшын, орыс тілдерін жүйрік білетін оқушыларымызға сөз кезегін береміз.

Ән. «Прекрасная далека» орындайтындар 9- сынып оқушылары.

Ағылшын тілінде ән. «You Are Not Alone» орындайтындар 10- сынып оқушылары.
1-жүргізуші: Тілім барда тіршілігім бар менің,

Тілім барда өмір сүрем, бар демім.

Тілімменен жеткіземін сырымды,

Тілім барда жүрегімнің ал кенін!
Келесі кезекте жұптарымыздың сөз шеберлігін, актерлік қабілеттерін сынау үшін көріністерін тамашалауға шақырамыз.
(Жүргізуші әр жұптың алдында көріністердің аттарын хабарлап тұру керек).
2-жүргізуші: Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,

Қажеті не басқаның өлшемінің?

Қазақ деген өнерлі ұлт мен боламын,

Енді, міне, жетеді көпке үнім.
Енді жұптардың өз өнерлерін тамашалаймыз.

8а,8ә,8б,9а,9ә,9б,10а,10б.
(Жүргізуші әр жұптың алдында ән, билердің, орындаушылардың аттарын хабарлап тұру керек).
2 -жүргізуші:

Қадір тұт өз тіліңді намыс болса,

Көзіңді сал көк аспан алыстарға.

Тілім десе екпіндеп тоқтамайтын,

Құрмет көрсет ел сүйген арыстарға.
1-жүргізуші: Танытқан қазағымның қазақтығын,

Танытқан қазағымның азаттығын,

Танытқан қазағымның ғажаптығын,

Айналдым құдіретіңнен, Қазақ тілім!
2-жүргізуші: Ия, бүгін біз ана тіліміздің құдіреті мен өміршеңдігіне біршама көз жеткізгендей болдық. Ана тілін ұлы мұхитқа баласақ, біз соның жағасына келіп екі алақанымызды қосып тұрып қос уыстап іліп алып ішкендей ғана болдық деп ойлаймын. Оның тереңіне бойлап түбіндегі інжу – маржанын ерінбей – жалықпай тере біліп, өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізе білейік, өрендер!
1-жүргізуші: Бүгінгі сайысымызды және апталықта ұйымдастырылған шараларды қорытындылау үшін әділқазыларға сөз кезегін береміз.
2-жүргізуші: Осымен «Тіл мерекесі» өз мәресіне жетті. Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш, тіл мәртебесі биік болсын, ағайын!

Кеш Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен салтанатты түрде жабылады.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет