Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы «Сәулет» мектеп – лицейі



Дата23.05.2017
өлшемі223,37 Kb.
#16591
түріСабақ
Батыс Қазақстан облысы

Тасқала ауданы

«Сәулет» мектеп – лицейі

Күлшариева Бибігүл Сағиндыққызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Күні:

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы :5
Сабақтың тақырыбы: Мақал – мәтелдер, ғибраттық мәні

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: мақал-мәтелдер халықтың рухани қазынасы екендігі, олардың өзара ұқсастығы мен ерекшеліктерін, мақалдың ғибраттық, өсиеттік мәні, мәтелдің ишара, меңзеу тұрғысында қолданылатындығын түсіндіру.

Дамытушылық: тіл байлықтарын, ойлау қабілеттерін өз беттерінше салыстыру, қорытынды жасау және таным белсенділіктерін дамыту;

Тәрбиелік: мақал-мәтелдерді орынды пайдалана білуге, ұшқыр ойлы сөйлеуге, ұлжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың типі: Дәстүрлі емес, талдау сабағы

Сабақтың әдісі: Іздендіру, түсіндіру, сұрақ-жауап, даралық және топтық жұмыс.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, Қазақстан тарихы, орыс тілі, ағылшын

Сабақтың көрнекілігі: Кесте, сызбалар, үлестірмелі парақшалар

Техникалық құралдар: Проектор, ноутбук, слайд
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

А) Оқушыларды түгендеу

Ә) Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау

«Жаңа дос» (мақал-мәтелдердің сыңарын тауып, жұптасу)

Б) Оқушыларға жүрекшелер таратылып, бір-біріне тілек тілейді.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:


  1. Қоржындағы «Лексика» тарауы бойынша сұрақтарға жауап алу

  2. 122 – жаттығу

ІІІ. Жаңа білім мазмұны:

І. Ізденіс кезеңі

Үйден оқушыларға өз беттерімен ізденіп, мақал-мәтелдерді жазып, жаттап келуге берілген болатын.



Ұжымдық жұмыс. Оқушылар мақал-мәтелдер айтады.

Даралық жұмыс. Мақал-мәтелдің мағынасын ашып, өмірде тиімді қолдана білудің ерекшелігін дәлелдейді.

ІІ Жаңа білімді меңгерту кезеңі

Мақал мен мәтелдердің айырмашылығы мынада:

Мақалдың мазмұнында себебі мен салдары қатар айтылып, себебі айтылмай қалып қояды.

Мақал көбінесе құрмалас сөйлем күйінде келеді. Ал мәтел жай сөйлем күйінде келеді. Кейде баяндауышы айтылмаған толымсыз сөйлем күйінде келеді.

Мақал-мәтелдердің тақырыптары әр алуан болып келеді. Мысалы: Отан, еңбек, батырлық, достық, адамгершілік, оқу-білім т.б.




Мақал мен мәтелдердің өзіндік ерекшеліктері

Мақал

Мәтел

Құрылысы жағынан екі, үш бөлімді

Әке – асқар тау, шеше – қайнар бұлақ, бала – жағасындағы құрақ

Көбіне бір бөлімді болып келеді

Кәрі түлкі қақпанға түспес

Ой неғұрлым ашық айтылады

Батыр туса – ел ырысы, жаңбыр жауса – жер ырысы.

Ой-пікір ишара, тұспал түрінде беріледі.

Көп түкірсе – көл.

Ақыл, өсиет түрінде келеді

Бірлігі күшті ел озады, бірлігі жоқ ел тозады.

Көбіне эмоциялық реңк басым.

Қызым, саған айтам, келін, сен тыңда.



ІІІ Практикалық дағды кезеңі:
Балалар, сабақ барысында білімімізді ең биік шыңға көтеруге ұмтыламыз. Сіздер бағындыратын білімнің биік шыңы Білім пирамидасымен өлшенеді.

І саты (Оқушылық деңгей)

  1. Үш қатарға сөздер беріледі: Білім, тіл, дос.

Мақал-мәтелдер құрап, оларды қатыстырып, бір-екі сөйлем айтады.
ІІ саты (Алгоритмдік деңгей)
А) Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой және сол сөзді үш тілде айтып бер.(жұппен)

1. Мектеп - кеме, білім - ………..
2. Қорада малың болын, көшеде……… болсын
3. Адам көркі - шүберек,ағаш көркі - ………….
4. Жалғыз кірпіш қорған болмас, жалғыз ағаш ……..болмас.


5. Қыз өссе - елдің көркі, ………. өссе - жердің көркі.
6. ... таумен кездеспейді,


Адам адаммен кездеседі.

7. Тіліңмен жүгірме, ........ жүгір

8. Таяқ еттен өтеді,

... сүйектен өтеді.

9. ... тас жарады,

Тас жармаса бас жарады.

10. ... көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.
126-жаттығу. Мақал - мәтелдерді аяқтау.
ІІІ саты (Ізденімдік деңгей)


  1. Жеке жұмыс: 127-жаттығу. Мақалды бөлек, мәтелді бөлек жазу.

Мақалдар

  1. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

  2. Өсер елдің ақыны көп, өшер елдің әкімі көп.

  3. Ең әдемі сөз – ең ақылды сөз.

  4. Жақсы адамға жау жоқ.

Мәтелдер

  1. Кәрі түлкі қақпанға түспес.

  2. Екі қораз ен қораға сыймас.

  3. Ауыртпалық ақыл қосар.

  4. Ұжданы ақтың жүзі ақ.

  5. Қыздың көзі қызылда.

  6. Біреу күн нұрына малынса, біреу ай сәулесіне зәру.

  7. Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады.


Ә) 123-жаттығу. Қима қағаздардағы әр түрлі тақырыптағы мақалдарды оқып, тақырыптық ауыл - ауылға бөліп орналастыру.

Мысалы: 1. Туған жер, Отан.

2. Еңбек туралы.

3. Өнер-білім туралы.

4. Достық туралы.

Мақал-мәтелдерді аталған тақырыптар бойынша бөліп, ауыл-ауылға орналастырады. 


IV саты (Шығармашылық деңгей)
Оқушыларға үш қатарға тапсырмалар беріледі.(топтық жұмыс)

  1. Әр топқа тақырып беріледі. І қатар – Ата-ана

ІІ қатар – Отан

ІІІ қатар – Еңбек



  1. Тірек сөздерді пайдаланып, мәтін құрап айту

І. Ата-ана тақырыбына: аялы алақан, мейірім, парыз, сәби тілегі, «Қыздың ұяты – шешеге», «Шеше көрген тон пішер».

ІІ. Отан тақырыбына: қызмет ету, еңбегі жану, «Отанды сүю – отбасынан басталады», «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас», «Отан үшін отқа түс - күймейсің».

ІІІ. Еңбек тақырыбына: еңбек ету, маңдай тер, мақсат қою, «Еңбек түбі – береке», «Ердің артын – еңбек шығарар».

Сергіту сәті: БЕЙНЕРОЛИК: Тұрақты тіркестер мағынасы


Сабақты қорытындылау:

  1. Мақал-мәтелдер әдебиеттің қай түріне жатады?

  2. Мақал мен мәтелдердің айырмашылығы неде?

  3. Мақал мен мәтелдердің авторы кім?


РЕФЛЕКСИЯ


Үйге тапсырма: 134-жаттығу. Суреттер топтамасындағы 23-суретке әңгіме құрау. Құраған әңгімелерінде мақалдың болуын ескеру. 

Бағалау. Алдын – ала ұсынылған критерийлер бойынша бағалау


Оқушының аты - жөні

Өткенді қайталау

Мақал-мәтелді қолдана білуі

Полиглот

Оқулықпен, жаттығумен жұмыс

Шығармашылықпен

жұмыстануы

Қорытынды баға

































































Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет