3 тамыз
ГУБАНОВА ЛИДИЯ ИГНАТЬЕВНА
туғанына 95 жыл (1923)
Соғыс және еңбек ардагері, еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Губанова Лидия Игнатьевна 1923 жылы 3 тамызда Көкшетау облысында дүниеге келген. 1933 жылы Орал қаласы №6 мектепке барып, 1955 жылы кешкі мектепті бітірген.
1958-1962 жылдары Мәскеудегі мәдениет институтында оқып, кітапханашы- библиограф мамандығын алады.
Лидия Игнатьевна Губанова елу жылдан астам мәдениет саласында қызмет жасады, оның 30 жылын Батыс Қазақстан облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының директоры қызметіне арнады. Тұңғыш өлкетану каталогын құрастыру, «Орал облысындағы атаулы күндер тізбегі» библиографиялық құралын шығаруға үлес қосты.
Лидия Игнатьевна Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін «Қызыл Жұлдыз» орені, «Ерен ерлігі үшін», «Майдандағы ерлігі үшін», «Праганы азат еткені үшін» медальдарымен, Қазақ КСР-не еңбегі сіңген қайраткер» (1971), «КСРО-ның үздік мәдениет қызметкері төсбелгісімен екі рет (1975, 1985), Н.К. Крупская атындағы медальмен (1978), Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Қазіргі кезде құрметті еңбек демалысында, сондай-ақ «Фронтовичка» клубының мүшесі.
ӘДЕБИЕТТЕР
Абдыкалыкова Г. Ветеранам почет и внимание // Казахстанская правда.- 2010.- 6 мая.- С. 1,3
Бикбау М., Фронтовичка всегда в строю: О Губановой Л.И. / М. Бикбау// Библиотека.- 2013. - №9. - С.53.
Горохова Н., Пусть помнит мир спасенный / Н. Горохова//Приуралье.- 2010. - 22 апреля. - (№43). - С.13.
Митрохина А.Т., Бектенова С.С., Алевтина Тимофеевна Митрохина и Лидия Игнатьевна Губанова: Биографии фронтовичек / А.Т. Митрохина//Митрохина А.Т., Бектенова С.С. Женщины Победы.- Уральск: "Полиграфсервис", 2015.- С.86.
Смирнова Н., Ах, война, что ты сделала подлая...: Женщины Приуралья в годы войны / Н. Смирнова//Приближали как могли.- Уральск:WESTA, 2016.- С.186.
Достарыңызбен бөлісу: |