1-кесте. Орал округіндегі тәркілеуге жататын бай шаруашылықтарындағы мал саны.
№ Аудан-
дар
І/І-не
бол-
жаулы
мал
саны
І/І-нен
бастап
сойыл-
ған мал
саны
Декрет
шық-
қанға
дейін
сатыл-
ған мал
саны
Декрет
шыққан-
нан кейін
сатыл-
ғаны
Халық-
қа бөліп
беріл-
гені
Басқа
аудан-
дарда
жасы-
рыл-
ғаны
Басқа
да шы-
ғындар
Іс
жүзін
де
анық-
тал-
ғаны
І/І-
1928
ж.
белгі-
ленге
н мал
саны
1
Тайпақ
456
-
10
-
-
-
-
296
306
2
Орда
1393
112
385
38
4
4
-
709
1312
3
Талов
300
32
117
-
5
-
-
83
237
4
Шал-
қар
945
-
183
100
-
-
150
612
945
5
Шыжы
1170
-
77 1/2
43 1/2
8
5
-
554
688
6
Заурал
ь-ный
160
6
29
15
10
-
-
82
142
7
Қаратө-
бе
2120
230
114
38
-
4
-
-
1477
Барлығы
6544
370
915 1/2
234 1/2
27
13
150
4541
5251
1-кестеден көріп отырғанымыздай, бай шаруашылықтары малының шамамен 11 %-ын декрет
шыққанға дейін және бір бөлігін жарияланғаннан кейін сатып жіберген. Кесте бойынша мәліметтер
тек 7 аудан бойынша екендігін және бұл тізімнің ішінде неғұрлым мал басы көп Жаңақала, Жымпиты,
Сламихин тәрізді мал шаруашылықты аудандардың жоқтығын ескерсек, сатылған және жасырылған
мал саны әлдеқайда көп болғаны күмән туғызбайды. Сондай-ақ малдың округ шекарасынан тыс
аудандарға да (Астрахань, Сталинград, Гурьев) сатылуы туралы мәліметтер қолымызда
болмағандықтан, бұл сандық мәліметтердің әлі де толығуы мүмкін. Мұрағат құжаттарында бұл туралы
ішінара деректер бар. Мысалы, Тамалов есімді бай ірі қараға аударғанда 85 бас мал, Бесалиев 100 бас
малды Орынборға, Жұмағалиев 36 бас, Ғилманов 45 бас, Бөкейханов 160 бас малды, Көбеев құны 3820
рубль тұратын, т.б. сатып жіберген. Оған қоса көптеген аудандарда байлардың (Ш.Омаров, Мәмбетов)
округтан тыс аудандарға көшіп кету жағдайлары да көп кездеседі [14].
Жергілікті басшылар тәркілеудің жүзеге асырылуы – бай-феодалдардың мал-мүлкін тартып алу
ешқандай қақтығыссыз, киындықсыз өтті деген хабар жеткізумен болған. Алайда мұрағат қорларында
мұны теріске шығаратын айғақтар аз емес. Мысалы, Сұлтанов есімді бай балаларымен бірге малын
айдап шөл далаға жасырынған. Арнайы жасақ ұйымдастырылып, күшпен малды тәркілеу іске
асырылған. Мұндай жағдайда мал мен астықты жасырудың орын алуы және бай, ауқатты шаруалардың
науқанға қарсы үгіт-насихат жүргізуі әрине заңды құбылыс. Осындай себептермен 1928 жылғы қаңтар-
наурыз аралығында барлығы 37 адамның ісі округтік сотқа тапсырылады.
Тәркілеу науқанында кең тараған құбылыс - жергілікті билік өкілдері, ауыл кеңесі
басшыларының қызметтерінен жалтаруы немесе қарсы шығуы. Нәтижесінде 26 ауыл кеңесінің
басшылары және 1 аудандық атқару комитетінің төрағасы (Сламихин) қызметінен босатылады [15].
Бай шаруашылықтарын тәркілеу заңсыз жүзеге асырылды, күштеп ұжымдастыру саясаты
көшпелі өркениет ерекшеліктерін ескермеді. Тәркілеуге жататын нормаға жеткізу үшін орташалар
байларға жатқызылды, жеке отбасы шаруашылықтары біріктірілді. Орал округі бойынша 66
шаруашылықты тәркілеу нәтижесінде 15410 бас мал алу жоспарланған. Науқан қорытындысында 71
шаруашылық тәркіленгенімен, 1928 жылы 28 қарашадағы өлкелік партия комитетінің мәліметіне
қарағанда, 10271 бас мал, ал сол жылғы желтоқсандағы Ф. Голощекин мәліметінше, 10310 бас мал
алынған [16].
Қазақ өлкелік комитеттің 1928 жылғы 28 қарашадағы орталыққа жіберген мәліметтері бойынша
Орал округінде 71 шаруашылық, 10271 бас мал тәркіленген. Бір шаруашылыққа шаққанда орта есеппен
145 бас малдан келеді. Отырықшы аудандарда 12 шаруашылықтан 1319 бас мал, орташа есеппен
шаруашылыққа 109,9 бас мал, жартылай көшпенді аудандарда 59 шаруашылықтан 8952 бас мал,
орташа есеппен шаруашылыққа 151,7 бас мал тәркіленген. Жоғарыда атап өткеніміздей, осы жылдың
желтоқсанындағы мәліметтер бойынша, округ бойынша 10310 бас мал алынған болса, оның отырықшы
аудандардан алынғаны – 1446, бір ауданға шаққанда 131 бас мал, ал жартылай көшпелі аудандардан
8864, бір ауданға шаққанда 148 бас мал тәркіленген.
Тәркілеу науқанындағы көптеген асыра сілтеушіліктерді бүркемелеуге тырысқан Голощекин:
«136 шақты бай шаруашылықтарының тәркіленуі малы тым көп болғандықтан емес, ең бастысы,
олардың төңкеріске қарсылығына байланысты жүзеге асты. Олардың көпшілігі – бұрынғы патша
үкіметі кезінде қызметте болғандар» деп көрсетуге тырысып бақты [17].
Тәркілеу науқаны малмен шектелмеді. 1928 жылғы желтоқсандағы мәліметтер бойынша округ
байлары мен ауқатты шаруаларынан барлығы 83 киіз үй, 129 жер үй, 29 соқа-сайман, 32 шөп шабатын
машина, 87 ер-тұрман, 8 сепаратор, 147 кілем, 193 киіз, 45 басқа да тұрмыстық заттар тәркіленген [18].
Ф.Голощекин науқан қорытындысы жөніндегі мәліметінде: «Тәркілеудің негізгі мақсаты ауылдағы
кедей-кепшіктерге мал үлестіру арқылы қоғамдағы экономикалық-әлеуметтік жағдайға өзгерістер
енгізу болғандықтан, киіз үй, кірпіш, саман үй, жертөле, т.б. баспаналар, тұрмыстық заттар мен ауыл
шаруашылық құралдарды да тәркілеу қажеттігі логикалық тұрғыдан дұрыс» деп жазады.
Кеңестік ресми құжаттарда тәркілеу саясатының ең басты мақсат-міндеттерінің бірі қазақ
ауылын орташаландыру, соның негізінде ауылды кеңестендіру мен болашақ социалистік қоғамға жол
ашу, әлеуметтік іргетасын қалау деп көрсетіледі. 1928 жылдың 2-7 желтоқсанда өткен Қазақ өлкелік
партия комитеті ІІІ Пленумының қаулысында: «Тәркілеу науқанының барысы мен нәтижесі Өлкелік
комитеттің қазақ ауылы жөніндегі саясатының дұрыстығын дәлелдеді. Партия мен Кеңес өкіметінің
ауыл жөніндегі барлық шараларының, әсіресе, ауылды кеңестендіру, кедейлерге көмек, алым-
салықтағы жеңілдіктер, кооперация, жайылымдық, егістік жерлерді қайта бөлу және бай
шаруашылықтарын тәркілеу ауылдың орташалануына әкелді» делінді [19]. Шындыққа жанаспайтын
мұндай тұжырымдар ҚазАКСР ОАК мен ХКК-нің республика еңбекшілеріне арналған үндеуінде,
Голощекиннің орталыққа жіберген аса құпия мәлімдемелерінде де айтылады.
Ф.И.Голощекиннің қазақ байларын тәркілеу науқаны қитұрқы отаршылдық саясатының
құралына айналды, қазақтың зиялыларын қуғындауға жол ашты, қазақ халқын мал-мүлкінен айырудың
алғышарты болды. Жаппай ұжымдастыруға бағыт ұстау, оны зорлық-зомбылық, жазалау әдістері
арқылы жүргізу, бай шаруашылықтарын тәркілеу мен ауқатты шаруаларды меншігінен айыру дәстүрлі
қоғам ерекшеліктерін жоққа шығарушылықтан, қоғам дамуының заңдылықтарын ескермеуден
туындады. Бұл жөнінде сол жылдардың өзінде С.Сәдуақасов: «Қазақ өлкелік комитет пен
Голощекиннің қателігі қазақ байларын тәркілеу мен қазақ кедейлерін ұжымдастыру кезінде
басшылардың ұлттық-тұрмыстық ерекшеліктерді білмеуі мен білгісі келмегені Қазақстанда
миллиондаған мал мен адам құрбандығын тездетті» деп жазды. Бұл жағдай болашақта Батыс
Қазақстанның Орал округінде ауыл шаруашылығының тоқырауына, теңдесі жоқ демографиялық,
әлеуметтік-экономикалық дағдарысқа ұшырауына әкелді.
Достарыңызбен бөлісу: