Батыс Еуропаның XI-XV ғасырлардағы мәдениеті Білім және ғылым Дүние жүзіндегі түсінік ұлғайып



бет3/5
Дата07.02.2022
өлшемі20,4 Kb.
#83754
1   2   3   4   5
Байланысты:
Батыс Европаның XI-XV ғасырлардағы мәдениеті

Ғылыми білімдердің дамуы


Шіркеу дүниедегінің барлығы құдайдың дегенімен болатындықтан, адам табиғат сырына жете алмайды деп түсіндірді. Дінбасылардың ғылымға деген көзқарасын атақты дінбасы айқын көрсетті.
Шаруашылықтың дамуы шіркеу іліміне байланысы жоқ нағыз ғылыми білімнің пайда болуына жәрдемдесті. Шаруалар егістік жерді өңдеуді жақсартты, оның ерекшелігін білді, ауа райына, жануарлар мен өсімдіктерге бақылау жасады. Қолөнершілер металдар мен тастардың қасиетін зерттеді, түрлі тәжірбиелер жүргізді, бояу мен шыны жасады.
Орта ғасырларды астрология және алхимия сияқты ерекше ғылымдар дамыды. Астрология жұлдыздарға қарап, болашақты болжауға боладымыс дегенді айтты. Королбдап, қолбасшылар мен саяхатшылар қандай болмасын іске кірісер алдында астрологтармен ақылдасты. Алхимиктер кез келген металды алтынға айналдыра алатын «сиқырлы тасты» іздеумен шұғылданды. Алхимиктер бояуды, металл қорытпаларын, дәрі-дәрмектік заттарды алудың тәсілін ашып, жетілдірді, көптеген химиялық аспаптар жасап шығарды.
Қалаларда ғалымдар пайда болатын, олардың көзқарастары шіркеумен қайшы келді. XIII ғасырда Англияда атақты ғалым Роджер Бекон өмір сүрді. Ол бақылаудың және тәжірбиенің арқасында ғана білім алуға болады екенін дәлелдеді. Ол сол үшін түрмеде папаның бұйрығымен көп жылдар отырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет