XV ғасырда Батыс Еуропада үлкен құрылыс басталды. Бай шіркеу сансыз дінге сенушілерді сыйғызу үшін храмдарды кеңейтті. Құрылыстардың белағашы тас күмбердермен алмастырылды.
Роман храмы – биік мұнарлы алып ғимарат. Роман храмдары өзінің сұстылығымен және күрделігімен қамал тәрізденіп, католик шіркеуінің құрметіне сенім тұғызуға тиіс болды.
XII ғасырдың аяғынан бастап қала тұрғындары сауда үйлерін, ратушалар, соборлар, ауруханалар, қонақ үйлерін салды. XII-XV ғасырларда салынған құрылыстар готикалық құрылыстар деген ат алды.
Бейнелеу өнері …
Роман храмдарының қабырғалары суретке толы болатын, ол суреттерден құлшылық етушілерге «әулиелерге» мен құдайдың сұсты суреті қарап тұратын.
Бейнелеу өнерінің аса зор жетістігі кітап миниатюрасы болатын .
Әдебиет …
Ақындар халық өлеңдері мен аңыздарды жинады, феодалдардың соғыстағы ерлігі және басынан кешкен оқиғалары туралы өлеңмен жазылған романдар мен дастандар жазды.
Ең атақты эпикалық дастан – «Роланд туралы жыр» XII ғасырдың бас кезінде Францияда жазылды. Бұл дастанда Ұлы Карл Испаниядан шегінген кезде граф Роланд отрядының ерлікпен қырылғаны туралы айтылады.
«Роланд туралы жырдан» үзінді
Таянды ажал...
Граф та мұны сезінді,
Жиып ап бойға соңғы күш, соңғы төзімді,
Жүріп келеді қия алмай қарап өңірге,
Тіршілік семіп қан-сөлсіз осынау өңінде.
Көз алды – тұман ...
Қапасқа қайта төнді кеп , сілтеді семсер,
Қаһарын төгіп соңғы рет,
Шақыр да шұқыр тасты үгіп жатты бір уақта,
Болат семсер жүзі қайтпады бірақ та.