Готиканы орта ғасырлардағы қалалық және сарайлық мәдениет тудырады. Ол роман стилінің орнын басты. Готика стилі шіркеу сәулет өнерінде кең қолданылды. Сондай-ақ, ақсүйектер қауымы құрылыстарын (ратушалар, сауда орындары), қамалдар, тұрғын үйлер салуда да маңызды орын алды. Готика стилінде салынған ғимараттар зәулім биіктігімен, әсем нақыш, асқан сән-салтанатымен көз тартады.
Ортағасырлық Еуропа мәдениетінде, өзіндік ерекшелігі бар көркемдік стиль қалыптаса бастады. Ол – «роман» стилі болатын деген термин («роман тілдері» деген терминге ұқсас енгізілген, Рим мәдениетінен мирасқорлық деген мағына береді) . Азғантай уақыт шеңберінде өшпес даңқа ие болған бұл өнер стилі ХІ –ХІІ ғ., әсіресе сәулет өнері мен мүсін өнер саласында үстемдік етті жіне ірі соборлар құрылысында , оларды әшекейлеуде кеңінен қолданылды. Роман стиліндегі діни құрылыстар Рим сәулет өнерінің белгілерін мұра етті. Бұл құрылыстар өзінің көрнектілігімен, үлкендігімен, әсерлігімен және рациональдылығымен ерекшеленді.