Батыс түрік қағанаты



бет2/6
Дата07.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#92218
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қазақстан тарихы СО 21-24

Хронология




618-630жж
603-610 жж
610-618жж
Тардуш басқарды
627ж
634ж
630ж
640-657жж
659ж
704ж
VIIғ аяғы- VIIIғ. басы
Шегу биледі
Қытай мемлекеті Жетісуға басып кірді
қағанат әлсіреді
Тон қаған билік құрды
Византияға көмек үшін қол аттандырды
қағанатта билік үшін талас басталды
нушебилер қолдауымен Ешбар Елтеріс басқарды
түргеш тайпасы қағаны ҮшлікТаң империясымен соғыста беделге ие болды
Батыс Түрік қағанаты құлады
ТЕРРИТОРИЯСЫ

ШЫҒЫС түрік қағанаты




Шығыс Түрік қағандығы – Түрік қағандығы ыдырап, екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болған ортағасырлық түркілер мемлекеті (687 – 745). Түрік қағандығында саяси-әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, оның дербестікке ұмтылған жеке бөліктерінде оқшаулану үрдісінің күшеюі елдің шығыс және батыс болып екіге бөлінуіне алып келді. Бөліну шамамен 6 ғасырдың 90-жылдарына қарай басталды. Бұл кезде шығыс түркілер Қытайдағы Суй әулетіне қарсы соғысып жатты. 618 ж. Суй әулеті биліктен кетіп, орнына Тан әулеті келді. Тан әулетін билеген табғаштар түркілерге қарсы жаугершілік саясат жүргізіп, Шығыс Түрік Қағандығына қарасты тайпаларды (ұйғыр, теле,байырқы) орталық билікке қарсы айдап салып отырды. Ақыры 630 ж. табғаштар 100 мың қолмен басып кіріп, түркілерді өзіне бағындырды. Тан билігі жарты ғасырға созылды. Тәуелсіздікті қалпына келтіру үшін түркілер Тан басқыншыларына қарсы Білге Құтылық пен Тоныкөктің бастауымен көтеріліске шықты.


Көтерілісшілер 686 ж. Тан патшалығының орталық аймағы Синьчжоуға шабуыл жасады. Оларға тойтарыс берген қытайлар 687 ж. қарсы шабуыл ұйымдастырды. Түркілер қорғана отырып, қазіргі Моңғолия жеріндегі Орхон өзені бойындағы Өтукенге (моңғ. Отгон тэнгэр) қоныстанды және Білге Құтылықты “Елтеріс қаған” (“Елінің басын құраушы”) деген лауазыммен қаған көтерді. 693 ж. Білге Құтылық қайтыс болып, орнына інісі Қапаған қаған таққа отырды. Қапаған Тан патшалығының шекаралық (Цинпин) аймағына шабуыл жасап, Тоныкөкті Алтайдағы он оқ тайпасына немесе Батыс түріктерге қарсы жорыққа аттандырды. Тоныкөк жазба ескерткішінде айтылғандай Шығыс түріктер табғаштармен он жеті рет, қидандармен жеті рет, оғыздармен бес рет соғысып, ел іргесін Хангай жоталарынан Темір қапаққа дейін жеткізді. Қапаған мемлекеттік билік жүйесін орталықтандыру саясатын жүргізді. Тұрақты әскер жасақтады, әрбір тайпа орталыққа алым-салық төлейтін жаңа ереже енгізді. Бұл шаралар тайпа басшылары мен сарай маңындағылардың наразылығын тудырды. Қапағанның орталықтандыру саясатына Тоныкөк те қарсы болды. Нәтижесінде теле аймағы, қарлұқтар бастаған он оқ тайпасы Қытайдың көмегіне жүгініп, ұйғырлар батысқа ауды.


Қапаған қаған 716 ж. байырқылармен күресте қаза тапты. Осы жылы түріктер Білге қағанды (Могилян) қаған көтерді. Оның інісі Күлтегін батыр Шығыс түрік әскерінің бас қолбасшысы болды. Бұл Шығыс түркілер үшін аса ауыр кезең болды. Шығысынан табғаштар, батысында тоғыз-оғыз, қырық аз (қырғыз)құрықан, отыз татар, татабы, қытандар бірлесіп, елге қауіп төндірді. Күлтегін бастаған Шығыс түрік әскерлері олармен бірнеше мәрте шайқасып, уақытша тыныштыққа қол жеткізді. Білге қаған қудаланған Тоныкөк бастаған біліктілерді билікке қайта әкеліп, бөлініп кеткен тайпаларды күшпен біріктірді. Ел арасына бүлік салды деген айыппен Қапаған әулетінің біліктілері жазаланды. Дегенмен, Білге қағанның жағдайы ауыр, жауы көп болды. Соған қарамастан ол 724 ж. қытайлармен сауда қатынасын ретке келтіріп, нәтижесінде Шығыс Түрік қағандығы мемлекет ретінде 30 жылдан аса ынтымақ бірлікте өмір сүрді. Бірақ бұл ынтымақтастық ұзаққа созылмады. Себебі, Шығыс Түрік қағандығы көптеген тайпаларды күшпен біріктірген құрама мемлекет болатын. Әр тайпа реті келген сәтте орталық билікке қарсы бүлік шығарып отырды. Ақыры 745 ж. бас көтерген ұйғырлар Шығыс Түрік қағандығын біржолата талқандады. Шығыс Түрік қағандығы түркі халықтары тарихында мемлекет құру, азаттық үшін күрестің үлгісі мен ортағасырлық жазба мәдениетінің баға жетпейтін ескерткішін қалдырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет