- Бауыр циррозының диагностикасы келесі белгілердің болуына негізделеді:
- цитолиздік, холестаздық, портальдік гипертензия сивдромдарына жөне олардың бауыр-жасушалық шамасыздығымен бірге жүруіне;
- аталган синдромдардың лабораториялық-аспаптық зерттеулермен дәлелденуіне;
- бауыр циррозының морфологиялық белгілеріне (диагностика үшін ең нақтысы).
Дифференциалды диагностикасы - Бауыр циррозының көрінісі, бір қарағанда кейбір ауруларға ете ұқсайды, совдықтан оны айыру кейде қиындыққа соғады.
- Бауыр циррозының созылмалы гепатиттен
- айырмашылықтары - архитектоникасының айқын бұзылысы (морфологиялық зерттеудің нәтижесі бойынша), портальдік гипертензияның клиникалық белгілері (асцит, спленомегалия, веналық коллатеральдар, асқорыту жолынан қанның кетуі).
- Бауыр циррозын, өсіресе оның портальдік түрін келесі аУрулардан айыра білу қажет:
- Цирроз-рак жене бауырдың біріншілік рагы; бұл ауруларда асциттің дамуы қақпа венасының жөне оның тармақгарының тромбозынан, метастаздардың бауыр түбірі маңындағы лимфотүйіндеріне тарауынан және іш астарының карциноматозынан болады; бұл процестерді айыруға бауыр ісігінің маркері - а-фетопротеиннің табылуы, бауырдың УДЗ-і және лапороскопия мен ангиография көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |