2. Аминоқышқыл, липидтер, көмірсулар алмасуларының бауырдағы ролі. Қан плазмасы белоктарының бауырдағы синтезі.
Бауырда ішектегі амин қышқылдар және билирубин катаболизмінің өнімдерінің,улы емес несепнәрға айналатын азаоттық алмасудың өнімдері мен биологиялық аминдердің залалалсызданудан өтеді.Тағам көмірсулары корытылған кезде түзілген жэне ішектің қабырғасына сіңірілген моносахаридтер қан ағынымен бауырга жеткізіледі.Бауырга v. portae арқылы глюкозаныц жеткізілуі мен v. hepatica арқылы шығарылуы кезеңінде бауыр маңызды реттеуші кызмет атқарады да, қанда глюкозаның қалыпты, физиологиялық деңгейін сактауды қамтамасыз етеді, яғни глюкостатикалық қызмет атқарады.
Бауырдың глюкостатикалық қызметі бірқатар күрделі метаболитикалық процестермен, атап айтқанда, моносахаридтердің глюкозага өзара айналу реакциялары, метаболиттерден глюконеогенез процестері, бауырда глюкозаныц гликоген түрінде жинақталуы жэне гликоген мобилизациясы процестерімен қамтамасыз етіледі. Бауырда гликоген негізінен глюкозадан синтезделеді. Бауыр арқылы реттелетін қандағы глюкозаның деңгейінің реттелуі ағзаның барлық тканьдерінің, әсіресе жүйке тканінің энергиямен қамтамасыз етілуіне әсер етеді.
Бауырда глюкоза катаболизмы негізінен гексозомонофосфатты жолмен (пен-тозды немесе апотомиялық жол) жүзеге асырылады.Соның салдарынан әртүрлі синтездер үшін пайдаланылатын бос энергия бөлінеді, детоксикация процестерін қамтамасыз ету үшін, холестерин синтезі үшін, май қышқылдары синтезі жэне т.б. үшін пайдаланылатын НАДФН2-нің көп мөлшері түзіледі. Бұл жолда, сонымен қатар, нуклеотидтер мен нуклеин қышқылдарының синтезі үшін бауыр және басқа да тканьдер пайдаланатын пентозалар (рибоза) түзіледі. Бауырда глюкурон қышкылы мен мукополисахаридтер (гепарин) синтезі қарқынды жүреді.Сонымен қатар ішектен бауырға қан ағынымен липоидтар корытылуының өнімдері (холин, коламин жэне т.б.), сол сияқты ішек қабырғасында ресинтезделген фосфолипидтер, гликолипидтер, холестеридтер жеткізіледі. Бауырда фосфолипидтер синтезінің жылдамдығы қанда холестерин деңгейі артқан кезде баяулайды, ал кальций ион-дары фосфолипидтердің синтезін күшейтеді. Бауырда қан плазамасының а жэне р - глобулиндерінің көп бөлігі, фибриноген, протромбин жэне гемокоагуляция жүйесі мен қан ұюға қарсы жүйесінің басқа да факторлары синтезделеді. Бауыр ишемиясы, цирроз, токсикалық гепатит, өттің шығарылуының бұзылуы кезінде бауырда альбуминдер синтезі төмендейді. Ретикуло—эндотелиальды жүйе клеткаларының қызметі зақымдалған кезде глобулиндер синтезі төмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: |