Бауырдың биологиялық қызметі


Заттардың бауырдағы залалсыздануы (детоксикация): тотығу және конъюгация



бет3/22
Дата23.04.2020
өлшемі61,63 Kb.
#64499
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Биохимия Бауыр, буйрек Салта

3. Заттардың бауырдағы залалсыздануы (детоксикация): тотығу және конъюгация. Р450 и b5 цитохромдар қызметі.

Бауырдың ерекше қызметтерінің бірі - оның детоксикациялық кызметі болып табылады, оның нәтижесінде әртүрлі заттардыц метаболитикалық айналымында жасушаларда түзілген әртүрлі улы заттардың залалсыздандырылуы, ішекте аминқышқылдардың шіруі кезінде түзілген токсиндердің, биологиялық белсенді заттардың (гормондар, биогенді аминдер) инактивациясы жүреді. Айталық, бауырда аминқышқылдардың дезаминденуі кезінде түзілген аммиак мочевинага айналу арқылы залалсыздандырылады. Тәулігіне бауырда 25-30 грамм мочевина синтезделеді, ол зәрдің құрамында ағзадан шығарылады.Сапасыз тағаммен ағзаға келіп түскен бөтен қосылыстар (ксенобитиктер), токсиндер, дәрілік қосылыстар бауырда ыдырайды.



Бауырдағы залалсыздандырылу (детоксикация ), инактивация процестері мынадай 2 негізгі механизмдердің интеграциясы есебінен жүреді: - гидроксильдену реакциялары (тотығу) : - флавопротеид НАДФН2 - цитохром Р450 - редуктаза (ФАД) - адренодоксин (рубредоксин немесе ферродоксин) - цитохром Р 450 (Fe+++ « Fe++). Бұл ферменттерден улы заттардыц гидроксильденуі жүретін тыныс алу тізбегі қалыптасады. Адреноксинның кұрамында геминды емес темір бар, соның көмегімен бұл фермент цитохром Р450 темірін тотықсыздандырады. Әртүрлі дәрілік заттар, мысалы фенобарбитал, цитохром Р450 синтезін индукциялауы мүмкін, бұл жағдайда цитохром Р450 деңгейі мен белсенділгі 20 есе артады. Бұл процесс бауырда негізінен ароматтық қосылыстардың детоксикация процестерін жеделдетуші "қорғаныс" механизмы болып табылады. Конъюгация реакциялары бауырда залалсыздандырылу процесі улы заттарға әртүрлі қосылыстардың қосылуы арқылы жүруі мүмкін. Соның нәтижесінде улы емес ( белсенді емес ) конюгаттар түзіледі.

Улы заттарға қосылатын заттар ретінде бауырда мыналар пайдаланылады:

- глюкурон қышқылы (глюкурон қышқылының УДФ-ы)

- фосфо-аденозил

- фосфо-сульфат (ФАФС) құрамында болатын күкірт қышқылы

- глицин, глутамин

- таурин немесе цистеин

- ацетил КоА -дан ацетильды топ S

- аденозилметиониннен метильды топ.

Мысалы, глюкурон қышқылымен конъюгация реакциясы арқылы гемнің ыдырау өнімі -билирубин залалсыздандырылады, индол-күкірт қышқылы көмегімен, бензол - гликоколдың көмегімен залалсыздандырылады. Бауырда улы заттардың залалсыздандырылуы, биологиялық белсенді қосылыстардың инактивациясы метильдену реакциялары арқылы жүзеге асырылады, бұл конъюгация реакцияларының бір түрі болып табылады. Жаңа туған нәрестелерде бауырдың детоксикациялық қызметі нашар дамыған. Сол себепті балалар ағзасы токсиндер мен дәрілік заттардың әсеріне өте сезімтал болады. Бауырдың залалсыздандыру қызметі дәрілік заттарды, алкогольды мөлшерден тыс пайдаланғанда, вирусты гепатит кезінде және т.б. бұзылуы мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет