Соқтығысу жиі болған сайын химиялық реакцияның жылдамдығы жоғары
болады.
12.
Химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін фактор ? Концентрация,әрекеттесуші
заттардың табиғаты, температура, катализатор, қысым.
13.
Химиялық кинетиканың негізгі заңы ? Әрекеттесуші массалар заңы.
14.
Әрекеттесуші массалар заңына анықтама ? Температура тұрақты болғанда реакцияның
жылдамдығы әрекеттесуші заттар концентрациясының көбейтіндісіне тура пропорционал.
v = k · сa(A) · cb (B)
15.
Егер реакция бірнеше сатыда жүрсе, онда барлық процестің жылдамдықтарының
қосындысы оның ең баяу жүретін бір сатысының жылдамдығымен анықталады, бұл саты
қалай аталады ? Лимиттеуші саты.
16.
Молярлық концентрацияға тура пропорционал жылдамдыққа әсер ететін фактор ? Қысым.
17.
Реакция концентрациясын арттырғанда реакция жылдамдығының өзгерісі ? Артады.
18.
Химиялық реакция жылдамдығына қысым қалай артады ? Қысым артқанда химиялық
реакцияның жылдамдығы өседі, қысым төмендегенде жылдамдық кемиді.
19.
Әрекеттесуші масслар заңы қай кезде қолданылмайды ? Әрекеттесуші массалар заңы газдар
қоспасы мен ерітінділер үшін орындалады, ал
қатты заттар
қатысатын реакциялар үшін
қолданылмайды.
20.
Гетеронгенді реакция жылдамдығы неге тәуелді ? Гетерогенді реакциялар жылдамдығы
реагенттердің әрекеттесу бетіне
, олардың
араласу деңгейіне
тәуелді.
21.
Химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін маңызды факторлардың бірі — әрекеттесуші
заттар табиғаты. Осыған мысал келтіріңіз ? Қалай түсінесіз ? Мысалы металдардың
қышқылдармен әрекеттесу реакциясының жылдамдығы олардың табиғатына тәуелді.
Бауыржан Бақытжанұлы
+7 747 140 1400
Химия мектебі
З а ч е т
4 | 7
Мысалы, магнийдің тұз қышқылымен әрекеттесу жылдамдығы (сутектің бөліну
жылдамдығы) мырышқа қарағанда жоғары, ал темір мырышқа қарағанда тұз қышқылымен
баяу әрекеттеседі. Ал мыспен реакцияға түспейді.
22.
Реакция жылдамдығына температураның әсері қандай ? Көптеген реакциялар жылдамдығы
температура көтерілгенде өседі.
23.
Реакция жылдамдығының температураға тәуелділін тұжырымдайтын ереже ? Вант-гофф
ережесі.
24.
Вант-гофф ережесіне анықтама беріңіз ? Температураны әр 10°С-қа көтергенде реакция
жылдамдығы 2—4 есе өседі.
25.
Вант-гофф ережесіндегі γ мағынасы қандай ? Химиялық реакция жылдамдығының
температуралық коэффициенті, ол әрекеттесуші заттар температурасын 10°С-қа көтергенде
жылдамдықтың неше есе өсетінін көрсетеді.
26.
Белсенді соқтығысулар заңы деген не ? Химиялық реакцияға әрекеттесетін заттардың
жеткілікті энергиясы бар белсенді молекулалары ғана қатысады. Бөлшектердің тиімді
соқтығысуы нәтижесінде атомдардың аралық тобы — белсенді кешен түзіледі.
27.
Белсендіру энергиясы деген не ? Реакцияның жүруіне қажетті бастапқы заттардың
бөлшектерін белсендіру үшін жұмсалатын ең аз мөлшердегі энергия белсендіру энергиясы
Е
б
(кДж/моль) деп аталады.
28.
Белсендіру энергиясы неге тәуелді ? Әрекеттесуші заттардың табиғатына тәуелді, ол
реакцияның жылдамдығын анықтайтын негізгі факторлардың бірі болып табылады.
29.
Белсендіру энергиясы неге жұмсалады ? Белсендіру энергиясы бастапқы заттардағы
химиялық байланысты әлсіретуге немесе үзуге жұмсалады.
30.
Реакция жылдамдығының температураға тәелділігін анықтайтын теңдеу ? Аррениус
теңдеуі.
31.
Белсенді молеклулар санын анықтайтын заң ? Максвелл- Больцман заңы.
32.
Химиялық реакцияны тездететін, бірақ реакция нәтижесінде жұмсалмай қалатын заттар ?
Катализатор.
33.
Өршіткі қатысында жүретін реакциялар қалай аталады ? Катализдік реакциялар.
34.
Өршіткілердің түрлері ? Гомогенді және гетерогенді.
35.
Гомогенді катализдік реакциялар қандай реакциялар ? Әрекеттесуші заттар мен өршіткі бір
агрегаттық күйде болатын катализ гомогенді катализ деп аталады.
36.
Типтік гомогенді өршіткілер ? Қышқылдар мен негіздер.
37.
Гетерогенді өршіткілер ? Металдар, олардың оксидтері.
38.
Биоөршіткілер деген не ? Құрамы нәруыздардан тұратын ферменттер.
39.
Химиялық реакцияның жылдамдығын баяулататын заттар ? Тежегіштер/ ингибитор.
40.
Өршіткіні “уландыратын”, яғни оның белсенділігін төмендететін немесе катализдік әсерін
толығымен тоқтататын заттар ? Катализдік улар.
41.
Кең тараған катализдік уларды атаңыз ? Н
2
О, СО, СО
2
, H
2
S, N, P, As, Sb және т.б. жатады.
Бауыржан Бақытжанұлы
+7 747 140 1400
Химия мектебі
З а ч е т
5 | 7
Химиялық тепе-теңдік
1.
Химиялық реакциялар жүру бағытына қарай нешеге жіктеледі ? Қайтымды, қайтымсыз
реакциялар деп жіктеледі.
2.
Қайтымды реакциялар қандай реакциялар ? Берілген температурада бір мезгілде өнім түзілу
жағына да, бастапқы зат түзілу жағына да, яғни қарама-қарсы бағытта жүретін химиялық
реакция қайтымды реакция деп аталады.
3.
Қайтымды реакциялар ? Аммиак синтезі, озон түзілу реакциясы.
4.
Тура және кері реакциялардың жылдамдықтары теңескен жүйе күйі қалай аталады ?
Химиялық тепе-теңдік.
5.
Қандай факторлар тұрақты болғанда жүйенің тепе-теңдік күйі ұзақ уақыт сақталады ?
Температура мен қысым.
6.
Тепе-теңдік константасының сандық мәні не ? Реакция өнімдерінің шығымын сипаттайды.
7.
Константаның мәні 1 ден үлкен болса ? Константа мәні неғұрлым көп болса, бастапқы заттар
реакция өнімдеріне көп мөлшерде түзіледі.
8.
Константаның мәні ден аз болғандағы мәні ? K
T–T
< 1 бастапқы заттардың мөлшері көп, яғни
өнім шығымы төмен.
9.
Химиялық тепе-теңдікке әсер ететін фактор ? Концентрация, қысым, температура.
10.
Бастапқы заттардың концентрациясын арттырғанда тепе-теңдік қайда ығысады ? Өнім жаққа.
11.
Өнімнің коцентрациясын кемітсек тепе-теңдік қайда ығысады ? Өзіне қарай ығысады.
12.
Тепе-теңдікке қысымның әсері қандай ? Қысымды арттырған кезде тепе-теңдік көлемі аз
заттар түзілу бағытына, ал керісінше қысымды төмендеткенде көлем ұлғаятын реакция
бағытына ығысады.
13.
Тепе-теңдікке температураның әсері қандай ? Температураны көтеру тепе-теңдікті
эндотермиялық, ал төмендету экзотермиялық реакциялар бағытына ығыстырады.
14.
Өршіткі тепе-теңдікке әсер етеді ме ? Әсер етпиді.
15.
Ле Шаталье-Браун принципіЛе Шаталье-Браун принціпіне анықтама ? Егер химиялық тепе-
теңдіктегі реакцияның жүру жағдайларын (температураны, концентрацияны немесе
қысымды) өзгертетін болса, тепе-теңдік сол сыртқы әсерді әлсірететін бағытқа қарай
ығысады.
Бауыржан Бақытжанұлы
+7 747 140 1400
Химия мектебі
З а ч е т
6 | 7
Бауыржан Бақытжанұлы
+7 747 140 1400
Химия мектебі
З а ч е т
7 | 7
Достарыңызбен бөлісу: |