Бауыржан Бақытжанұлы
+7 747 140 1400
Химия мектебі
З а ч е т
1 | 7
11-13 сабақ бойынша зачет сұрақтары
Зачет тақырыптары
Тотығу-тотықсыздану реакциялары
Химиялық реакция жылдамдығы
Химиялық тепе-теңдік
Тотығу-тотықсыздану реакциялары
1. Тотығу-тотықсыздану реакциясы деген не ? Қосылыстарды құрайтын элемент
атомдарының тотығу дәрежелерінің өзгеруімен жүретін реакцияларды айтады.
2. Элементтердің, иондардың тотықтырғыш не тотықсыздандырғыш екенін қалай
анықтаймыз ? Бұл заттың құрамына кіретін элементтердің тотығу дәрежелерінің
мәніне байланысты. Тотығу-тотықсыздану реакцияларында тотығу дәрежелері
жоғары атомдар тек қана тотықтырғыш, тотығу дәрежелері төмен болса, тек
қана тотықсыздандырғыш, ал тотығу дәрежелері ауыспалы атомдар реакция
типіне және оның жүру жағдайларына байланысты тотықтырғыш та,
тотықсыздандырғыш та болуы мүмкін.
3. Тотығу дәрежесі жоғары атомдар қандай қасиет көрсетеді ? Тек тотықтырғыш
4. Тотығу
дәрежесі төмен атомдар қандай қасиет көрсетеді ? Тек
тотықсыздандырғыш
5. Тотығу дәрежесі аралық атомдар қандай қасиет көрсетеді және қандай
процестерге қатысады ? Тотықтырғышта және тотықсыздандырғыш бола
алады(реакцияға қатысушы екінші затқа байланысты электрондарды әрі беріп
жібереді, әрі қосып алады;) және әрі тотығу, әрі тотықсыздану процестеріне
қатысады.
6. Маңызды тотықтырғыштарды атаңыз ? Маңызды тотықтырғыштарға: оттек,
озон, галогендер, азот қышқылы, концентрлі күкірт қышқылы, сутек пероксиді.
7. Маңызды тотықсыздандырғыш атаңыз ? Маңызды тотықсыздандырғыштар:
сутек, металдар, көміртек, көміртек (ІІ) оксиді.
8. Тотығу-тотықсыздану реакциясының неше типі бар және атаңыз ? 4 типі бар .
Түрлері:
молекулааралық ттр,
молекулаішілік ттр,
Өздігінен тотығу, өздігінен тотықсыздану реакциялары,
Диспропорциялану (дисмутация) және конпропорциялану (конмутация).
9. Молекулааралық тотығу-тотықсыздану реакциялары қандай реакциялар және
мысал келтіріңіз ? бастапқы заттардың құрамына кіретін элемент атомдарының
тотығу дәрежелері өзгереді: Fe
2
O
3
+ 3CO = 2Fe + 3CO
2
10.
Молекулаішілік тотығу-тотықсыздану реакциялары қандай реакциялар және
мысал келтіріңіз ? бастапқы бір заттың құрамындағы әртүрлі элемент
атомдарының тотығу дәрежелері өзгереді: 4FeSO
4
= 2Fe
2
O
3
+ 4SO
2
+ O
2
11. Өздігінен тотығу, өздігінен тотықсыздану реакциялары қандай реакциялар ?
Бұл процестерде тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш рөлін бір ғана элемент
атомы атқарады.
Бауыржан Бақытжанұлы
+7 747 140 1400
Химия мектебі
З а ч е т
2 | 7
12.
Өздігінен тотығу, өздігінен тотықсыздану реакциялары неше түрге бөлінеді ?
диспропорциялану және конпропорциялану
13.
Диспропорциялану (дисмутация) деген қандай реакция ? элементтің тотығу
дәрежесі бастапқы мәннен үлкен және кіші мәнге ие болатын процесс. Мысалы:
Cl
2
+ H
2
O → HClO + HCl
14.
Конпропорциялану (конмутация) деген қандай реакция ? Бул процесс
барысында әртүрлі тотығу дәрежесіндегі бір ғана элементтен түзілген өнім
аралық тотығу дәрежесіне ие болды. Мысалы: SO
2
+ 2H
2
S → 3S + 2H
2
O
15.
Қандай заттар әрі тотықтырғыш, әрі тотықсыздандырғыш бола алады? Мысал
келтіріңдер. Тотығу дәреежсі аралық болатын элементтер, мысалы күкірттің
0,+4, фосфордың 0,+3 сияқты қосылыстары
16.
Аммиак молекуласындағы азот неге тек тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді?
Себебі азот ең төменгі тотығу дәрежесін көрсетіп тұрғандықтан ол электрон
қосып ала алмайды.
17.
Тотығу процесі дегеніміз не ? Атом, молекула не ионның электрондарын беру
процесі
18.
Тотықсыздану процесі деген не ? Атом, молекула не ионның электрондарын
қосып алу процесі
19.
Тотықтырғыш дегеніміз не ? Электрон қосып алатын атом
20.
Тотықсыздандырғыш дегеніміз не ? Электрон беріп жіберетін атом
21.
Металдар әрқашан электрон береді,ол қандай қасиет көрсетеді?-
тотықсыздандырғыш
22.
Элементтер тотығу дәрежесі өзгеруіне байланысты қай топқа бөлінеді ? 3 ке
жіктеледі , олар: төменгі тд, аралық тд, жоғарғы тд
23.
Егер элемент 0 ден +2 қарай өзгерсе ол қандай процесс ? Тотығу процесі
24.
Егер элемент -3 тен +4 ке қарай өзгерсе ол қандай процесс ? Тотығу процесі
25.
Егер элемент 0 ден -2 қарай өзгерсе ол қандай процесс ? Тотықсыздану процесі
26.
Жай заттардың тотығу дәрежесі ? Нөлге тең
27.
Тотығу дәрежесі деген не ? Атомдардың шартты заряды
28.
Сутектің қосылыстарда сутектің тотығу дәрежесі ? +1
29.
Гидридтерде сутектің тотығу дәрежесі ? -1
30.
Пероксидтерде оттектің тотығу дәрежесі ? -1
31.
Оттек фторидіндегі оттектің тотығу дәрежесі ? +2
32.
Периодты түрде элементтердің тотықтырғыш қасиеті қалай өзгереді ? Артады
33.
Топ бойынша элементтердің жоғарыдан төмен қарай тотықсыздандырғыш
қасиеті қалай өзгереді ? Артады
34.
Тек ғана тотықтырғыш қасиет көрсететін галоген ? Фтор
35.
Тотығу процесінде элементтердің тотығу дәрежесі қалай өзгереді ? Артады
Бауыржан Бақытжанұлы
+7 747 140 1400
Химия мектебі
З а ч е т
3 | 7
Химиялық реакция жылдамдығы
1.
Кинетика нені зерттейді ? Химиялық реакциялардың жылдамдығын және оның әртүрлі
факторларға тәуелділігін зерттейтін химияның саласы. Химиялық кинетика гомогенді
реакцияның да, гетерогенді реакцияның да жылдамдығын зерттейді.
2.
Химиялық реакцияның жылдамдығы деген не ? Химиялық реакцияның жылдамдығы деп
бастапқы заттардың немесе өнімнің біреуінің концентрациясының уақыт бірлігіндегі өзгеруін
айтады.
3.
Реакцияның орташа жылдамдығының формуласы қандай ?
4.
Химияялық реакция жылдамдығының өлшем бірлігі ? Химиялық реакцияның жылдамдығы
тек оң шама болады және ол моль/л · с, моль/л · мин өлшенеді.
5.
Біртекті ортада жүретін реакциялар қалай аталады ? Гомогенді реакциялар.
6.
Гомогенді реакцияларға мысал келтір ? г+г, с+с;
7.
Гетерогенді реакциялар деген не ? Әртүрлі фазадағф заттардың әрекеттесуі нәтижесінде
жүретін реакциялар.
8.
Гомогенді реакциялардың жылдамдығы қалай анықталады ? Әрекеттесуші заттардың неимесе
өнімнің біреуінің концентрациясының уақыт бірлігіндегі өзгерісімен анықталады.
9.
Гомогенді реакция жылдамдығын анықтайтын формула ?
10.
Гетерогенді реакцияның жылдамдығы қалай анықталады және формуласы ? Фаза бетінде
аудан бірлігінде белгілі уақыт ішінде әрекеттесетін заттардың не өнімнің зат мөлшерінің
өзгерісімен анықталады.
11.
Реакция жылдамдығына бөлшектердің соқтығысуы қаалй әсер етеді ? Химиялық реакция
— әрекеттесуші заттар бөлшектерінің соқтығысу нәтижесі. Бөлшектердің соқтығысуы
атомдардың жаңаша топтасуына және жаңа өнім түзілуге әкелетіндей тиімді болуы тиіс.
Бөлшек
саны көп болған сайын соқтығысу да көп болады, соқтығысу көп болған сайын жылдамдық та
көп болады.
Достарыңызбен бөлісу: |