Тапсырмалар 1-тапсырма



Дата07.02.2022
өлшемі27,56 Kb.
#84294
Байланысты:
Асан Нурлыхан ДТ-Ф-20к


Тапсырмалар
1-тапсырма

  1. Зат массасының сақталу заңы масса сақталу заңы, реакцияға қатысқан заттар (реагенттер) массаларының қосындысы реакция нәтижесінде түзілген заттар (өнімдер) массаларының қосындысына тең. Химиялык реакция кезінде реакцияға түскен заттардың молекулалары бұзылып, оны кұраушы атомдар басқаша топтасып жаңа молекулаларды түзеді. Реакция барысында атомдардың сандары өзгермейді, сондықтан олардың массалары да өзгермеуге тиісті.
    Реакцияға қатысқан заттардың массасы реакция нәтижесінде түзілген заттардың массасына тең болады. Бұл тұжырым зат массасының сақталу заңы деп аталады.
    Оны тәжірибе жүзінде орыс ғалымы М.В. Ломоносов 1748 жылы ашқан, ал француз ғалымы А. Лавузье де 1789 жылы осындай қорытындыға келген. Бұл заңның жаратылыстану ғылымдары үшін маңызы өте зор, химия ғылымында сандық катынастарды пайдаланудың өзі осы заңға негізделеді.
    1. Барлық химиялық теңдеулер осы заңның негізінде кұрылады.
    2. Бүл заң жаратылыстың жалпы заңының бір көрінісі: жоқтан бар пайда болмайды, бар нәрсе із-түзсіз жоғалып кетпейді.
    3. Осы заңды пайдаланып, сандық есептер шығаруға болады.



  1. Құрам тұрақтылық заңы алынған жолына қарамастан химиялық қосылыстың құрамы тұрақты болатындығын тұжырымдайтын заң. Оны 19 ғасырдың басында француз ғалымы Ж.Л. Пруст (1754 — 1826) ашты. Мысалы, мұнда су тікелей сутек пен оттектің әрекеттесуі арқылы алынады; суды кез келген қышқыл мен негізді немесе кез келген органикалық қышқыл мен спиртті әрекеттестіру арқылы да алуға болады. Алынған жолына қарамастан судың құрамы тұрақты, яғни судың әр молекуласы 2 сутек атомы мен бір оттек атомынан тұрады. Ондағы элементтердің массалық үлесі: сутек 11,11%, оттек 88,89%. құрама тұрақтылық заңы тек газ тәрізді және сұйық қосылыстарға тән.



  1. Эквиваленттер заңы. Химиялық элементтер бір – бірімен әрекеттесіп қосылыс түзгенде, ондағы элементтердің мөлшерлері әр уақытта тұрақты болатынын құрам тұрақтылық заңы көрсетеді. Сондықтан химияға эквивалент түсінігі енгізілді. Эквивалент – екі элементтің немесе екі заттың бір – бірімен қалдықсыз әрекеттесетін тең мөлшерін көрсетеді. Элементтің эквиваленті дегеніміз сутегі атомдарының 1 молімен әрекеттесетін немесе сондай молді қосылыстан ығыстырып шығаратын мөлшерін айтады.




  1. Авогадро заңы идеал газға қатысты негізгі заңдардың бірі; температурасы (Т) мен қысымы (п) бірдей әр түрлі газдың бірдей көлеміндегі (В) молекулалар саны да бірдей болады. Оны 1811 жылы Италян ғалымы А. Авогадро (1776 — 1856) ашқан. АВОГАДРО ЗАҢЫ бойынша 1 кмоль-ге тең кез келген идеал газ қалыпты жағдайда (р=101325 Па=760 мм сынап бағанасы және Т=0 Ц) 22,4136 м³ көлемді алады. Ал 1 мольдегі молекула саны Авогадро тұрақтысы деп аталады.

  2. Еселік қатынас заңы химияның негізгі заңдарының (стехиометрия заңдарының) бірі. Бұл заң бойынша екі элемент бір-бірімен бірнеше молекулалық қосылыс түзетін болса, онда бір элементтің екінші бір элементтің масса бірлігіне келетін массаларының қатынастары бүтін сандардың қатынасындай болады. Ал құрылымы молекула емес қосылыстар үшін олардың құрамына кіретін элементтердің бірінің екінші элементтің белгілі бір массалық бөлігіне келетін мөлшерінің өзара қатынасы бөлшек сандар қатынасындай болуы мүмкін. Соңғы кездері құрам тұрақтылық заңына бағынбайтын көптеген стехиометриялық емес қосылыстар белгілі болды. Мысалы, титанның құрамы алу жолына тәуелді болатын ТіО0,58—1,33, ТіО1,45—1,56 және ТіО1,9—2,0 формулаларымен сипатталатын оксидтерінде еселік қатынас заңы сақталмайды. Тіпті құрамы молек. қосылыстар үшін де еселік қатынас заңы орындалмайды. Мысалы, азот қосылыстарындағы оттектің белгілі бір массасына келетін азот массасының қатынасы бүтін сандардың қатынасындай болмайды. Сол сияқты, көміртектің оксидтерінде де еселік қатынас заңы тек бір жақты орындалады. Дегенмен, еселік қатынас заңының тұжырымдалуы атом түсінігінің қалыптасуында үлкен рөл атқарды. Еселік қатынас заңын 1803 жылы ағылшын ғалымы Дж. Дальтон ашты.



  1. Газдардың көлемдік қатынас заңы әрекеттесуші газдардың көлемдерінің бір-біріне және олардың әрқайсысының реакция нәтижесінде түзілген газ тәрізді өнімдердің көлемдеріне қатынасы кіші бүтін сандар қатынасындай болатындығын сипаттайды. Мысалы, Һ2+Цл2=2ҺЦл әрекеттесуші сутек пен хлор және реакция нәтижесінде түзілген хлорсутек газдарының көлемдерінің бір-біріне қатынасы ең кіші бүтін 1:1:2 сандарының қатынасындай. Көлемдік қатынастар заңын 1808 ж. француз ғалымы Гей-Люссак (1778 – 1850) ашқан. Бұл заң, біріншіден, молекулалардан да кіші бөлшектердің бар екендігіне көз жеткізсе, екіншіден, Авогадро заңының ашылуына себепкер болды.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет