Отбасы
Бибіжамал Мұқанқызы Момышкеліні. Бауыржаннан екі жас кіші, ақсары, сұлу кісі. Бибіжамал Мұқанқызынан тұңғыш баласы Бақытжан Момышұлы дүниеге келді.
Строева Вера Павловна — өнер саласына еңбек сіңірген кісі. Ерінің әдебиетке келуіне себепші болды.
Коркина Клавдия Григорьевна — опера театрының әртісі, сыған қызы. Бұл кісіден Елена Бауыржанқызы дүниеге келді (16.09.1947 жыл)
Бахытжамал Калибековна — шет тілдер институтының аспиранты, 13 жыл бірге болды.
Зейнеп Ахметова Бауыржанкеліні — Бақытжан Момышұлының жұбайы, жазушы, қазақы дәстүрлерді насихаттаушы. Қайынатасы туралы мемуар кітаптар мен мақалалар жазады.
Батырдың 100 жылдығы
Алматы қаласындағы Бауыржанға арналған ескерткіш
2010 жылы қыркүйектің 14-і күні Алматыда «Қазақтың Бауыржаны» атты деректі фильм көпшілікке таныстырылды. Фильмді үкімет тапсырысымен Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арнап режиссер Қалила Омаров түсірді [2].
2010 жылы желтоқсанның 10-ы күні Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағында совет-герман соғысының қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлына тұрғызылған ескерткіш салтанатты жағдайда ашылды Жалпы биіктігі 6 метрлік ескерткіштің тұғыры граниттен, ал батырдың мүсіні қоладан құйылған. [3].
2010 жылы Республика бойынша Бауыржан Момышұлының 100-жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтті.[4]
2010 жылы қыркүйек айында Бауыржан Момышұлының 30 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты. [5]
2010 жылы 10 желтоқсан күні Алматы қаласында Бауыржан Момышұлына арналған ескерткіш ашылды.[6]
Достарыңызбен бөлісу: |