Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя" повесі


Үбіш – Рәзияның тұңғышы, Үбиан, Сәлима, Әлима– Бауыржан Момышұлының әпкелері



бет2/2
Дата06.03.2023
өлшемі32,09 Kb.
#171258
1   2
Байланысты:
Ұшқан ұя

Үбіш – Рәзияның тұңғышы, Үбиан, Сәлима, Әлима– Бауыржан Момышұлының әпкелері.

  • Серкебай – әжесінің інісі, нағашысы, алпысқа келіп қалған, күрт мінез ашуы адырайып тұрған қатал кісі. Етсіз қыр мұрыны, қысыңқы көз, ашаң жүзді, қияқтай мұрты екі езуін жиектеп, селдір ұзын сақалы кеудесіне түседі. Айналасын айбарымен меңдеп алатын өркөкірек, ескі дәуірдің қатал әміршісіндей.

  • Қожамқұл – ауылдағы жалғызбасты жарлы адам. 1916 жылы қара жұмысқа алынды.

  • Орманқұл – Бабастың кенжесі, орта бойлы, атжақтау,қалың қара қасты, мұнаркөз, қыр мұрын, қара мұрт, қабасақал жігіт, күйші.

    Повестегі тарихи оқиғалар[өңдеу | кодын өңдеу]

    • 1916 жылы – ұлт азаттық көтеріліс жылы.

    • 1917-1918 жылдар – төңкеріс жылдары, "жылан жылы", "ашаршылық жылы", "патша құлады", жаңа заман, жаңа заң жайлы айтыла бастады. Жаңаша жер бөліс орнады. Қалың мал жойылды, "әйел теңдігі" туралы айтыла бастады. Кеңес өкіметі қалыптасуының алғашқы жылдары суреттелді.

    Ұшқан ұя


    (Повестен үзінді)
    1
    Менің бабам Имаш мың да тоғыз жүз он бірінші жылы тоқсан жа сында дүние салған. Орта бойлы, орақ мұрын, от жанарлы сол шымыр шалдың төртінші перзенті менің әкем Момыналы екен. Оны жұрт Мо мыш деп кеткен.
    Әжемнің аты Қызтумас еді. Қартайғанда сары кемпір атанған. Жарықтық, аса ажарлы, ақ дидарлы кісі екен. Ондай ару ол кезде ел ара сында некенсаяқ. «Ұл біткеннің бәрі қазанның түп күйесіндей әкесіне тартып қара болды, қыз жағы өзіме тартып аққұбаша ажарлы шықты» деп отыратын еді, жарықтық. Әжем өзінің ұлдарына өңшең аққұбаша аруларды айттыруға ынтық болған. Соның кесірінен менің әкем Момыш отыз үш жасына дейін салт басты, сабау қамшылы жүріпті. Әкем со дан айтыс қуып, әндетіп жүрежүре отыз үш жасында Байтана руынан Әбдірахманның Рәзия атты қызына үйленіпті. Ол менің шешем еді. Ол кісі мен үш жасқа толартолмаста қайтыс болған. Анамның қандай кісі болғанын тек әжем мен әкемнің әңгімелерінен ғана білемін.
    Қайран әжем өлеөлгенше Рәзия келіннің қазасына қайғырып өтті. Мезгілмезгіл тоқаш қуырып, ас пісіріп, келіннің аруағына бағыштап құран оқытар еді.
    – Жатқан жерің жаннат болсын, маңдайыма сыймай кеткен пе ріштем Рәзия, – деп өзіненөзі отырып, көзіне жас алып қайғыратын. Сөйтіп, Рәзиядан қалған немерелерінің басынан сипап, маңдайымыздан сүйетін.
    Рәзияның тұңғышы Үбіш, онан кейінгілер Үбиан, Сәлима, Әлима кілең қыз бала болады.
    Момыш әкемнің айтуынша, мен мың да тоғыз жүз оныншы жылдың қысында, ескіше декабрьдің жиырма төртінде туыппын. Әкем ол күні Әулиеата шаһарында екен. Мен туған соң Имаш бабам жанжаққа кісі шаптырып, әкеме де хабаршы жіберіпті.
    Біздің ауылдың Байтоқ деген кісісі алпыс шақырым Әулиеатаға ат са былтып жетіп, әкем жатқан үйге кіріп келіп, бір ауыз сөз айтуға дәрмені келмей, Момышты құшақтап жылай беріпті. Әкемнің қарындасының үй іші үрпиісіп, бір жаманат хабар жеткен екен деп, қорқып қалады. Ақыры бәрі Байтоқты жұлмалай, «не боп қалды, айтсаңшы» деп тақақтағанда ғана Байтоқ:
    – Жеңешем ұл тапты, – депті.
    Үрейден үрпиіскен жұрт енді мәзмейрам болып, қуаныштары қойын дарына сыймай, Байтоққа сүйіншісін беріп аттандырыпты.
    Әулиеатадан әкем қайтып келгенде, ағайынжегжат құтты болсынға жиналып қалған екен.
    – О, Момыш, балаңның бауы берік болсын!
    – Ақментей бабасындай батыр болсын!
    – Ақмоладағы Батырбасыдай мәрт болсын!
    – Бәйдібек батырдың аруағы қолдасын!
    – Домалақ анамыз жар болсын! – десіпті.
    Сөйтіп, шілдехана тойға ұласыпты. Той соңында Имаш атам алақан жайып, ел қарияларынан бата сұраған екен.
    – Төл немерең – бел немерең ғой. Бата жөні де өзіңдікі, – десіпті ақсақалдар. Сонда Имаш бабам былай деген екен:
    Алатаудың қыраны мол еді – Қырағы болсын, құлыным.
    Қойнауы суға мол еді – Бұлағы болсын, құлыным.
    Елінің тілегі зор еді –
    Шырағы болсын, құлыным.
    Ата тілегі оң еді –
    Құмары болсын, құлыным. Бұл жер батырлар төрі еді – Сыңары болсын, құлыным.
    2
    Жарық дүниеге келгеніме екіүш ай болғанда, шешем мені күн көзіне шығарып, Имаш атамның алдына әкеліпті. Атам ерте көктем алдында ағаш отырғызып жүр екен.
    – Атасының қолын ұзартып, қолғабыс беруге келді, – депті шешем ізетпен иіліп.
    Атам еміреніп, мені алақанына алыпты. Қолыма жас бұтақ ұстатып:
    Құрық деп берсем, құл болма, Шыбық деп берсем, шіл болма.
    Бәрінен де шырағым, Баяны жоқ ұл болма, –
    деп келініне мені қайтарып берген екен.
    Атасымен алғашқы дидарласуының құрметіне деп, алғашқы өсиет өмірлік өнеге болсын деп, әкем сол күні кешке мал сойып, ауыл ақса қалдарының басын қайта қосыпты.
    3
    Мен туғанда әкем елуді еңсеріп қалған кісі екен. Әжем жарықтық әкемді балаларымның ішіндегі еті тірісі осы болды деп отырар еді. Әкем өз бетінше талпынып жүріп, ескіше сауатын ашып алыпты.
    Содан өлеөлгенше өз бетінше оқыптоқыған адам. Ол есепқисапты тәуір білетін. Тіпті орыс алфавитін де ежіктеп шығара беруші еді. Жас күнінде ағаш ұста болыпты, етікші де атаныпты, тәуіпшілдігі де бар екен. Әсіресе зергерлікті жақсы көрген. Біздің елде одан өткен зергер ұста болмаған. Жігіт күйінде қызкеліншектің көңілін аулау амалымен үйренген зергерлік өнерін әкем қартайғанда тастамаған. Мұнда ол соққан сақинабілезікті салып жүрген көзі тірі кемпірлер бар. Ал ол кемпірлер бір кезде уылжыған жас еді ғой.
    Әкем өз жанынан өлең шығарып, жиынтойда айтысқа да түсіп жүріпті. Ескі ақынжыраулардың термелерін, қиссаларын жақсы көріп тыңдайтын. Бірақ жатқа айта алмаушы еді.
    Момыш әкем ат жалын тартып мініп, бозбала халге жеткенде, Имаш бабам шаруа билігін соның қолына беріпті. Ауылдағы келінкепшікті бір шыбықпен айдайтын адуынды Қызтумас әжемнің өзі де:
    – Момыштан сұраңдар, Момыш біледі, – деп отырады екен.
    Ағайынтуған арасындағы алысберіс, көшіқон мәселесі, астой, дау дамай – бәрібәрі Момыштың араласуынсыз шешілмеген. Әлдеқалай ол жол жүріп кетсе, сапардан қайтып келгенше тірлікті соған қаратып, жо лын күтіп отыратын болған. Имаш бабамның көзі тірісінің өзінде біздің шағын ауылды «Момыш ауылы» дейді екен.
    Шаруамыз шапшағын еді. Біздің үйдің іші қартайған Имаш бабам нан бастап, есін ендіенді біліп келе жатқан баласына дейін жеген на нын табанақы, маңдай терімен тапқан. Ешкімді жалдамаған, ешкімге жалданбаған.
    Жас кезінде әкемді әйелдер жағы «Молда бала» дейді екен, кейін «Ұста бала» дейтін болыпты. Ал әжем оны «Қара қатпа» деуші еді. Әкем орта бойлы, арық, қара кісі еді. Маңдайы жапжазық, қасы қалың, көзі шүңгіл еді. Сол арықтығына қарамай, керемет күшті болатын. Әжем оны «Тарамыс» деп те атайтын. Сол күштілігіне бола атаса керек. Мен бірде әжеме:
    – Неге «Тарамыс» дейсіз? – деппін әкемді кемсіткен екен деп.
    – Не десе де шешемнің еркі, – деп күлді әкем.
    – Қарай гөр, мына жаманды, әкесіне болысып жатырей, – деп әжем өтірік ашуланған болды.
    Әлі есімде, бір рет әкемнің Момынқұл дейтін інісі әжеме:
    – Қойшы, апа! – деп дауыс көтеріп қалып еді, әжем тарс кете жаздап:
    – Сен тұрмақ, Момыш маған осы күнге дейін бетіме тік қарап сөйлеген емес. Сен қайдан шықтың, иттің күшігі! Жоғал, көзіме көрінбе! – деп үйден қуып шықты.
    – Не болып қалды? – деп әкем кіріп келді. Әжем оны аймалап, арқасы нан қағып:
    – Анау інің көргенсіздеу болып бара жатыр. Жөнге сал туысқаның ды, – деді.
    – Мақұл, апа, сазайын тарттырайын. Бірақ ұрмайақ қояйын, мақұл ма, апа? – деді.
    – Мейлің, – деп күрсінді әжем.
    Момынқұл көкем сол түні қой қорада түнеп шықты. Таңертең әкем оны жақсылап сөгіп салып, басқа бір ауылға бір аптаға аттандырып жіберді. Сол екі ортада әжем енді Момынқұлды сағынып:
    – Әй, әлгі тентек неме қашан келеді? – деп қайтақайта сұрай бергені ғой, жарықтық.
    Тағы бір жай ойыма оралады… Киіз үйдің төрінде бір топ ауыл ақсақалдары жамбастай жайғасып, баппен қымыз ішіп отыр екен… Әкем дастарқан шетінде қымыз құйып отыр. Ол мені ымдап шақырды да, құлағыма: «Сен немене, аталарыңа сәлем беруді ұмытпа дегенім қайда», – деп сыбырлады. Мен қатты қызарақтап, үйден шыға жөнелдім. Сыртта біраз тұрдым да, нық басып үйге қайта кірдім. Көпшілікке қол қусырып тұрып: «Ассалаумағалейкүм, аталар», – деп әр сөзді қадапқадап айттым.

    Бұған, әрине, бәрі күлісіп жатыр. Әйткенмен мені араз етіп алмау үшін, бәрі де бір ауыздан: «Әлейкүмассалам!» – десті. Сонан соң әрқайсысы маңдайымнан сипап мақтайды. Жақсы сөзге мәз болып, мен әкемнің тізесін ала жайғасамын. Ол басымнан сипап отырып: «Жарайсың, ба лам! Үйге кіргенде әрқашан үлкендерге сәлем беруді ұмытпа. Әдепті бала сөйтеді», – дейтін.
    4
    Әкем маған ататегіміздің атыжөнін үйретуші еді.
    – Кімнің баласысың? – деп сұрайтын.
    – Мен Момыштың ұлымын.
    – Момыш кімнің баласы?
    – Момыш – Имаштың баласы.
    Осылайша жеті атаға дейін жетелеп отырып санатады.
    Ал келген қонақ ең алдымен атымды сұрайтын. Сонан соң менің жеті ата жөніндегі білімімді тексеретін.
    Ел танудың басы ең алдымен осылай басталатынын ол кезде кім білген.
    8–3452
    5
    Әжем малдың «тілін» ұғуды үйретуші еді.
    – Қозы маңырайды, бұзау мөңірейді, құлын кісінейді, бота көзі мөлдіреп аңсайды, қодық ақырады…
    Әжем бұған зұлым қасқыр, жымысқы түлкі, дәрменсіз қоян, сүйкімді құс, сұрапыл сұңқар жайлы ертегілер айтатын.
    6
    Кейде менің өнеге алған, тәлім үйренген, дәріс оқыған ұстаздарымды еске түсіріп, ойға бататыным бар. Сондай шырын шақтарда ең алдымен атааналарымның бейнесі елестейді. Солардың уағызы басымырақ бола береді…
    Өйткені есейе келе көрген көп ұстаздарым талайталай тағылымға бой ұрғызғанымен, солардың бірдебірі нақ өзімнің әжемдей, әкешешем мен ауылдың қадірлі ақсақалдарындай өсиет айдынына жүздіре алған жоқ, молынан құлаш сермете алған жоқ десем, ардақты ұстаздарымның көңіліне келмес. Бұл сезім өзіме қанымның тартқанынан немесе жақыныма сезімімнің бөлектігінен, әлде атаанаға деген парызымның молдығынан ғана туып отырған жоқ. Өмір шындығының өзі ақиқатқа бас ұрары даусыз. Дүние тарихы, жаратылыс шежіресі, жанжануар болмы сы жайлы алғашқы әңгімені әжемнен естігенімді, адамзат қауымының қалыптасуы туралы тұңғыш мағлұматты әжемнен алғанымды қалай ғана ұмытармын… Иә, әлемнің пайда болуы, тірлік дамуы, адамзаттың шығуы, өмір жайлы, шынайы сезіммен азаматтық тұрғысындағы жан баурайтын аңыздарды айтқан; ненің жақсы, не жаман екенін, нені сүйіп, неден аулақ жүруді үйреткен; ар заңының, әдеттің жинағынан алғашқы тарауларды таныстырған да ең алдымен атаана, ағайынтуған еді. Әрине, ол кезде мен де өзге сәбилер сияқты әжем айтқан ертегі мен аңыздардың түпкі байыбына бара бермейтінмін, әке әңгімесінің өсиетін ұға бермейтінмін және үлкендердің талайталай өнегесін орындай бермейтінмін… Ол кезде мені қызықтыратыны ертегіаңыздардың ғажайып оқиғалары еді… Енді міне есейіп, ер ағасы болғанымда ойласам, мен сол әңгімелерден адамзат өресінің өрісін тани берген екем ғой…
    Менің ұстаздарым әріптен бастап буынға дейін, сонан соң ақ қағазға қаламмен өрнек жазуға дейін үйретті. Келекеле жүйелі оқып, есепті жүйрік шығаруға қол жетті. Ал өмірдің өзі ше? Осынша ғұмырымның ішінде түрлітүрлі күрделі жағдайда; толқымалы тоқсан сырлы кезеңде кездесіп дидарласқан, тағдырлас болған, табақтас болған адамдар ше? Мамыражай сәттерден мазасыз майданға көшіріп, көбік шашқан өмір дариясының бір толқынынан екінші толқынына аямай лақтырған уақыт ше? Осының бәрі де менің тірлігімдегі тірек болған, жүрек болған, қол ұшын берген, қорған көрсеткен ұстаздарым деп білем. Осындай уақыт талқысы ғана, өмір өткелдері ғана, тірлік тізбегі ғана менің әжемнен үйренген «жақсы», «жаман», «мақұл», «немақұл» деген сөздердің ба йыбына терең бойлата алды.
    Әжемнің «осылай болған екен» деген сөздері мені бірде ғасырлардың шыңырауына сапар шектірсе, бірде құс қанатындай демеп, ілгері ұмтылдырды, биікке самғатты…
    Міне, енді өзім де әке болып ұл өсіріп, қыз өсіріп отырғанда, не мере сүйіп мейірленген сәттерде олар да маған аңғал да адал, бірақ құштарлыққа толы шынайы сұрақтар береді. Тағы сол сәтте осы балаларымның дәл мен сияқты ғұлама әжелері азайып бара жатқанына қайта өкінем, қабырғам қайысады.
    «Қаншаға келдің, қарағым?»… деп қай баладан сұрасаң да, өз жасын мақтанышпен айтатыны мәлім. Қазір жыл сайын баланың туған күнін тойлау дәстүрге сіңіп болған әдет. Ал менің балалық шағымда туған жыл ды, туған күнді емес, мүшелді кезеңдерді тойлаушы еді. Алғашқы мүшел – нәрестенің қырқынан шығатын күн. Бұл күні үй ішінде емес, ауыл аймақта да көтеріңкі көңіл, көп шаттық үстем болатын. Екінші мүшел – баланың жеті жасқа толған күні. «Жетіге келгенше бала жерден таяқ жейді» деп тегін айтылмаған ғой. Сол жетіге толған күні өрен аяғын жерде нық басты деп санайды. Азаматтыққа аттанар жолдың алғашқы қадамы да осы жерден басталса керек. Атаана мен төңірекке бұл үлкен қуаныш. Ендігі мүшел – 13 жас. «Он үште отау иесі» деген мақал бар. Бұл енді оңдысолыңды тани бастадың, ер санатына іліктің, сенімен есеп тесер, ақыл бөлісер кезең келді деген сөз. Енді сен өзгенің жетегінен гөрі өзің тізгін ұстағанды, өзің ат жалын тартып мінгенді қалайсың. Азамат мүшелінің алды осы. Ең ақыры толықсыған жігіт шақтың мүшелі – жиыр ма бес жас.
    Әкем маған жастайымнан қазақша жыл қайыруды, күн мен ай ат тарын, жыл аттарын жаттатты. «Тышқан жылы, сиыр жылы, жылан жылы, жылқы жылы, мешін жылы, тауық жылы, доңыз жылы, қоян жылы, қой жылы, барыс жылы, ит жылы, ұлу жылы» деп жаттаушы едім. Алайда әкем сол жылдардың мәнін, неліктен осылай аталатынын түсіндірген емес.
    Бірде әкеме жаттағандарымды жаңылмай айтып бердім. Ол мені мақтап арқамнан қақты. Осы мақтауға масаттанып, әжем отырған үйге жүгіре жөнелдім. Сондағы ойым – білгенімді тақпақтап, олардан да құптау сөз есіту еді…

    Үй іші қоңырсалқын екен. Әжем қос сабаумен тулақты кезеккезек тарсылдатып жүн сабап отыр. Сабау дыбысына құлақ тоссаң, әлдебір әуен сазын ойнағандай сезіледі. Екі әпкем мен жиен қызымыз біреуі жүн тасып, екіншісі тулаққа төсеп, үшіншісі ұршық иіріп, көмектесіп жүр… Мен дүниені көшіріп жіберердей ентелей келіп, әжемнің иығынан сілкілей беріппін:
    – Әже, әже, тоқташы! Не үйренгенімді айтып берейінші.
    – Құлынымау, сабыр етші. Мен жүнімді сабап болайын. Сонан соң асықпай тыңдаймын ғой, – дейді әжем еркелетіп.
    Енді менің екпінім бәсеңдеп, әжемнің қасына отыра кеттім де, жүн шашып ойнай бастадым. Кіші әпкем түйдекті жұлып алып, итеріп жіберді. Қатты ызаланып, мен оны «маймылсың» деп келемеждедім.
    Әпкем өкпелеп, жағымнан тартып жіберді.
    – Неге маймыл дейсің?
    – Өйткені сен маймыл – мешін жылы туғансың.
    – Ал онда сен доңызсың. Өйткені сен доңыз жылы туғансың! – деп әпкем маған тілін шығарып келеке етті.
    Мен шыдап тұрайын ба, ызаға булығып, әпкеммен жұлқыса кеттім.
    Әжем мейірлене күліп, екеуімізді арашалап жүр.
    – Құрманкүл қай жылы туған?
    – Тауық жылы, – деді әжем.
    Құрманкүл тұлымы желбіреген жіпжіңішке нәзік қыз еді.
    Бәріміз енді оны «жүнін жұлған тауық» деп мазақтадық.
    Құрманкүл сөз таба алмай жылап жіберді…
    Сонда ғой әжемнің бәрімізді отырғызып, ыстық күлше үлестіргені. Сөйтіп, өзі ортаға отырып алып, әдемі аңыз айтып едіау.
    – Балаларым, құлақ салып тыңдаңдар. Көңілге түйіп, ұғып алыңдар. Жаппар ием жарық дүниені, Күн мен Айды, жарық пен қараңғыны жа ратарда, күнге, аптаға, айға және жылға ат қоюды ұмытып кетіпті… Жер бетіндегі тірі дүниенің бәрі, жанжануар күн санауды, уақыт өлшеуді білмей, бейберекет жүре берген екен. Ақыры дүниенің сапырылысқаны сонша, тіптен кімнің үлкен, кімнің жас екенін ажыратудан қалыпты. Жасты бойға қарап өлшейтін болыпты. Кімнің бойы ұзын болса, үлкені сол деп есептеліпті. Қытымыр қыс қашан түсіп, көгілдір көктем қай кезде келерін, жадыраған жаз мөлшерін, берекелі күз кезеңін ешкім де ажырата алмайды екен. Сондықтан қой мен түйенің жүні түлемей сабалақ боп жүріпті. Адамдар болса қойдың өлі жүнін, күзем жүнін қырқуды да білмепті. Жаратушы ием, осы сансапалақ сапырылысқан тірлікке зер сап тұрып, дүниеге көңілі толмайды. Сондықтан да адамдар ды саналы тірлікке үйретпек болады. Адамдар уақытты өлшей білсін, уақытпен санаса білсін, уақытты қастерлей білсін, ол үшін айды аптаға, аптаны күндерге, ал жылды он екі айға бөлу керек деп түйіпті Тәңірі. Сонда адамдар мал төлдеп, аққа ауызы жетер кезді біледі; жүн қырқып, киіз басатын уақытты біледі; жаз жайлауға шығатын шақты сезетін бо лар депті. Сөйтіп, Тәңірі әр айды жыл мезгілімен атайтын болыпты. Ал Айға адамдардың көмекшісі бол, жүзіңді ашыпжауып тұрып, есеп жүргізуге көмектес депті. Жұлдыздар күн райының хабаршысы болады деген екен.
    Осылайша адамзат ұзақ жыл өмір сүріпті. Күндердің күнінде жыл мезгілі қайтадан ауысып кетіп, адамдар жаңылысып қалады. Бір жыл бір жылға ұқсас: көктемнен көктемнің, қыстан қыстың айырмасын аңғара алмай, адамдар аңтарылып отырыпты. Сондықтан да олар өткені ізсіз, болашақтан бейхабар қала берген екен.
    Жаратушы Тәңірінің жар құлағы жастыққа тимей, күндізтүні ойға батыпты. Ақыры жанжануар, аң біткенді жинаған екен. Осы жиында өз ойын білдіріпті. Енді есеп жүргізуді он екі айдың есебінен мүшел бойынша енгізетінін айтады. Ол үшін он екі жылдың әр жылын жануар лар атымен атайтынын баяндайды. Сондықтан жанжануар тегіс жазық далаға шығып, таң сәулесін күтсін. Шығыстан күн көтеріліп, алғашқы алтын нұры жер бетіне төгілген сәт жыл басы болсын. Сол нұрды бұрын көргеніңнің атымен бірінші жылды атаймын. Екінші көргендердің екінші жылға ие боласыңдар. Осылайша он екі жануар он екі жылға иеленеді деген екен.
    Аң біткеннің барлығы ашық алаңға жиналып, бозала таң атқанша бірбіріне мақтана бастайды. Біреулер көзінің қырағылығына, біреулер өзінің жүйріктігіне сеніп, күн сәулесіне бәрінен ерте жететініне шүбәсіз болады. Ал түйе болса маңғаз басып, ырғала ыңыранып, ернінен көбік шұбыртып, мойнын сан құбылтып, төңірегіндегінің біреуін де көзіне ілмей жатқан екен… «Таласып таусыла беріңдер, бейшаралар, босқа болдырғанша, алаңсыз тыныға берейін. Мен сендер сияқты күн сәулесін күтіп шығысқа жүгірмеймін де, көз майын тауысып, төңірекке үңілмеймін де. Құба жондай бойым бар, құлашқұлаш мойын бар. Осы жатқан күйімде мойнымды бір созсам, бәрің жер бауырлап қаласыңдар. Күн шапағы шашырарда мен мойнымды созып жіберіп, жыл басын өзім көрермін әлі. Тәңірден алғашқы жылдың атын өзім алып қайтам», – деп тікенек күйсеп жата береді.
    Бейшара тышқан өзінің дәрменсіздігін мойындап, жан ұшыра бе зек қағады. Мынау жатқан алып түйенің қасында ол өзін құмырсқадай сезінгенде бар болмысы шиыршық ата шиқылдапты. Сонда да жылдан дәмелі неме емес пе, әркімге жалбарына қарап, жалына сұрақ беру мен болған екен: «Мен қайтемін? Мен қайтемін?!» – дей беріпті. Тіптен түйенің қасына келіп, шыңғыра шиқылдап, одан да әлгі сұрағына жа уап іздейді. Маңғаз түйе мойнын да бұрмай, ақкөбік жынын тышқанға бүркіп жіберіпті де, былай депті: «Масадай болған бейшара, мазамды алмай көзіңді жоғалтшы. Сенің бойың шөптен де аласа, шөңгемен тең емессің бе? Кеудеңде жаның бар демесең, кесек құрлы мыжып кетуге жа рамайтын сорлы, сен жылдан дәметпейақ, жайыңа жүрсең қайтеді…» – деп көзін жұмып, ыңыраныпты түйе.
    Тымық түн төңіректі әлдилеп, дүниені тептегіс маужыратқан кез орнапты. Сонан соң көгілдір аспанның көздеріндей болып жұлдыздар ойнақшыпты. Сары далада тек қана әлсінәлсін алыстан шиебөрінің ұлыған үні естіліп тұрған екен. Онан өзге дыбыс та, онан өзге сыбыс та білінбепті… Айналаны торуылдаған аң біткеннен бәрі күншығысқа қадалған күйі көз ілмей күткен екен…
    Міне, таң арайы таңдайланып, алыс көкжиекті ақ сүтке шомылдыра бастапты.
    Түнімен тағатсыз күткен жанжануар безек қағып, берекесі кетеді.
    Біреуі мойнын созып, бірі секіріп, алғашқы сәулені алдымен көруге арпалы сып жүр. Қу түлкі болса, құйрығын бұлғақтатып, әр тұстан жылт етіп бой көрсете береді…
    – Ее, осыларды қойшы… Маған не асығыс бар, – деп есінепті түйе.
    Кенет оның төбе тұсынан шіңкілдеген үн естіліпті:
    – Мен көрдім, мен көрдім! Алтын сәулеге шомылған ақша бұлт көтеріліп келеді.
    Бұл түйенің төбесіне шығып алып бәрінен бұрын жыл басын көрген тышқан еді.
    – Үнің қайдан шығып тұр, құмалақтай болған сен бәленің? – деп бұрылыпты түйе.
    – Мен сенің төбеңде тұрмын. Бәрі анық, бәрі әдемі көрінеді екен. Алғаш көрген өзіммін, жыл басы да өзіммін! – деп тышқан мәз болып шиқылдапты. Ашулы түйе басын сілкіп қалғанда, байғұс тышқан атқан кесектей ұшып «мен бірінші көрдім» деп, айқайлаған күйі алысқа топ ете түскен екен.
    Жыл басы тышқаннан басталатыны содан, құлындарым. «Түйе бойы на сеніп, жылдан құр қалыпты» деген мақал осыдан шыққан ғой. Кейде «түйедей бойың болса да, тышқандай ақылың жоқ» деп неге ұрсады дейсің адамдар. Бұл бойыңа сенбе, ойыңа сен, мақтан сөзге ерме, мағыналы тірлікке ер дегені. Сондықтан түйеге ұқсап орынсыз түксие бермеңдер, шырақтарым. Ақылға жүгініңдер», – деп күліп еді әжем.
    Осы сәтте үйдің шаңырағынан бір қарлығаш ұшып кірді. Мұны сезген ұядағы шақалақ балапандар ауызын ашып, қорек тілей бастады. Бәріміз де төбеге қараппыз. Қарлығаш төбедегі ұясының шетіне жайғасты да, балапандарын кезектеп жемдей бастады. Алғашқы шақалақтың ауызы на жем тастап жіберген қарлығаш қайта ұшты. Қарлығаштың аспанға тік атылып, қанат қақпай қайтадан төмен құйылғаны шаңырақтан айқын көрініп тұр. Көп ұзамай, ол екінші балапанға жем әкелді. Осы лайша қалқып ұшып, қайта кіріп қанаты талды ма, ақырғы балапанын жемдеген қарлығаш енді ұя ауызында отырып тарана бастады. Шір кіннің сүйкімдісіай.
    – Фьюю! – деп ысқырып жібердім де, әжемнің сабауын ала салып, қарлығашқа сілтеп үркіттім.
    – Ее! Жаман бала болмасаң етті! Бұзақының тірлігі ғой мынауың – деп, әжем қолымнан ұстай алды. – Қарлығашқа неге тиесің? Бұл киелі құс екенін, адамның досы екенін білмеуші ме ең, сен бейбақ? Бала панын емінеркін ұшырып, бақытын тапқанша бұл құс менің үйімнің төріндегі ең қадірлі қонағым ғой… Қонағыма қол көтергенің – мені де сыйламағаның емес пе, шұнағым, – деп ұялтып тастады.
    Қыздар мені мұқатқанына мәз болып күліседі.
    Сонда әжем мені бауырына тартып, маңдайымнан иіскеп былай деп еді:
    – Қоя ғой, құлыным. Кел, алдыма отыршы, мен саған қарлығаштың құйрығы неге айыр болғанын, масаның тілі неге жоқ екенін айтып берейін.
    Мен қуанып кеттім. Өйткені әжемнің әңгімесі ерекше баурап, жаны мызды жайлап алатын:
    – Ұлы патша Сүлеймен деген өтіпті баяғыда, – деп бастайтын әжем әңгімесін. – Ақылы асқан, жер бетінде де, су астында да, аспан әлемінде де әділдігімен әйгілі екен. Патша барлық жанжануардың, құртқұмырсқа, бақашаянның, балықтың тілін біліпті. Күндердің күнінде патшалығына жау шауып, әлек салғанда, жау бетін у себелеп қайтарған жылан екен.
    Бұл баға жетпес ерлікке риза болған Сүлеймен патша жыланға:
    – Қалауыңды айт, не тілесең соны берем, – депті.
    – О, ұлы патшам, – депті жылан үш оралып жатқан күйінде басын қаздитып, – жалғызақ тілегім бар. Мен және менің ұрпақтарым жер бетінде ең тәтті қанды сорып өтсе деп тілеймін…
    Сүлеймен біраз ойланып қалыпты. Алайда хан сөзі қашан да біреу емес пе?!
    – Айтқаның болсын. Кімнің қаны тәтті екенін өзің ата, – деген екен.
    – О, ұлы патшам, – деп шағыныпты жылан, – кімнің қаны тәтті екенін мен қайдан білем. Мен бір Құдайдың сүйкімсіз жаратылған жәндігі емеспін бе. Көргеннің бәрі жиіркене жиырылады, бар денем тас тай, өн бойымда жылу жоқ, ешкімнің мейірімін көре алмай, ешкімнің құшағына ене алмай қалған жексұрын бейбақпын ғой. Қауызқауыз алапес денемді көргенде, тірі жанның бәрі тітіркеніп теріс айналады. Ұшарға қанат жоқ, жүрерге аяқ жоқ – бауырмен жер сызған бейшара мын. Қусам жете алмай, қашсам құтыла алмай, қор боп жүр емеспін бе? Тіптен күн сәулесінің өзі менен қашып, тайғанақтап тұрмайды. Амал сыз құмда қыздырынып, ұзақ уақыт жатқаным. Аяғы барлар алыс тан қашады. Қанаты барлар қалықтап асады. Осы мүсәпір халіммен кімнің қаны тәтті екенін қайдан білейін? Басқасын былай қойғанда, Алла тағала сілекейімнің өзін у етіп жаратыпты!
    Әділетті Сүлеймен әбден ойланыпты. Тірі жанның қайқайсысын бол са да азапты өлімнің ауызына апарып беру оңай дейсің бе?! Сүлеймен патша соны ойлап, көп кідіреді. Амал қанша, уәденің аты уәде. Пат ша жарлығы екі айтылмаған. Уәдесін қайтып ала алмайды. Неде болса орындау керек.
    Содан патша ине тұмсық шаққыш жәндіктерді шақырыпты да, дүниенің төрт бұрышына жұмсапты. Ұшып жүріп, жанжануарларды шағып, қанын сорасыңдар, сонан кімнің қаны тәтті екенін анықтап қайтасыңдар деп, жарлық етіпті. Патша жарлығын бұлжытпай орындауға шабармандар ұша жөнеледі.
    Содан талай күндер өтеді. Шабармандар қан татып, қара біткеннің бәріне қонады. Кеудесінде жаны бардың бәрі тегіс келер хабарды қалтырап күткен екен. Бақытсыз күн қайсы сының басына орнарын білмей, жан дарын қоярға жер тап пап ты. Жылан тілінен, жылан уынан өлуді кім тілейді дейсің.
    Осындай үрейлі уақытта қарлығаш күн сайын қанаттының бәрінен бұрын аспанға ұшып шығып, хабаршылардың алдын тосумен шолғын шолады. Бір күні ол салпақтап ұшып, самарқау ызыңдап келе жатқан ха баршы масаны көріпті. Хабаршы біткеннің алды осы маса еді. Қарлығаш оны көріпті де, алдынан қарсы шығыпты. Жай білуге асығып, жайдары амандасқан болыпты.
    – Аманбысың, масажан… Басыңнан бақ кетпесін. Сапа рың оң болды ма? Сүлеймен патшаның қарауындағы аспан мен жерде, тау мен көлде, жазық пен жапанда қандай жаңалық бар екен? Не көріп, не білдің? Не тұшынып, не түйдің?
    Маса қарлығаштың сәлемін көңілді қабылдамай, әңгімеден тайқып, патша жарлығын орындап келе жатқанын, енді соны естіртуге асығыс екенін білдіріпті.
    – Онда мен сенің жолсерігің боп ұшайын. Әңгімеңді де жолай ес тір мін, – депті қарлығаш.
    Екеуі қатарласа ұшып келе жатқанда, маса қарлығашқа әңгімесін айтыпты. Сүлеймен патшаның жарлығын қалай орындағанын мақтана баяндапты.
    – Сонда кімнің қаны бәрінен де тәтті екен? Есіткенше мен де құмартып барамын, – депті қарлығаш.
    – Адамның қаны! – деп маңғаздана ызыңдайды маса.
    – Жожоқ… Сен алдап келесің! – деп шошып кетеді қарлығаш.
    – Ант етемін! Өтірік айтсам, Алланың аспаны төбеме құлап түссін.
    Адамның қанынан тәттісі жоқ. Тілімнен дәмі әлі кетер емес…
    – Кәне, тіліңді көрсетші!
    Ақымақ маса тілін шығара бергенде, қарлығаш оның тілін көмейімен жұлып алыпты.
    – Өтірік айтқанның тілі осылай кесіледі! – деп қарлығаш қуаныштан сайрап жіберген екен. Мұнан кейін ол өзге шабармандардың да алды нан шығыпты. Өзгелердің де жауабы масаның жауабындай боп шығады. Адамға жаны ашыған қарлығаш сонаның да, араның да, көк шыбынның да тілін суырып алыпты.
    Хабаршылар түгел жиналып болғанда, Сүлеймен патша тағына келіп отырған екен. Ол алдымен масаға сұрақ қойыпты.
    – Ал, кәне, кімнің қаны тәтті екен. Соны айтшы?
    Маса тіл қатпақ екен, бірақ «вззз» деп ызыңдағаннан басқаға шама сы келмепті.
    – Немене, маспысың? Тілің жоқ па өзіңнің? Түсіндіріп айтшы.
    Тілі жұлынған маса «вззз» деуден аса алмаған екен.
    Масадан мардымды еш нәрсе шығара алмасын сезген патша әлгі сұрағын араға да, сонаға да, көк шыбынға да қойыпты. Алайда бірі «дззз», бірі «жжжжж», бірі «жжууу» деп төңіректі ызыңға толтырып жіберген екен.
    – Бұларға не болған? Мына ызыңнан бірдеме ұққандарың бар ма, сірә, – деп Сүлеймен патша ашу шақырады. Сол кезде қарлығаш топ ал дына ұшып шығыпты да, патшаның аяғына бас иіп, былай депті:
    – Мен түсіндім. Ұлы патшам, бұлардың бәрі де бірауыздан бақаның қаны тәтті деп тұр.
    Сүлеймен патша тағынан тұрыпты да, жарлығын бекітіпті.
    – Айтқаның болсын! Бақаны саған бұйырттым, жылан еке.
    Хан тағының етегінде жатқан жылан алас ұрып жынданғаны сонша, тіптен өз уына өзі шашалыпты.
    – Қарлығаш алдап тұр. Бұл жалған! – деп ысылдапты жылан.
    – Айтқаның болсын, – деп қайталапты Сүлеймен патша. – Патша жарлығы екеу болмайды. Бақа қаны бұйырды саған.
    Сонда айбарлы жылан қарлығашқа тап берген екен. Алайда қарлығаш қанат қағып үлгеріпті. Тек жылан тілі оның құйрығын тіліп өтіпті.
    Міне, қарлығаштың құйрығы содан айыр болған деседі, ел аңызы, шырақтарым. Ал маса, сона, шыбын, араның ауызынан адам қанының дәмі әлі кетпепті деседі аңыз. Сондықтан да адам сәл мызғып кетсе, әлгілер үйіріліп келіп шағып кетеді екен, – деп әжем ақжарқын кейпімен күлді де, мұрнымнан шертіп қойды. – Енді түсіндің бе, ботам?!
    Содан бастап мен таңертең көз ашқаннан ел ұйқыға кеткенше қарлығаштың сайрауына сұқтанып, дос сезіммен қамқор боп жүретін болдым.
    Әжем айтқан аңыздың тағы бірі ойыма оралып отыр… Бірақ оны кейінірек баяндармын…

    http://sdo.cpm.kz/

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет