Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя" повесі



бет1/2
Дата06.03.2023
өлшемі32,09 Kb.
#171258
  1   2
Байланысты:
Ұшқан ұя


Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя" повесі(1974) — халқымыздың XX ғасырдың басындағы этнографиялық энциклопедиясы іспетті аса құнды, қазақ руханиятының қазынасы. Салт-сана, дәстүр, ұлттық келбеті өте шынайы суреттеледі. Бауыржан Момышұлы Мемлекеттік сыйлыққа (1976) ие болған «Ұшқан ұя» кітабында он алтыншы жылдың дүрбелеңі мен күштеп ұжымдастыру кезіндегі тартыстар батыл айтылып, Кеңес өкіметі қалыптасуының алғашқы жылдары кеңінен қамтылған.
«Ұшқан ұяда» әлем тарихы жаратылыс шежіресі, жан-жануарлар болмысы, қауымының қалыптасуы, әлемнің пайда болуы, тірлік, өмір туралы алғашқы мағлұматтарды, азаматтық тұрғыдағы аңыз-әңгімелерді әжесінен естігенін үлкен сүйіспеншілік сезімен есіне алған, сондай-ақ ненің жақсы, ненің жаман екенін, нені сүйіп, неден аулақ жүруді әжесінен үйренгенін мақтан етеді. Әкесі Момыш өз бетімен сауат ашқан, сол кездегі көзі қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болатын. Бауыржан 3 жасқа келген соң анасы Рәзия қайтыс болады да, әжесі Қызтумастың қолында өседі.

"Ұшқан ұя" повесіндегі образдар жүйесі[өңдеу | кодын өңдеу]



  • Имаш- Бауыржан Момышұлының атасы, орта бойлы, орақ мұрын, от жанарлы, шымыр шал Имаш 1911 жылы 92 жасында дүниеден өткен.

  • Қызтумас – әжесі, ертегіші, салт жоралғыны көп білетін, ел анасы.

  • Момыналы – Бауыржанның әкесі, жұрт Момыш деп кеткен. Жасынан өлеңге жақын, еті тірі, орысша хат таныған, ағаш ұста, зергер, етікші, аймаққа әйгілі сыйлы адам.

  • Рәзия – Бауыржан Момышұлының анасы, Байтана руынан Әбдірахманның қызы,жалғыз ұлы Бауыржан үш жасқа келгенде қайтыс болған.

  • Момынқұл – әкесінің кенже інісі, ұзын бойлы, дөңгелек қара көзді, кертпе мұрындау, астыңғы ерні дүрліктеу, аққұба жігіт.Қыңыр мінезді, епті, алаңғасар, қаракүш, "Таубұзар", әжесінің айтуынша Серкебай нағашысына тартқан.

  • Төлебай – Момыштың ағасы, ұзын бойлы, кең жауырынды, тәмпіш мұрын шал, Құрмангүл деген қызы қалды.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет