1. 5 жыл бұрын ағасы мен қарындасы бірге 8 жаста болды. Тағы 5 жылдан кейін олар қанша жаста болады?
(18)
2. Әкесі 30 жаста, баласы 5 жаста. Неше жылдан кейін әкесі баласынан 27 жас үлкен болады.
(ешқашан)
3. Ағасы 12 жасқа толғанда қарындасы неше жаста болады, егер ағасы қазір 8-де, ал қарындасы 3 жас кіші болса?
(9)
4. Бір адамнан, қанша балаң бар деп сұрағанда, ол мысқылдап:
«Менде қанша қызым болса, сонша ұлым бар. Әр ұлымда 3 қарындасы бар». Бұл отбасында неше бала?
(6)
5. Алты ағайынды туралы, (Мальчик с пальчик) Пьерро ертегісінде автор не себептен екені белгісіз, бір отынкесуші (дровосек) отбасында жеті ағайын және әрқайсысында жеті қарындастан болғанын айтпапты. Сонда бұл ертегідегі отбасында неше бала болған?
(14)
6. Бір отбасында екі әкесі және екі ұлы бар. Отбасында неше ер адам бар?
(3) ата , әке , немере
7. Әйел адам сыныптағы балалардың біреуіне: «Мен сенің анаңмын, бірақ сен маған ұлым емессің »-дейді . Ол не дегені?
(қызымсың дегені)
8 . Бір азаматтың әкесі Азамат Сарсенұлы, ал оның ұлы – Аслан Болатұлы. Ол азаматтың аты-жөні кім?
(Болат Азаматұлы)
9 . Үстелде 3 стақан сүт бар.
Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар?
(3)
10 . Күйеуі мен әйелі және ағасы мен қарындасы 3 алма алып, бірдей бөліп алды. Әрқайсысы қанша алмадан алды?
(1) күйеуі, әйелі,
ағасы (қарындасы)
11.Таяқтың екі басы бар.Егер оның бір жағын кессе, таяқтың неше басы қалады?