«Қызықты саяхат»-зияткерлік сайыс. Қатысушы топар: с-15-9, Қ15-9, Тж-15-9, э-15-9 Дайындаған: Биология пәні мұғалімі Омарова С. О



Дата15.09.2017
өлшемі66,08 Kb.
#33822
«Жас өркен» колледжі

«Бекітемін»

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

_______Д.К.Тоқтамысова

«Қызықты саяхат»-зияткерлік сайыс.

Қатысушы топар: С-15-9, Қ15-9, Тж-15-9, Э-15-9
Дайындаған: Биология пәні мұғалімі Омарова С.О

«Жас өркен» колледжі

Студенттері арасында өткізілетін «Қызықты саяхат»-зияткерлік сайыстың бағдарламасы.

Ұраны: «Жас күнің-білім іздеу,нақты дер шағың, халқыңның

ойлай берші оңар жағын»



мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру,ізденуін,таным деңгейін көтеру; оқушылар өзіне-өзі баға беруге,әлсіз жақтарын сын көзбен қарауға,жетістігін сезе білуге,

өз бетімен іздене білуге дағдыландыру.



барысы: І. Ұйымдастыру сәті.

Оқушыларға ойынның мақсаты мен шарты түсіндіріледі.Оларды

топтарға бөледі. С-15-9, Қ15-9, Тж-15-9, Э-15-9 ойыншылардың ретін анықтау үшін жеребе тасталады.

Әділ қазылармен таныстырып өту.

ІІ.Саяхат барысында тоқталатын аялдамалар болады,

1.Аялдама «Зеректер елі»

2. Аялдама «Тіл өнері»елі.

3. Аялдама «Жаратылыс» елі.

4. Аялдама «Ең,ең ғажайыптар» елі.

5. Аялдама «Суретшілер» елі.

сол аялдамалардағы тапсырмаларды орындай жүріп ұпайлар жинайсыңдар.

1.Аялдама «Зеректер елі»

шарты: берілген сұрақтарға жауап беру үшін белгі беріп үлгіру керек.

Сұрақтары:



І топ:

1. Клетканы зерттейтін ғылым (цитология).

2.Жердің су қабығы. (гидросфера)

3.Хан батыры атағын алған батыр. (Қабанбай)

4.Түркі тайпаларының басшысы. (Қаған)

5.Өсімдік және жануар жасушасында кездесетін органоид. (ядро)



ІІ топ:

6.Абылайдың лақап аты. (Сабалақ)

7.Тірі ағзаларға қажетті газ. (оттегі)

8. 10 жыл өскен ағаштың жылдық сақиналар саны (10).

9. «ХХІ ғасыр індеті» аталған ауру (спид).

10.Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл. (Йод)



ІІІ топ:

11. Қызғалдақтың отаны атанған ел (Қазақстан)

12. Алма,шие,өрік қай тұқымдасқа жатады? (раушангүл тұқымдасы)

13. Мәңгі жасыл өсімдік (шырша)

14. Қазақша жыл қайырудағы бірініші тұрған жануар (тышқан)

15. Орман тазалықшысы атанған құс (тоқылдақ)



ҮІ топ:

16. Көбею жолдары (жыныссыз, жынысты)

17. Өсімдіктің көбею мүшесі (гүл)

18. Ұлғайтқыш құрал (микроскоп)

19. Өсімдіктің жер асты мүшесі (тамыр)

20. Өсімдіктің өсімді мүшесі (жапырақ)

Әділ қазылар топтардың ұпай сандарын көрсетеді.
2.Аялдама «Тіл өнері»елі.
шарты: әр түрлі мақал-мәтелдерден,ақын ғұламалардың сөздерінен

сұрақтар оқылады,бірден жауап беріп,оны орысшаға аудару.



І топ:

1.Аузы жаман елді былғайды, ---- жаман төрді былғайды. (аяқ)

2.Бір тал кессең, ........ ек. (он тал)

3.Кестенің сыры түрінде,--- сыры түгінде. (кілем)

4.Аузы жесе – ұялар. (көз)

5.Ел аш болса,тоқпын дегенің -----. (өтірік)



ІІ топ:

6.Қойдың сүті — ..........(қорғасын)

7.Қойшы көп болса, ........ арам өледі.(қой)

8.Екі қошқардың басы .......... қазанға сыймас.(бір)

9.Ақсақ қой ..............маңырайды. (түстен кейін)

10.Досы көпті .............алмайды (жау).



ІІІ топ:

11.Мал өсірсең қой өсір,........... көл-көсір. (Өнімі оның)

12.Арпа, бидай —Ас екен,..................—Тас екен.( Алтын, күміс)

13.Қисық бұтаққа да, ............... бітеді.( Қызыл жиде)

14Ағашы аласа болса да,......... тамаша.( Алмасы)

15.Мәуелі ағаш — .........( майысқақ)

ҮІ топ:

16. Құлагер шешең сұңқар,әкең тұлпар,Соғып ең дөненіңде ---- арқар. (8)

17.Ішің аыурса, ........ тый. (аузыңды)

18. Қасқырдың аузы жесе де, жемесе де .... (қан).

19.Ұялмаған бұйырмағанды .......... (жейді)

20.Скажи мне кто твой друг, я скажу..............(кто ты)

Әділ қазылар топтардың ұпай сандарын көрсетеді.

3. Аялдама «Жаратылыс» елі.

шарты: жұмбақтар оқылады ,дұрыс жауаптарын айту керек.

І топ:

1.Арғы тегі жағынан,Адамға жақын келетін.

Мәңгі жасыл орманда,Африкада өмір сүретін

Аса үлкен маймылды,Кім атайды айбынды? /горилла/

2.Сирақтары сырықтай,Мойын деген құрықтай.

Шөк десең шөкпейді,Мойны жерге жетпейді. /керік/

3.(Не жетпейді) Гүлдің құрылысы

Аналық, аталық, күлте жапырақша, гүлтабан, гүлсағақ, ....(тостағанша)



ІІ топ:

1.Жер бетінің кескінін,Түрлі түспен көрсеткен,

Болсада өзі құрметті,Тиіпті орын ең шеттен. /шартты белгі/

2.Құмдары да теп-тегіс,Кең жазықтан әр түрлі.

Керегіңді көресің,Бар әлемді табасың,

Өзің таң боп қаласың. /карта /

3. (Не жетпейді) Микроскоптың құрылысы

Окуляр, бұранда, көру түтігі, обьектив, заттық үстелше, тұтқа, табан, ...(айна)



ІІІ топ:

1.Сұм жүзді,құралай көзді,Киікше секіреді,

Бура санды,жолбарыс тонды. /құрбақа/

2.Адам мен жануардан бөлінеді,

Өсімдіктің торына ілінеді. /көмірқышқыл газы/

3. (Не жетпейді) Өсімдіктің негізгі мүшелері

Тамыр, жапырақ, сабақ, гүл, .... (жеміс)
ҮІ топ

1.Аяғыңның астында жататын зат,

Тауға айналып та болып,қататын зат. /құм/

2.Машина мен трактордың жаны,

Қара металлургияның наны. /темір/

3.(Не жетпейді) Тірі табиғаттың жіктелуі

Вирустар, бактериялар, өсімдіктер, жануарлар, ....(саңырауқұлақтар)

Әділ қазылар топтардың ұпай сандарын көрсетеді.


4.Аялдама «Ең,ең ғажайыптар» елі.

Ітоп

1.Ең кішкентай құс-колибри

2.Ең ірі гүл-арнальди Рафлезия

3.Ең суыққа төзімді құс-птнгвин

4.Ең ірі ескек аяқты сүтқоректі-морж

5.Ең жүйрік сүтқоректі-гепард



ІІтоп

6.Ең қысқа өсімдік-балықот

7.Ең ірі құс-түйеқұс

8.Ең ірі құрлықтағы сүтқоректі-піл

9.Ең ұзын жануар-керік

10.Ең ірі су жануары-кит



ІІІтоп

11.Ең жылдам өсетін өсімдік-бамбук

12.Ең ірі тұяқты жануар-бегемот

13.Ең ірі аю-поляр аюы

14.Ең ірі кеміргіш-су шошқасы

15. Ең ірі жемісті атаңыз (асқабақ)



ҮІтоп

16 Діні ең жуан ағаш (баобаб)

17. Ең алып құс. (Түйеқұс)

18. Ең биік ағаш (Пальма)

19.Ең алып жануар. (Көк кит).

20. Ең ұзын бауырымен жорғалаушы. (Торлы питон және анаконда).

Әділ қазылар топтардың ұпай сандарын көрсетеді.

5.Аялдама «Суретшілер» елі.

шарты: көзжұмбақ ойыны ойналады,берілген суреттің жоқ мүшесін

тауып,суретін салу.Бос ойыншылардан олардың сүйікті ісі (хобби)

туралы қысқаша сұралады.

Қорытынды жасау,ұпайлар саны арқылы жеңген ойыншыны анқтау.



Әділ қазыларға сөз беру,марапаттау.
Каталог: uploads -> doc -> 0cc8
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0cc8 -> Конструкциялық материалдар. Металл өңдеу Шайхисламов Ильяс Қызылорда қаласы,№15 мектеп-лицей Технология пәнінің мұғалімі Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет