Сабақтың тақырыбы: Электростатика бөлімін қорытындылау Сабақтың мақсаты: білімділік



Дата25.06.2017
өлшемі43,31 Kb.
#20008
түріСабақ
С. Бәйішов атындағы Ақтөбе университеті жанындағы колледж

Бекітемін:

Директордың оқу-ісі жөніндегі

орынбасары: _____________

Топ: ЭБЕА-101

Күні: 28.11.06ж.


Электростатика бөлімін қорытындылау

(ашық сабақ)



Өткізген: пән оқытушысы Жұмабаева Ф. О.

Ақтөбе-2006 ж.

Сабақтың тақырыбы: Электростатика бөлімін қорытындылау

Сабақтың мақсаты:

білімділік: Дәстүрлі емес сабақ түрлерінде оқушылардың бесенділігін арттырып, өзіне-өзі баға беруге, өз жетістіктерін сезініп, әлсіз жақтарын сын көзбен қарауға үйрету, өткен тарауда алған білімдерін жетілдіру, тиянақтау, еске түсіре отырып, білімдерін қорытындылау.

дамытушылық: Танымдық ойлау қабілетін дамытып, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру. Білім сапасын арттырып, пәнге деген қызығушылығын туғызу.

тәрбиелік: Тапқырлыққа, ізденіп шешім қабылдауға, ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа, топ намысын қорғауға баулу.

Сабақтың түрі: қорытындылау сабақ

Сабақтың әдісі: сайыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі: көрнекi материал, таратпа материал, оқу құралдары, компьютер, презентация материалдары , сөзжұмбақ, жұлдызша

Көкейтестiлiгi:

ә) оқушының қызығушылығын қалыптастыру тәсiлдерi : сөзжұмбақ,

б) бақылау формалары: деңгейлік тапсырмалар

Сабақта қолданылатын стратегиялар: ой-толғаныс, венн диаграммасы, топтастыру, Insert жүйесі.

Сабақтың жүрісі: Ұйымдастыру кезеңі: (1 мин)

Топ оқушыларын а) Кулон тобы, ә) Фарадей тобы, б) Вольт тобы деп үшке бөлу.



Сайыс сабақтың жоспары:

  1. Таныстыру (әр топ өздерін таныстырады) (3 мин)

  2. Мәнжазба қорғау (6 мин)

3. Ой қорыту: үш топқа тапсырма беру.

    1. Венн диаграммасы

    2. Топтастыру

    3. Insert жүйесі (5 мин)

4. Деңгейлік тапсырмалар (2- сұрақ, 1-есеп) (10 мин)

5. Кім шапшаң? (сөзжұмбақ) (10 мин)

6. Қарлы кесек (бір-біріне сұрақ қою) (5- мин)

Қорытындылау.




  1. Топтар өздерінің аттарын ашып айта отырып, таныстыру.

  2. Мәнжазба: үйге берген тақырыптары бойынша мәнжазба қорғау.

  3. Ой қорыту: Кулон тобына: (венн диаграммасы: гравитациялық күшпен кулон күшін салыстыру)


Гр. күш Кулон күші

Фарадей тобына: ( өзара әсерлесу күштерін топтастыру)





Вольт тобына: (Insert жүйесі толтыру )



Білемін

Білгім келеді

Таңқалдырғаны











  1. Деңгейлік тапсырмалар:

1-топ: 1) Потенциал дегеніміз не?

2) Диэлектрик дегеніміз не? Неше түрі бар?

3) Есеп № 1.

Бір күш сызығының бойында бірінен-бірі 4 см қашықтықта орналасқан нүктелердің арасындағы потенциалдар айырмассы 120 В-қа тең. Егер өрістің біртекті екені белгілі болса, электросатикалық өріс кернеулігін табыңдар.


2- топ: 1)Екі өткізгіштің электр сыйымдылығы дегеніміз не?

2) Зарядталған конденсатор энергиясы неге тең?

3)Есеп №2

Сыйымдылығы 10 мкФ конденсаторға 4 мкКл заряд берген зарядталған конденсатор энергиясы қандай?


3- топ: 1) Потенциалдар айырмасы өлшем бірлігі қандай, анықтама беріңдер.

2) Күш сызықтары дегеніміз не, мысал келтір?



  1. Есеп №3

Ара қашықтығы 6 см, бірдей нүктелік электр зарядтары бос кеңістікте 0,1 Н күшпен әсерлеседі. Осы зарядтардың шамасын табу керек.


  1. Кім шапшаң? “Электростатика”

  2. Қарлы кесек” топтар бір-біріне дайындап келген сұрақтарын қояды.

Қорытындылау: (әр дұрыс жауапқа жұлдызша таратылады, сол бойынша орын беріледі.)



Бағалау: Белсене араласып отырған оқушыларға баға қойылады.
Каталог: 2009
2009 -> 19-наурызында 3-10 класс оқушылары арасында Халықаралық математикалық «Кенгуру-математика», 2009 жылғы 20-наурызда балалардың шет тілдеріне қызығушылығын арттыру бағытымен ағылшын, француз, неміс және испан тілдерінен «Кенгуру-лингвист»
2009 -> Сабақ тақырыбы: Архимед заңы. Мақсаты: а білімділік: Архимед күші туралы түсінік қалыптастыру. Архимед заңының
2009 -> Сабақтың мақсаттары: Білімділік; Оқушылардың электр тоғы туралы теориялық білімдерін қалыптастыру
2009 -> Хх ғасырдың 20-жылдарында бүтін бір қазақ ұрпағының рухани, әдеби шамшырағы Абай еді
2009 -> Мектептің аты-жөні: Егіндікөл орта жалпы білім беретін мектебі Қаратөбе ауданы БҚО
2009 -> Педагогикалық институтының
2009 -> Бекітемін: Мектеп директоры: Б. Сыздық №46 А. С. Пушкин атындағы
2009 -> Физикадан 8-сыныпқа арналған тест жұмыстары Жылу құбылыстары. Тест а-1 1


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет