Былғары, үлбір және тондық қой терісінен жасалған өнімдердің, гигиеналығын және комфорттылығын қамтамасыз ететін қасиеттерін қарастырамыз.
Бу өткізгіштігі мен бу сіңіргіштігі. Былғары және тері өзеңі мен тондық қой терісінің су буын өткізе алатын бу өткізгіштік (паропроницаемость) және жұта алатын су сіңіргіштік (пароемкость) қабілеті болуы керек. Бір сағатта адам табаны 3-15 мл-ге дейін ылғал шығарады, бұл аяқ киімді киген кезде ішіндегі ылғалдылықты 70-80% көтеруі мүмкін. Егер ылғалдылық 90%-дан асатын болса, адам табаны дискомфорттылықты сезінеді, сондықтан былғары мен тері өзеңі 50-70%-ға дейін ылғалдылықты өткізіп, оның сіңіре де алуы қажет. Былғарының бу өткізгіштігі - оның гигиеналық қасиеттерінің негізгілерінің бірі. Киілген аяқ киімді әртүрлі креммен майлағаннан кейін оның бу өткізгіштігі өзгереді ал, бу сіңіргіштігі өзгермейді. Көп жағдайда былғары мен тері өзеңі әрлеу үрдістерінен кейін бу өткізгіштігін сақтайды, жасанды материалдармен салыстырғанда олардың артықшылығы осында. Мысалы, лакталған былғары көп жағдайда бу өткізе алмайды, бірақ бу сіңіргіштігі жасанды, синтетиқалық лакталған материалдарға қарағанда 5 еседей көп болады.
Бу өткізгіштік. Былғарының, тері өзеңінің су буын өткізе алатын қабілеттілігімен сипатталады. Бұл кезде ылғалдылығы жоғары ортадан, ылғалдылығы аз ортада бу тез өтеді. Бу өткізгіштігін анықтау әдісі, диффузиялық процестерге негізделген. Оларға қысымды өлшеу әдісі мен салмақты өлшеу әдістері жатады. Әртүрлі былғарының бұл өткізгіштігі 0,5-11,6 мг/см сағ аралығында, бұл массаның өзгеруін есептеу әдісіндегі көрсеткіш, ал қысымды өлшеу әдісімен анықтағанда бу өткізгіштік 20-70%-ға тең болады.