Диктанттар күніне арналған «АБАЙ ЖОЛЫ» роман - эпопеясынан алынған мәтіндер ( мемлекеттік тілде оқытылатын жалпы орта білім беру мектептері үшін) Түсінік хат Бұл құрал мемлекеттік тілде оқытылатын мектептердің қазақ тілі пәні мұғалімдеріне арналған. Ол 5-11 сынып оқушыларына арналған диктанттар жинағы ретінде құрастырылған. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясынан алынған мәтіндер аудан мектептерінде диктанттар күнінде арнайы жазба жұмыстарын жүргізуге арналған.
Жинақтағы мәтіндер оқушылардың жас ерекшелігі бойынша құрастырылған. Мұндай диктанттардың берілу мақсаты – оқушылар арасында «Абай жолы» роман-эпопеясын насихаттау сонымен қатар, сауаттылықтың тексеру өлшемі ретінде оқушылардың мемлекеттік тілден алған теориялық білім дәрежелерін айқындауға, тілдік ерекшеліктерді еркінірек меңгеруге, нығайтуға және жетілдіруге, коммуникативтік біліктілігін арттыру арқылы қазақ тілін сөз мәдениеті талаптарына сай деңгейде дұрыс қолдана білуге жетелеу. Сонымен қатар жинақ оқушылардың қазақ тілі грамматикасынан өткен материалдарды қайталап, олардан алған білімдерін нақтылап, сауаттылықтарын арттыру мақсатын да көздейді.