11-сынып
Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейлерін тексеру, сауатты жазу дағдыларын бақылау.
Енді бір алуан аса көп жұрт, бұл жиында қол созып жағалап жүрген өте жүдеу жүзді қайыршылар. Анығында бұл кездегі Алматы бір жағынан азық-тамақ, жеміс-дәннің молдығы өзгеше қала болса, сонымен қатар неше алуан халықтан шыққан өзгеше көп қайыршы, тіленшіге де мол еді. Бұлардың қалың бір тобы, соңғы жылдарда ішкі Ресейдің жерсіз қалған, аштыққа ұшыраған крестьяне. Мекен іздеп, қоныс-жай іздеп, адал еңбек кәсіп қуып келген бұқара халық, қара шаруа болатын. Және соңғы жылдарда құм мен тауда болған қалың жұт себебінен бүкіл ауыл аймағымен шұбырып босып кеткен қазақтың аш-арығы да көп.
«Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді». Тоқ қызыққа мастанған топтар арасында, осы кәрі-құртаң әке-шеше сорға ұшырап, өздерінің дәл бүгінгі түн аштан өлмес талшығын тілеп жүр.
(М.Әуезов, 118 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |