М.Тоқжігітов атындағы жалпы орта мектебі комммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қазақ тілінде білім беретін мектептердегі қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда жаңа технологияларды пайдалану.
( баяндама )
Дайындаған: К.Тәңірбергенова
2015ж
Әлем қарыштап даму үстінде. Ақпараттар легіне қарап отырсақ, өткен жылы әлем 25 пайызға өзгерсе, үстіміздегі жылы 50 пайызға өзгеріпті. Адамзат өз қажеттілігін қамтамасыз ету үшін тынымсыз әркет етуде. Ғылым мен техника жүйрік тұлпар сияқты шашауына шаң жуытпай келеді. Ұлы көш басталды, Ұлы көштен қалмау үшін маған және менің мектебіме өзгеріс қажет. Білім жолындағы ізденісті жандандыруым керек.
Білім адамның ішінен шығатын нәрсе емес, сырттан келетін нәрсе. Оқымай білімді боламын дегендер, тормен су алғысы келгенмен тең. «Біз қанша білсек, сонша нәрсе қолымыздан келеді. Сондықтан білім-күш»,-депті ағылшын философы Френсис Бэкон.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің барлық Жолдауларында мемлекеттің мықты болуы білім мен ғылымды дамытуға байланысты екенін айтып келеді. Осы жолы да: «ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін біз не істеуіміз керек? Біріншіден, барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр,» деген еді [1].
2012 жылы менің мектебімде оқитын 15 жастағы оқушылар PISA-ға қатыстырылды. Бұл сынақ оқушылардың функционалдық сауаттылығын байқау мақсатында жүргізілгені бәрімізге аян. Осы бақылау біздің сабақ беру стиліміздің тиімсіз екенін анықтап берді.
Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сондықтан механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән-мағынасы терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту аяқталған соң немесе емтихан біткен соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде тиімді пайдалана алмайды. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. [2]
*оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
*сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
*талантты және дарынды балаларды оқыту
*оқытудағы басқару және көшбасшылық
*оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу
*оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану
*оқытуды бағалау және оқуды бағалау
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Әлеуметтік-сындарлылық тұрғыдан оқытуды түсіну «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» негізінде жатыр. Балалар өзінің түсінігін өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып табылады.«Қалай оқу керектігін үйрену» деген атаулармен танымал педагогикалық тәсілдер қазіргі заманғы маңызды түсіндірмелері ретінде қолданылады. Жеті модульдердің барлығында қарастырылатын идеяларды оқыту мен оқудың жаңа тәсілдері деп санауға болады.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Сыни тұрғыдан ойлау Бағдарламаның өн бойында екі мағынада қарастырылады:
Бағдарлама өзара байланысты бұл үдерістердің екеуін де дамытуды қарастырады. Оқушыларға қатысты сыни тұрғыдан ойлау ақпарат пен идеяларды синтездеу қабілеті, ақпарат пен идеяның шынайылығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана білу қабілеті, өзінің оқуына қатысты таңдау жасау және басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі. Мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауы өзінің жұмыс тәжірибесін, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан бағалауды қамтиды.
Оқытуды бағалау және оқуды бағалау
Оқудың тиімді бағасын және оқыту үшін тиімді бағаны түсіну оқыту мен оқудағы барлық жаңа тәсілдермен тығыз байланысты. Балалар өздерінің түсініктерін құра алатын белсенді оқушылар болатын болса, онда мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де осы түсініктің мәнін білу қажет, өйткені ол оқуда алға қадам басуға және оған қолдау көрсету үшін керек.
Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану
Мұғалімдер сандық технологияларды және АКТ-ны сабақ беруде тиімді пайдалана білу маңызды.
Жұмыс, демалыс және қарым-қатынас үшін АКТ-ны сенімді және сыни тұрғыдан пайдалану. Осындай дағдылар негізінде АКТ туралы білім жатыр, яғни: оларды ақпаратты алу, бағалау, сақтау, өндіру, ұсыну, алмасу үшін қолдану және ол ақпаратты Интернет желісінде бірлескен жұмысқа қатысу үшін жібере білу.
Талантты және дарынды балаларды оқыту
Қазіргі уақытта білім беру саласында жоғары жетістіктерді анықтайтын және ынталандыратын бірқатар өңірлік, ұлттық, халықаралық сайыстар мен бағдарламалар жүргізіледі. Алайда мұндай сайыстық құрылымдар талант пен қабілетті өрістетудің, барлық балалар әлеуетін дамытудың жалғыз тәсілі емес. Бағдарлама аясында талантты және дарынды балаларды оқытуды дамыту үшін анағұрлым инклюзивті тәсіл тиімді қолданылады.
Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу
Бұл модуль осының алдындағы талантты және дарынды балаларды оқыту тақырыбымен тығыз байланысты, себебі екі модуль де оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған сараланған оқытуға қатысты болып отыр. Алайда бұл модуль балалар дамуының оқудың қолжетімділігі дәрежесін анықтайтын кезеңдеріне қатысты және де «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулімен өзара байланысты.Мәселен, түрлі жастағы балаларда байқалатын метасана деңгейі, балалардың жас шамасына бейімделген сындарлы диалогті ынталандыру стратегиясы, әр жастағы балалар мүмкіндігіне сай беріледі.
Оқытудағы басқару және көшбасшылық
Көшбасшылық Бағдарламаның өн бойында мұғалім енгізетін өзгерістер тарапынан қарастырылады.Мұғалімдер Бағдарламада қарастырылатын идеялар аспектілері аясында өз тәжірибелері туралы ой-тұжырымдарға сүйене отырып өзгереді. Олар осы идеяларға сәйкес өз тәжірибелерінің жекелеген тұстарын анықтайды, зерттейді, бағалайды және дамытады.
Қорыта айтқанда, әр елдің білім беру және тәрбие саласында өзіндік ерекшелігі мен артықшылығы және кемшілігі де болады, сол себепті біз Қазақстан республикасындағы оқушыға білім беру мен тәрбиені жан-жақты дамыту мақсатында шетелдік 12 жылдық білім берудің тек оң және тиімді жақтарын алуымыз қажет. Атап айтсақ, Сингапур, АҚШ пен Францияның балаларды мектепке дейінгі дайындау тәжірибесіне, Германиядағы бейіндік оқытуда пәндерді блоктарға біріктіру тәжірбиесіне, Қытайдың мектеп оқушыларын адамгершілікке, әлеуметтендірілуіне көп көңіл және ғылыми жұмыс әдістеріне баулуына, Скандинавия елдерінің оқу үдерісін демократияландыруына баса назар аударғақ дұрыс болар еді. Сонымен бірге, Жапониядағы сияқты орта білімнің жоғарғы сатысында бейіндік оқыту бағыттарын кеңейту мүмкіндігін қарастырған да жөн болар. Дегенмен, білім саласына өзгерістер енгізу үшін оны ұлттық дәстүріне, алдына қойған мақсатына, экономикасы мен мәдениет сұранысына икемдеу керек.
Қолданылған әдебиеттер:
«Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы»
А.Құсайынов, Алматы-2013
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Бірінші (ілгері) деңгей Екінші басылым, 9-бет.
Загвозкин «Реформа школьной системы о оценке качества в Филяндии»
Қ.Мәмбетқазыұлы «Білім»
ҚР 12 жылдық білім беру үлгісіне көшу мәселелері. Nusnauka.com\6
ҚР Білім және білім министрлігі (ҚР-ның 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасым
Достарыңызбен бөлісу: |