Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК
«Бекітемін» Колледж әдіскері Ахметова Г.С. «___» ___________2022 ж.
Баяндама
«Оқыту үрдісінде интерактивті әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы білім алушылардың қызығушылығын арттыру»
Орындаған: Кокеева Д.Т.
ӘБК мәжілісінде қаралды
Хаттама №___________2022 ж.
ӘБК төрайымы:
Баяндама тақырыбы: «Оқыту үрдісінде интерактивті әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы білім алушылардың қызығушылығын арттыру»
Білім беру жүйесінің басты міндеті- жеке адамды қалыптастыру, дамыту және шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Оқушыларда адамзат қоғамының ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі даму тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыру, бүкіл адамзат жасаған құндылықтарды, мәдени-тарихи тәжірибенің негізін оқытып үйрету. Оқушының үлгерімі, білім сапасының жоғары болуы, ең алдымен мұғалімнің өз міндетіне, көзқарасына, шеберлігіне байланысты. Әр мұғалімнің өзіндік әдіс-тәсілдері бар. Қандай әдіс-тәсілдер болса да, оқушыны ойлантуға жетелеумен бірге, оны ортаға салуға, басқалармен пікірталастыруға жетелеуі тиіс.
Сондықтан білім беруді жетілдіру жөнінде маңызды реформалар, жаңа технологиялар мен ғажап идеялар пайда болуда. Бұл ең алдымен, оқыту технологиясын жетілдіруді, білім беру мекемелерінің қызметін ақпараттандыруды, біілім алушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілетін арттыруды, дүниеге көзқарасын қалыптастыру, оқушылардың басты назарын қоғам тарихына, халық тарихына, адамдардың өмір тіршлігі мен қызметіне, салт-дәстүр тарихына аудару, сол арқылы жастардың адамшыылықты өмірлік мұрат ретінде қабылдауына көмектесу, оқушылардың өздігінен оқу дағдысын жетілдіруді көздеп отыр. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті. Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес, сондықтан электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.
XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр компьютерлік техникалы интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру./1/
Жаңа ақпараттық технологиялар - бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесi. Бұл процестi icкe асырудағы негiзгi құрал компьютeр және интерактивті тақта болып табылады. Интерактивті тақта - бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретiн аса маңызды құрал.
Қазіргі уақытта білім беруде интерактивті құралдарды кеңінен қолданылып жүргені баршамызға аян. Сонымен қатар интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.
Интерактивті оқытудың мәні мынада, оқу процесі іс жүзінде барлық оқушы таным үрдісіне тартылатындай болып ұйымдастырылуы тиіс, олардың осыған байланысты не біледі, нені ойлайды түсінуге және рефлекстеуге мүмкіндігі болуы тиіс. Таным процесінде оқушылардың біріккен іс-әрекеті, әркім өзінің жеке-дара үлесін қосатын, оқу материалдарын меңгеруді білдіреді, білімдерін, идеяларын, іс-әрекет тәсілдерін алмасу жүргізіледі. Және де бұл мейірімділік пен өзара бір-біріне қолдау көрсету аясында болады, ол тек қана жаңа білім алуға мүмкіндік беріп қоймайды, таным әрекетінің өзін де дамытады, оны қызметтестік пен кооперацияның әлде қайда жоғары нысандарына ауыстырады. Интерактивті әдістердің мәндік ерекшелігі, сипаттамасы – бұл субъектілердің өзара әрекеттестігінің бір бағыттағы белсенділігінің жоғарылығы, қатысушылардың өзара әрекеттестігі, эмоционалдық, рухани бірігуі. Бүгінгі таңда жеке тұлғаны емес, оның даму процесін басқару қажеттігі айқындалып отыр. Негізгі әдістемелік инновациялар бүгінгі таңда оқытудың интерктивті әдістерін қолданумен байланысты. «Интерактив» сөзі бізге ағылшын тілінің «interact» деген сөзінен келген. «Іnter»- бұл «өзара», «act» - әрекет ету дегенді білдіреді. Интерактивті сөзі - өзара әрекет ету бейімділігін білдіреді немесе әңгімелесу, әлде кіммен (адаммен) не болмаса әлде немен (мысалы, компьютермен) сұхбаттасу режімінде болады. Демек, интерактивті оқыту – бұл, ең алдымен, сұхбаттасып оқыту, оның барысында оқытушы мен оқушының өзара әрекет етуі жүзеге асырылады. Интерактивті әдістерді пайдалану кезінде оқушылар түсіну процесіне толық қанды қатысушылар болады, оның тәжірибесі оқу танымының негізгі қайнар көзі қызметін атқарады.
Интерактивті тақта – оқытушыға оқыту үрдісін оңтайландыруға,білім алушының танымдық белсенділігін дамытып,мазмұнды және көрнекі тапсырмалар құруға, сабақты құрылымдауға,сабақ барысы мен қарқынын жақсартуға мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық технологиялық құрал екеніне көз жеткіземіз./2/
Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі.Атап айтар болсақ:
Пән бойынша базалық білімді меңгеру ;
Алған білімді жүйелеу ;
Өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру
Оқудың интерактивті әдістері үлгілері
«Ми шабуылы», «ми штурмы» («дельфи» әдісі) – бұл әдіс, берілген сұраққа кез-келген оқушы жауап бере алатын әдіс. Маңыздысы айтылған көзқарасқа бірден баға қоймау керек, барлығын қабылдау қажет және әрқайсысының пікірін тақтаға немесе парақ қағазға жазған дұрыс.
Қатысушылар олардан негіздеме немесе сұраққа түсініктеме талап етілмейтінін түсінулері керек. «Ми шабуылы» хабарландыруды анықтау керек болғанда және/немесе қатысушылардың белгілі сұраққа қатынасы кезінде қолданылады. Жұмыстың бұл нысанын кері байланыс алу үшін қолдануға болады. «Ми шабуылы» аяқталғаннан кейін (көп уақытты алмай, орташа 4-5 минут), жауаптың барлық нұсқаларын талқылау керек, бастыларын және келесілерін таңдау қажет. «Ми шабуылы» қажеттілігіне қарай тиімді әдіс болып табылады:
Шағын топтардағы жұмыс. Алдын ала сақтандыру оқуы процесін оқушыларға шамамен жобалап құру қажет. Аталған жағдайда ең тиімдісі топтарда жұмыс істеу. Мұндай жағдайда оқытушы диагностика мен мониторингті қамтамасыз етеді, оқу-жаттығу ортасын ұйымдастырады, алғашқыда басқа ресурстар болмаса қолдау (кеңес, нұсқаулар береді) көрсетеді. Ұқсастығын немесе белгілі бір құбылыстардың айырмасын жариялау қажет болса, жұмыстың мұндай нысаны қолданылады, қатысушылардың әр түрлі топтарының бір және сол мәселеге қатынасын анықтайды.
Тест сынағы. Тест сынағы әдісінің көмегімен жастардың хабарландырылу деңгейін немесе олардың талқыланатын тақырыпқа қатынасын анықтайды. Тест сынағын дұрыс жасау әдісі орынды болуы тиіс: олар сауатты, анық, ұғынықты тілде жасалуы қажет және оқушылардың сезімін қорғауы керек. Тест сұрақтарын ала отырып оқушылар оларды назар сала оқулары және тиісті графада өздерінің жауап нұсқаларын: «дұрыс», «дұрыс емес», «білмеймін» деп белгілеулері тиіс
Рөлдік ойын - бұл өмірлік жағдайлардың белгілі бір мінез-құлық немесе эмоционалдық жақтарын меңгеру ниетінде алдын-ала бөлінген рөлдер арқылы қатысушы топтардың сахналап ойнауы. Рөлдік ойындар шағын топтарда (3-5 қатысушы) жүргізіледі. Қатысушылар карточка арқылы (тақтада, қағаз парақтарда және т.б.) тапсырма алады, рөлдерді бөледі, жағдайды ойнайды және барлық топқа ұсынады (көрсетеді). Оқытушы балалардың мінез-құлқын ескере отырып рөлді өздері бөледі. Бұл әдістің артықшылығы сол, әрбір қатысушы өзін ұсынылған рөл жағдайында көрсетеді, сол не басқа жағдайды айтарлықтай шынайы байқайды, сол не басқа әрекеттердің салдарларын сезінеді және шешім қабылдайды..
Оқытушы /Активті экран / көмегімен интерактивті тақтаның флипчарт беттерін пайдалану арқылы оқушыларды сабақтың мақсат міндетерімен таныстыра отырып, жаңа сабақтың кезеңдері Power Point презентациясы немесе мәтіндік ақпарат түрінде беріледі. Сонымен
қатар, материалдың құрамына кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар, гиперсілтемелер, графиктер әзірлеп флипчарт беттерін оқушыларға таныстырамыз.
Шағын лекциялар теориялық материалды ұсынудың тиімді материалдарының бірі болып табылады. Оны бастар алдында тұрған тақырыппен байланысты, ми штурмын немесе рөлдік ойынды өткізу қажет, ол қатысушылар үшін оның маңызын арттырады, оларды ақпараттандыру дәрежесі мен тақырыпқа қатынасын анықтайды.Материал қатысушылар үшін ұғынықты тілде мазмұндалады. Әрбір терминге анықтама беру қажет. Теорияны «жалпыдан жекеге» қағидаты бойынша түсіндірген дұрыс. Келесі сұраққа көшер алдында айтылғандардың бәрін жинақтау және сіздің дұрыс түсінгеніңізге көз жеткізу керек. Беделді қайнарларға сүйену маңызды және айтылғандардың бәрін – сіз ойлап таппағаныңызға, оны осы саладағы мамандар зерттеп және сипаттағанына назар аудару керек. Ойын аяқталғаннан кейін қатысушыларда пайда болған барлық сұрақты талқылау керек, содан кейін, аталған ақпаратты тәжірибеде қалай қолдануға болады және мұны қандай нәтижемен жүргізуге болады, соны сұрау керек. Шағын лекцияларды интерактивті режімде өткізу ұсынылып отыр: қандай да бір ақпаратты хабарлар алдында тренер қатысушылар бұл туралы не білетінін сұрайды; қандай да бір бекітуді ұсынғаннан кейін тренер бұл мәселе бойынша қатысушылардың ой-пікірін талқылауға ұсыныс жасайды.
Жобаны әзірлеу. Бұл әдіс қатысушыларға ойша аудиториялардан шығып, талқыланатын мәселе бойынша өз әрекетінің жобасын жасауға мүмкіндік береді. Ең бастысы, топ немесе жекелеген бөлімшелердің өз жобасын қорғайтын, басқалардың алдындағы өзінің артықшылығын дәлелдейтін және достарының пікірін білуге мүмкіндігі болады.
Бейнефильмдерді көру және талқылау. Сабақтарда дүлей апаттардың қаупін төмендету жөнінде көркем және деректі бейнефильмдерді, олардың фрагменттерін, сондай-ақ бейнероликтер мен бейнесюжеттерді пайдалануға болады. Тиісті мазмұндағы бейнефильмдерді тек қана қосымша материалдар ретінде емес, сабақтардың және тренингтердің кез-келген түріне оның тақырыбы мен мазмұнына сәйкес пайдалануға болады. Фильмді көрсетер алдында оқушылардың алдына бірнеше (3-5) шешуші сұрақтар қою керек. Бұл келесі талқылауға салудың негізі болады. Алдын ала таңдалып алынған кадрлармен фильмді тоқтатып, пікір сайыс өткізуге болады. Соңында оқушылармен бірігіп міндетті түрде жиынтығын шығару және қорытындысын жариялау керек.
Ширату денеге және психологияға түскен салмақты кетіру мақсатында қолданылады. Ширату сондай-ақ коммуникативтік машықты (қарым-қатынасты) дамытуға мүмкіндік береді. Олар мазмұны, іс-әрекеттің нысаны және ұзақтығы бойынша ретті болуы тиіс. Мысалы, айталық, зейінді жинақтауды талап ететін жаттығудың алдында көп қимылды керек ететін ширату ойынын жүргізудің керегі жоқ.
Сабақ тиімділігін арттыруда ойын элементтерін қолдану белсенділігін арттырып, оларды ынталандырады, теориялық білімдерін практикада қолдануға үйретеді. Ойын элементтерін сабақта екі түрлі мақсатта пайдаланамын. Біріншісі – сабаққа қызығушылығын арттыру, тілін дамыту, екіншісі – оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, тапқырлыққа баулу.
Сабақта қолданылатын ойындар: «Бәйге», «Кім жылдам?», «Кім тез табады?», «Ойлан тап!», «Жалғасын айт», «Полиглот», «Не, қайда, қашан?». Ойын барысында оқушының ойлау қабілеті, тапқырлығы дамиды.
Пайдаланған әдебиеттер:
Қазақ тарихы әдістемелік құрал
Аяған Б., Ауанасова Ә., Сүлейменов А. Қазақстанның жаңа тарихы: 1-3 томдар, Алматы, 2012
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
«Қазақстан-2050» стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Жолдау, 2012
Достарыңызбен бөлісу: |