Баяндама Орындаған: Бағдатов Ерсұлтан



Дата21.03.2022
өлшемі17,9 Kb.
#136483
Байланысты:
ыпсп
Задания по подготовке к олимпиад 10 класс, Задания по подготовке к олимпиад 10 класс, ыпсп


Баяндама
Орындаған:Бағдатов Ерсұлтан
Психикалық дамудың қозғаушы күштері. Психикалық дамудың шарттары, бастаулары және қозғаушы күштері ұғымы. Баланың психикалық дамуының қозғаушы күштері проблемасын кеңестік те, шет елдік те психологтар қарастырған. Кеңестік психологтар үш негізгі ұғымды бөледі:
1) дамудың қажетті шарттары;
2) психикалық дамудың көзі;
3) психикалық дамудың қозғаушы күштері.


Психикалық дамуды кезеңдерге бөлу проблемасы.
Берілген проблеманы талдау жас кезеңдерін бөлу үшін негіздерді анықтаудағы түрлі ықпалдарды қарастыруды ұйғарады. Бала дамуының кезеңдерінің барлық ұсынылған схемаларын Л. С. Выготский үш топқа
бөледі:
1. Бірінші топ биогенетикалық заңға негізделген, осыған сәйкес онтогенез қысқаша түрде филогенезді қайталайды (С. Холл).


2. Ғалымдардың екінші тобы жас кезеңдеріне бөлудің критерийлері ретінде қандай-да бір белгіні алады. Кемшілігі, тек бір ғана критерий ұсынылады.
3. Үшінші топ: сипаттаушы принциптен бала дамуының өзінің мәнді ерекшеліктерін бөлуге ауысу. Бұл теорияның кемшілігі: олар дамудың эволюциялық концепциясына бағдарланады (дамуда ешқандай жаңа нәрсе пайда болмайды, мұнда тек о бастан берілген нәрселер ғана өсіп, ұлғаяды).
Л.С.Выготский дамуды өзін-өзі итермелеудің үздіксіз үдерісі ретінде анықтайды және де ол, ең алдымен, алдыңғы сатыларда болмаған жаңа нәрсенің пайда болуымен сипатталады. Әр жас кезеңін сипаттайтын бір тұтас критерий қажет. Бұл криетрий ретінде әр жастың мәнін сипаттайтын жаңа құрылым болады.

Екінші критерий – бір жастан екіншісіне өту динамикасын есепке алу. Динамиканы анықтауда ең маңыздысы тұлға мен оны қоршаған әлеуметтік орта арасындағы қатынастарды есепке алу болып табылады.

Баланың психикалық дамуындағы іс-әрекеттің рөлі.Индивидтің қоғамдық-тарихи тәжірибені меңгеру процесі баланың белсенді іс-әрекеті барысында жүреді және бұл көрініс табады.
Бала психикасының дамуының қозғаушы күші шындықты меңгерудегі оның үлкендермен бірлескен өз іс-әрекеті болып табылады.
1) баланың психикалық үдерістері алдын ала анықталмаған, дайын түрде берілмеген;
2) бұл процестердің қалыптасуының өзі баланың заттық іс-әрекетінсіз мүмкін емес еді.


Оқыту мен даму проблемасы.Оқыту мен даму проблемасын бірқатар оқымыстылар қарастырған, оларды үш топқа біріктіруге болады:
1. Бірінші тобы баланың даму үдерістерінің оқыту процестерінен тәуелсіздігі жайлы пікірді ұстанады. Оқытудың баланың белсенді дамуынақатысы жоқ, тіпті даму жетістіктерін пайдаланады. Даму циклдері әр қашанда оқыту циклдерінің алдында жүреді. Даму әр қашанда оқытудың алдында жүреді.
2. Екінші топ осы екі үдерісті бір тұтас ретінде қарастырады және келесі түрде белгілейді: оқыту даму болып табылады.
3. Оқымыстылардың үшінші тобы екі теорияны үйлестіруге талпынды: бір жағынан, даму процесі оқытуға тәуелсіз үдеріс ретінде ұғынылады,екінші жағынан – оқытудың өзі дамуға тепе-тең. Зерттеушілердің үшінші тобындағы позитивті болып табылатындар:
а) екі қарама-қарсы көзқарастарды біріктіру;
б) екі негізгі үдерістердің өзара тәуелділігі, өзара әсер етуі идеясы;
в) баланың дамуы барысында оқытудың рөлін ұлғайту.
Л.С.Выготский осы теорияларды салыстырып, талдап және сынға ала отырып, ең маңыздысы ретінде мынаны анықтады: баланы оқыту мектептегі оқытудың алдында басталады. Мектептегі оқыту ешқашан да өзінен-өзі басталып кетпейді, ал әр қашанда өз алдында бала дамуының белгілі бір сатысына ие. Л.С.Выготский «жақын даму аймағы» деген жаңа ұғымды енгізеді. Мұнда дамудың екі деңгейі қарастырылады:
Баланың өзекті даму деңгейі – міндеттерді өз бетінше орындай алу қабілеті.

Жақын даму деңгейі – баланың өзбетінше іс-әрекетінің өзекті деңгейі мен оның үлкендердің немесе неғұрлым тәжірибелі құрбылыстарының жетекшілігімен атқаратын өз бетінше іс-әркетінің потенциалды деңгейінің арасындағы қашықтық.
Ескі көз қараспен салыстырғанда жақын даму аймағы жайлы ілім
келесі тезисті ұсынады: «Дамудан озып кететін оқыту ғана жақсы болып табылады».
1. Даму үдерістері оқыту үдерістерімен сәйкес келмейді. Даму үдерістері оқыту үдерісінің соңынан жүреді, ал оқыту процестері «жақын даму аймағын» құрайды.
2. Оқыту үдерісі тікелей түрде бала дамуы барысымен байланысты болғанымен де, олар біркелкі және бірі-бірімен қосарласа жүрмейді.
Баланың жас ерекшелік дамуын түсіну үшін жас ерекшелік сезімталдық жайлы мәліметтер болады, яғни әр жас өз бетінше сипаттайтын қоршаған ортаға деген сезімталдық.


Сензитивті кезеңдер – бұл қандай да бір психикалық сапалардың даму үшін қолайлы жағдайларды анықтайтын кезеңдер.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет