Баяндама Пәні: Философия. Тақырыбы



бет1/6
Дата29.11.2022
өлшемі41,31 Kb.
#160302
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мәдениет - қоғам болмысының формасы
Vitamins, 5 лабка бақылау сұрақтары, картирование ВОЗ

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қарағанды техникалық университеті


« Қазақстан халықтарының ассамблеясы және
әлеуметтік – гуманитарлық пәндер » кафедрасы

Баяндама
Пәні:Философия.
Тақырыбы: Мәдениет – қоғам болмысының формасы.
Қабылдаған:
_________ Аубакиров Ерлан Жанайдарович
(бағасы) (аты-жөні)
___________________________
(қолы) (күні)
Орындаған:ИС 21-2
(тобы)
Өмірбай Аяулым Қайратқызы
(аты-жөні)
___________________________
(қолы) (күні)

Қарағанды 2022
Мақсаты:Мәдениет пен қоғам арасындағы өзара байланысты, қоғам болмысы жайлы талдау және жалпы мәдениет, қоғам, өркениет жайлы түсінік қалыптастыру.
Міндеттері:
1.Мәдениет және қоғам.
2.Мәдениет және оның қоғамдық рөлі мәселесін талқылау.
3. Жалпы өркениет жайлы түсінік және оның мәдени – философиялық мәні.
4. Мәдениет құндылықтары мен қоғам болмысын анықтау, жинақтау, зерделеу және талдап қорыту.
ЖОСПАР:
Кіріспе
1. Мәдениет ұғымы.
2. Өркениет ұғымы, оның түрлерi.
3. Қоғам туралы жалпы түсінік, және оның болмысы.
4. Мәдениет пен қоғам арасындағы өзара байланыс және оның айырмашылығы.
5. Рухани мәдениеттің сипаты.
6. Мәдениет — қоғамдық құбылыс.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ
Әрбір адам ұлттық әлеуметтік топтық таптық ортаның өкілі, яғни нақты мәдениеттің өкілі. В.М.Межуев: «Мәдениет дегеніміз – адамның іс - әрекеті, оның даму формасы» - деп анықтама береді. Адам табиғи заттар мен құбылыстарды өзінің мүддесіне, талап – тілегіне сай өзгертіп отырады. Мәдениет адам мен табиғаттың өзара тұтастығы, өзара қарым – қатынасының тарихи дамып өзгеруінің өлшемі. Адам табиғаттың бел баласы, бірақ оның өмір сүру қисыны басқа. Ол табиғаттан тыс өзіне жайлы ортаны, яғни өзінің болмысына имманентті қоғамды жасауы керек. О баста мәдениет деген сөз өзіндік лексикалық ұғым мағынасында «натура» /табиғат/ деген сөзге қарсы ілім ретінде қалыптасты. Табиғаттан тыс, адам қолынан шыққанның бәрі де мәдениет айғағы бола алады. Мәдениет әлемі – адамның өз әлемі, өйткені ол адамның творчестволық, жасампаздық қабілеттерінің жемісі. Адамзат тарихы – мәдениет тарихы. Адамдар өздері өмір сүріп отырған табиғи және әлеуметтік ортаны өзгертеді, ол тарихи нақты процесс. Ортаны өзгерту арқылы өзі де өзгеріп, дамып отырады. Осы даму процесінің нақты мағынасы мәдениет болып табылады. Мәдениет адамның өзіндік дамуымен барабар процесс.
Мәдениет пен өркениет бір – біріне өте жақын, төлтума ұғымдар. Әлемдік ғылымның алтын қорына алғашқы рет цивилизация - өркениет деген ұғымды енгізген шотланд философы Адам Фергюссон көрінеді. Дегенмен, бұл ұғымды қоғамдық болмыстың өзіндік диалектикасының қыры мен сырын терең зерттеу мәселесіне кеңінен қолданып, оны метолодогиялық қағида дәрежесіне көтерген К.Маркс пен Ф.Энгельс болып табылады. Өркениет туралы мәселе философия тарихында әр түрлі қырынан көрінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет