Баяндама: «pisa зерттеулерінің әдісімен есептерді құрастырудағы ерекшеліктер»



бет1/4
Дата19.12.2021
өлшемі41,76 Kb.
#103430
  1   2   3   4
Байланысты:
-сериккуль отчет
1524156531-1, 1524156531-1, -сериккуль отчет

Баяндама: «PISA зерттеулерінің әдісімен есептерді құрастырудағы ерекшеліктер »

Қазіргі ақпарат заманында, күн сайын жаңалықтарға мұғалім қанық болып, сол ақпараттарды оқушының санасына беріп отыру қажеттілігі туындап отыр. 
Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімдеу мәселелері тұр, өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін жоғары кәсіптілік пен интеллектуалдық әрекеттерді қажет ететін жағдайларда заман талабына сай өмір сүріп, қызмет етуде. Осыған байланысты еліміздің он бес жастағы оқушыларының білім жетістіктерінің деңгейін анықтауға Қазақстан PISA – 2009 халықаралық зерттеуіне тұңғыш рет 15 жастағы оқушылардың білім сапасын анықтау үшін дәйекті ақпарат алу мақсатында атсалысты. Біздің еліміз үшін бұл бағдарламаға қатысуға білім берудің бақылау-бағалау жүйесін реформаландырудың қажеттігін ескертетін бірқатар факторлар, атап айтар болсақ қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі негізгі себеп болды.

Мен математика пәні мұғалімі болғандықтан, 9 сынып оқушыларына PISA тапсырмаларына қарай отырып, кейбір есептерді өзім құрастыруға тырысамын. 9 сыныпта оқушылар Ә.Н.Шыныбеков, Д.Ә.Шыныбеков Р.Н.Жұмабаев «Алгебра» және «Геометрия » кітаптарын оқиды.Осы кітаптарда берілген есептердің негізгі мағынасын қалдырып , есептерді өмірге байланыстыра құруды екі апталық «РISAхалықаралық зерттеуі аясында оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын дамыту» курсында үйрендім. Мұндай есептер оқушыға әрі түсінікті ,әрі қызық,әрі мағыналы. 9 сынып оқушылары қашықтықтан оқығандықтан ZOOM платформасымен сабақ өтілді.Оларға түсінікті болды және ұнады. Сабақтарымда қолданған бірнеше есептерімді ұсынып отырмын:





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет