Баяндама Тақырыбы: " Сыбайлас жемқорлық үшін құқықтық жауапкершілік"



бет3/4
Дата08.02.2022
өлшемі23,62 Kb.
#98090
1   2   3   4
Байланысты:
коррупция

367-бап. Пара беру
Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілетті адамға не оған теңестірілген адамға немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға не лауазымды адамға, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына жеке өзі немесе делдал арқылы пара беру –
параның жиырма еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Елеулі мөлшерде жасалған дәл сол әрекет –
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның отыз еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) ірі мөлшерде;
3) бірнеше рет
жасалған болса – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның қырық еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер оларды аса ірі мөлшерде немесе қылмыстық топ жасаса, –
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның елу еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескертпе.
1. Бұрын жасаған заңды әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін осы Кодекстің 366-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адамға сомасы немесе құны екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сыйлық беру, егер осы адам жасаған іс-әрекеттер (әрекетсіздік) алдын ала уағдаластыққа байланысты болмаса, қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.
2. Пара берген адам, егер оған қатысты осы Кодекстің 366-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адам тарапынан пара бопсалау орын алса немесе егер бұл адам құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органға пара беру туралы өз еркімен хабарласа, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет