Баяндама Тақырыбы: " Сыбайлас жемқорлық үшін құқықтық жауапкершілік"



бет4/4
Дата08.02.2022
өлшемі23,62 Kb.
#98090
1   2   3   4
Байланысты:
коррупция

368-бап. Парақорлыққа делдал болу.
1. Парақорлыққа делдал болу, яғни пара алушы мен пара берушіге олардың арасында пара алу және беру туралы келісімге қол жеткізуге немесе іске асыруға ықпал ету, –
параның он еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бірнеше рет не қылмыстық топ немесе адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол әрекет, –
параның жиырма еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Президент Қ.К.Тоқаев 2020 жылдың 6 қазанында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
Аталған Заңда мемлекеттік қызметшілерге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдаған өзге де адамдарға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне сыйға тартушының пайдасына әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін, егер мұндай әрекеттер аталған адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне кіретін болса сыйлықтарды сыйға тартуға жол берілмейтіндігі қарастырылған.
Заңның негізгі мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру болып табылады.
Заң құқықтық салдары ретінде құқықтық реттеудің жаңа құралдарын енгізу, құқық қолдану практикасында туындаған құқықтық олқылықтар мен коллизияларды жою, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның мәртебесі мен ұйымдастырушылық қызметіне қатысты мәселелерді реттеу арқылы сыбайлас жемқорлық көріністерінің жүйелі алдын алуды қамтамасыз етуді бөліп көрсеткен жөн.
Әлеуметтік-экономикалық салдар тұрғысынан Заңнан:
- сыбайлас жемқорлықты әлеуметтік-экономикалық даму факторы ретінде төмендету;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жолын кесу және салдарын жою;
- азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейту;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру күтілуде.
Заң теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет